Физика оқулығы 10-сынып, ЖМБ, 1-бөлім, "Мектеп" баспасы 2019, Қазақбаева Д. М., Имамбеков О., Қыстаубаев Т., Кронгарт Б. А.

Әлемде ерекше ештеңе жоқ.

Ешқандай сиқырлық та.

Тек физика ғана.

 

Чак Паланик

Алғы сөз

      Құрметті оқушылар! Сендер физиканы, міне, үш жыл бойы оқып келесіңдер. Осы уақыт ішінде физиканың мектеп курсы бойынша барлық бөлімдерін дерлік қамтитын көптеген физикалық құбылыстармен таныстыңдар. 10-сыныпта білімдеріңді терендетіп, оларды тәжірибеде қолданудың мықты іргетасын қалау керек. Жаңа материалды оқу барысында оған сыни көзбен қарап, құбылыстың немесе заңның физикалық мәнін түсінуге тырысындар.

     И. Ньютон, Дж. Максвелл, А. Эйнштейн және басқа да әйгілі ғалымдардың еңбектерінің арқасында адамзат ақиқаттың шексіз теңізі жасырынған есікті сәл кеңірек ашып отыр. Дегенмен, қоршаған әлемнің біз білмейтін қаншама құпиясы бар!

      Әлемнің құпияларын табу өте қиын әрі қысық. Бірақ табиғат заңдылықтарының көркемдігі мен үйлесімділігін ұғынып, сондай-ақ оның құпияларын ашуға тырысып жатқан адамзаттың ақыл-парасатының көлемі мен ұлылығын бағалай алу үшін сендер физика пөнінен қажетті білім алуға тиіссіңдер. Осы білімге жүйелі әрі көп еңбектену арқылы ғана қол жеткізуге болады.

      Ұсынылып отырған оқулықтың материалы ондағы көп нәрсені өздерің меңгере алатындай етіп құрылған. Ол үшін әрбір параграфтың басында түйінді сөздер және тақырыпты оқып болғаннан кейін үйренуге тиісті мақсаттар белгіленген. Параграфтың соңында ұсынылған сұрақтарға жауап беру арқылы сендер теориялық материалды қандай деңгейде меңгергендерінді анықтай аласындар.

       Өздігінен орындауға арналған сыни көзқарасты дамытатын және шығармашылық тапсырмалар айдарлары параграфтарда көк сызықпен белгіленген. Әрбір параграф пән бойынша білімдеріңді тереңдетуге септігін тигізетін “Шығармашылық шеберхана” тапсырмаларымен аяқталады, онда берілген есептер деңгейге бөлінген: *- орта деңгейлі тапсырмалар,**- күрделілігі жоғары тапсырмалар. Олардың арасында физикалық есептерді шешу үшін теориялық білімдерінді қолдана білу дағдыларыңды бекітуге арналған күрделілігі әртүрлі практикалық жаттығулар бар.

     “Шығармашылық шеберханадан" сендер физикалық құбылыстарды оқу кезінде өздеріңізде бақылағыштықты және шығармашылық тәсілдемені қалыптастыруға және дамытуға көмектесетін жаттығуларды да кездестіре аласыңдар. Кейбір тапсырмалар тәжірибелік және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдылары игерулеріңе бағытталған.

       Авторлар осы оқулық пәнді түсінуге және оны жақсы көруге, сонымен қатар, 10-сыныптың физика курсын оқу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектеседі деп үміттенеді.

Авторлар



 

Құрметті қолданушы!

Бұл оқулық Сloud.mail.ru сайтына салынған. Нақтырақ айтсақ, mail.ru порталы ұсынған "облако"- ға жүктелген, және де бұның тиімділігі жоғары, себебі, серверге жүктелген файлды шексіз уақыт сақтауға болады. 

Сloud.mail.ru сайтынан жүктеу тәсілі:

Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқулықты еш қиындықсыз өзіңіздің дербес компьютеріңізге жүктеп ала аласыз.



Назар аударыңыз!

P.S: Біздің сайт еліміздегі қазақша сайттар қатарын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді, яғни мақсатымыз ғаламтор желісіндегі бірден-бір қазақша үздік сайттар қатарына қосылу болып табылады. Сіз де қалыс қалмай файлдарыңызды бізбен бөлісуге тырысыңыз, ол үшін  "Құжат қосу" сілтемесіне өтсеңіз болғаны.

2


Добавлено: 26.03.2020, 00:50
0
178
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх