[ Добавить материал ]

Физика пәнінен 10-сыныпқа арналған электронды оқулық 2 (ҚАЗ), (KAZ)
21.01.2003, 21:21

Физика пәнінен 10-сыныпқа арналған электронды оқулық 2

    Бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасы (СМБ) орта мектептің және физиканы тереңдетіп оқытатын арнайы мектептердің 10-сыныбының оқушыларына арналып жасалған. Бағдарламаны дайындаудағы қойылған негізгі мақсат - ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, жаратылыстану жөніндегі іргелі ғылымдар қатарына жататын физика ғылымының негіздерін жас жеткіншектерге орта мектеп бағдарламасының ауқымында терең түсініп, игеруге мүмкіндік жасау.

Бұл мақсатқа жету жолында мынадай мәселелерді шешуге тура келді:

-Баяндалатын тақырыпқа теориялық түсінік беретін қысқа мәтін даярлау;

-Баяндалатын тақырыптың ішкі мазмұнын ашып көрсететін интерактивті суреттер, анимациялық және мультимедиалық материалдар даярлау;

-Тақырыптың материалдарын қаншалықты сәтті игергенін оқушылардың өздеріне тексеруге мүмкіндік беретін интерактивті тесттік бағдарламалар даярлау;

-Физика ғылымының қалыптасу жолынан, физик-ғалымдардың өмірінен мағұлматтар беретін тарихи материалдар, анықтама материалдар және қазақша-орысша физикалық сөздік даярлау. Осы аталған мәселелер бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасында белгілі деңгейде шешімін тапты.

   Бұл сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасының мазмұны Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі бекіткен орта мектептерге арналған типтік оқу бағдарламасымен толық сәйкес келеді. Бүкіл материалдар жеті модульға бөлінген. Ол модульдердің мазмұны физиканың "Молекула-кинетикалық теорияның негіздері", "Газ тәріздес, сұйық және қатты денелердің қасиеттері", "Термодинамика негіздер", "Электр өрісі", "Тұрақты тоқ заңдары", "Магнит өрісі" және "Әртүрлі орталардағы электр тогы" деген тарауларына сәйкес келеді.

   Әрбір; модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттерден, анимациялық және интерактивті мультимедиалық материалдардан, есеп шығару үлгілері мен өз бетінше шығаруға арналған есептерден, зертханалық және бақылау жұмыстарынан тұрады.

   Анимациялық және интерактивті мультимедиалық материалдар сәйкес құбылыстың мәнін түсіндіретін қосымша мәтінмен және аудиотүсінікпен толықтырылған.

   Бағдарлама шығарған есептердің дұрыстығын тексеруге, ал ол тіпті қиыншылық туғызған жағдайда жауабын қарап көруге мүмкіндік береді. Бақылау жұмысы тест түрінде алынады. Тесттің соңында жауап беруге жұмсаған уақытыңыз жөнінде, дұрыс жауабын тапқан және жауап беруде қиындық туғызған сұрақтар жөнінде толық есеп аласыз.

   Интерактивті мультимедиалық материалдар қарастырып отырған үрдістің параметрлерін қалауымызша таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл, оқушыларға осы бағдарламаны игеру барысында тек енжар бақылаушы болып қана қалмай, сонымен қатар қарастырып отырған құбылысты белсенді игеруге мүмкіндік береді.

  Зертханалық жұмыстар, оқушыларға игерген теориялық білімдерін, ғылыми ізденістің элементтерін пайдалана отырып, нақтылы физикалық құбылыстарды зерттеуге қолдануға үйретеді.

   Қандай модульдің материалдарын оқып үйреніп жатқаныңызға қарамастан, кез-келген қажетті анықтамалық материалдарды, тарихи мағлұматтарды қарап көруге және басқа модульдің есептері мен бақылау жұмысын орындауға, қажет болған жағдайда басқа модульге өтуге мүмкіндігіңіз бар.

   Сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасының тілі жатық, ал құрылымы оқып үйренуге ыңғайлы. Оның негізіне бүгінде көпшілікке кеңінен таныс интернет-технологияның элементтері алынған.

  Бұл оны мектеп бағдарламасымен қатар, компьютері бар кез-келген адамға физиканы өз бетімен оқып үйренуге, жоғарғы оқу орынына түсуге дайындық кезінде де табыспен қолдануға мүмкіндік береді.

   Сауаттандырудың мультимедиалық бағдарламасы 7 қысқаша теориялық кіріспеден, 7 зертханалық жұмыстан, 65 анимациялық және интерактивті материалдан, 71 суреттен тұрады. Әр зертханалық жұмыс, анимациялық және интерактивті материал жазбаша және ауызша түсіндіріледі. Суреттерді басқанда көрінетін түсініктемелермен қамтамасыз етілген

Файл форматы: .exe
Жылы: 2002
Дәрі: керек емес, (кілтсөз, пароль сұрамайды)

Категория: Физика | Bekamaster Bekamaster
78Просмотров: 78 | Загрузок: 69 | <Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх