Алгебра және анализ бастамалары оқулығы 10-сынып, ЖМБ, 2-бөлім, "Мектеп" баспасы 2019, А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер

АЛҒЫ СӨЗ

       Сендер 10-сынып “Алгебра және анализ бастамалары” оқулығында тригонометриялық функциялардың графиктері және қасиеттерімен танысасыңдар. Функцияның графигіне түрлендірулер қолдана отырып, функцияның графигін салуды, график бойынша функцияға зерттеу жүргізуді, құрамында арксинус, арккосинус, арктангенс, арккотантенсі бар өрнектерді түрлендіруді, тригонометриялық теңдеулер мен олардың жүйелерін және тригонометриялық теңсіздіктерді, Горнер схемасын қолданып жоғары дәрежелі теңдеулерді шығаруды үйренесіңдер. Статистика элементтері туралы мағлұматтар бойынша білімдеріңді кеңейтесіңдер.

       Осы курста математикалық анализді қолданып математика есептерін шығарудың жаңа жолдарын, курстың әртүрлі бөлімдеріндегі есептерді шешу үшін қажет теңдеулер мен теңсіздіктерді, пәнаралық байланысқа қажетті математикалық білімдерді меңгересіңдер.

     Оқулық он тараудан және оқу жылының басында 7-9-сыныптардағы алгебра, оқу жылының соңында 10-сыныптағы алгебра және анализ бастамалары курсын қайталауға арналған жаттығулардан тұрады.

    Тараулар параграфтарға бөлінген. Әр параграфта өздігінен орындауға арналған тапсырмалар; параграфтағы негізгі ұғымдарды, теория мен онда қарастырылған мысалдарды игеруді қажет ететін өзіндік тексеру сұрақтары берілген.

     Оқулықтың әрбір параграфында А, В жөне С әріптерімен белгіленген үш деңгейлі жаттығулар ұсынылып отыр. Бірінші деңгейдегі жаттығуларды (А) барлық оқушылардың орындауы міндетті деп саналады. Екінші деңгейдегі жаттығулар (В) - орта деңгейдегі жаттығулар. Үшінші деңгейдегі жаттығулар (С), оның ішінде (*) белгісімен берілген жаттығулар дайындығы жоғары және математикаға қызығушылық танытқан оқушыларға арналған. А тобының жаттығуларындағы есептерді шығару дағдысын меңгеріп алған соң, В тобының жаттығуларын орындауға кірісу керек, С тобының жаттығулары оқушының қалауы бойынша орындалады. А, В, С топтарының жаттығуларынан кейін шешуі келесі параграфтың материалын меңгеруге септігін тигізетін қайталау жаттығулары ұсынылған.

      Жаттығулардың дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында оқулықтың соңында жауаптар берілген.

    Оқулық сендерге математиканы әрі қарай оқуда практикалық дағды мен дәлелдеулер жүргізу біліктілігін жетілдіруге, абстракциялық және логикалық ойлауды, интуицияны дамытуға көмектеседі.



1


Добавлено: 26.03.2020, 00:40
0
206
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх