Геометрия оқулығы 9-сынып, "Мектеп" баспасы 2019, В.А. Смирнов, Е.А. Тұяқов

АЛҒЫ СӨЗ

     Осы оқулық 9-сыныпта геометрия курсын оқып-білуге арналып отыр. Сендер жазықтықтағы геометриялық фигураларды түрлендіру тәсілдерімен және олардың негізгі қасиеттерімен, векторлық әдіспен танысасындар, кесінділердің ұзындықтарын, бұрыштардың шамаларын, фигуралардың аудандарын табуға, дәлелдеуге арналған және т.б. есептерді шешуді үйренесіңдер.

     Оқулықтағы барлық материалдар тарауларға және параграфтарға бөлінген. Олар теориялық материалды, Өздігінен орындауға арналған тапсырмаларды, пысықтау сұрақтарын, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі есептер мен жаттығуларды қамтиды.

   Теореманы дәлелдеудің аяқталуы (#) белгісімен белгіленген. Оқулықтағы тапсырмалар мен жаттығулар күрделілігіне қарай:

     А - міндетті деңгей, В - орта деңгей, С -- жоғары деңгей деп берілген. (*) жұлдызшамен белгіленген параграфтар оқу бағдарламасына енбейтін ғылыми-танымдық және қолданбалы сипаттағы қосымша материалды қамтиды. Оларды негізгі сабақтарда немесе қосымша сабақтарда (үйірмелерде, таңдау курстарында және т.б.), сонымен бірге оқушылардың жобалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалануға болады.

     Әрбір тараудың соңында оқу материалдарын меңгеру сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген. Оқулықтың соңында есептердің жауаптары ұсынылған.

     Геометрияны оқып-білуде сәттілік тілейміз!

 



 

Құрметті қолданушы!

Бұл оқулық Сloud.mail.ru сайтына салынған. Нақтырақ айтсақ, mail.ru порталы ұсынған "облако"- ға жүктелген, және де бұның тиімділігі жоғары, себебі, серверге жүктелген файлды шексіз уақыт сақтауға болады. 

Сloud.mail.ru сайтынан жүктеу тәсілі:

Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқулықты еш қиындықсыз өзіңіздің дербес компьютеріңізге жүктеп ала аласыз.



Назар аударыңыз!

P.S: Біздің сайт еліміздегі қазақша сайттар қатарын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді, яғни мақсатымыз ғаламтор желісіндегі бірден-бір қазақша үздік сайттар қатарына қосылу болып табылады. Сіз де қалыс қалмай файлдарыңызды бізбен бөлісуге тырысыңыз, ол үшін  "Құжат қосу" сілтемесіне өтсеңіз болғаны.

1


Добавлено: 26.03.2020, 00:40
0
384
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх