Алгебра оқулығы 9-сынып, 1-бөлім, "Мектеп" баспасы 2019, А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер

АЛҒЫ СӨЗ

        9-сынып “Алгебра” оқулығында “Теңдеулер мен теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері”, “Сандар тізбегі” мен “Тригонометрия элементтері”, “Комбинаторика және ықтималдықтар теориясы” тақырыптары қарастырылған.

        Оқулық 32 параграфтан тұрады, әрбір параграфы теориялық материалды қолдануға арналған мысалдар және олардың шешімдері қарастырылған теориялық бөліктен тұрады. Теориялық материалды баяндау барысында өздігінен тұжырымдауға (дәлелдеуге) әкелетін кейбір тапсырмалар, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызатын Өзіндік бақылау сұрақтары берілген.

       Оқулықтың әрбір параграфында өткен материалды пысықтауға арналған жаттығулар үш деңгейде ұсынылып отыр. Бірінші деңгейдегі жаттығуларды (А) барлық оқушылардың орындауы міндетті деп саналады. Екінші деңгейдегі жаттығулардың (В) күрделілігі орташа. Үшінші деңгейдегі жаттығулар (С), оның ішінде (*) жұлдызшамен белгіленген жаттығулар, математикаға зерек және теориялық білімдерді шығармашылықпен қолдана алатын оқушыларға арналған. Сонымен қатар, оқулықта практикаға бағытталған тапсырмалар және электронды ресурстарды қолдануға арналған есептер қамтылған.

        Әр параграфтың соңында қайталауға арналған жаттығулар берілген. Мұндай жаттығуларды орындау барысында оқушылар келесі параграфтың материалын игеруге қажет материалды еске түсіреді. Әр тараудың соңында тест тапсырмалары берілген. Оқулық курс мазмұнына сәйкес глоссариймен толықтырылған. Жаттығулардың дұрыс орындалғанын тексеру мақсатында оқулықтың соңында жауаптар берілген.

Бойында табандылық пен еңбексүйгіштік қасиеттерді қалыптастырған оқушылардың математиканы игеруде жетістікке жететіні сөзсіз. Оқуда табыс тілейміз!

Авторлар

 

 

1


Добавлено: 10.03.2020, 22:31
0
164
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх