Физика оқулығы 7-сынып, "Мектеп" баспасы 2019, У.Қ. Тоқбергенова, Б.А. Кронгарт

Алғы сөз

      Қымбатты жетінші сынып оқушылары! Осы оқу жылынан бастап “Физика” пәнін оқисыңдар. Сендер физиканың табиғат туралы қызық әрі пайдалы ғылым екенін білетін боласындар. Физика курсын бес жыл бойы зерделей отырып, оның| ғажайып және тамаша әлеміне жол ашасыңдар. Биылғы оқу жылында физикалық құбылыстарды сипаттайтын физикалық ұғымдар, шамалар және заңдар туралы бастапқы мағлұмат аласыңдар, механикалық қозғалыспен, денелердің өзара әрекеттесуімен, сұйықтардағы, газдардағы және қатты денелердегі қысыммен, статика элементтерімен, сондай-ақ оларды зерттеу әдістерімен танысасыңдар. Оқулықтан бізді қоршаған орта мен техника туралы пайдалы әрі қызықты материалдар табасыңдар.

      Оқулықтағы негізгі ұғымдар, анықтамалар, формулалар арнайы қаріппен ерекшеленіп немесе қарайтылып көрсетілген, ал тарихи-танымдық сипаттағы материал >> таңбасымен бөліп қөрсетілген. << таңбасымен ерекшеленген анықтамалық материалдарды есте сақтаған жөн. Оқулықта әртүрлі табиғи құбылыстарды, өлшеуіш құралдарды, мәшинелерді және т.б. көрсететін көрнекі материалдар өте көп. Оңулықты оқи отырып, баяндалатын материалды сипаттайтын суреттерге назар аударыңдар. Суретті және оның оқулықтағы сипаттамасын салыстырыңдар, бұл матерлалдың мазмұнын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Зерделенген материалдың мәнін түсінуге және алынған білімді практикада қолданып үйренуге тырысыңдар. Белгілі бір тақырыпты игергеннен кейін параграф соңында берілген сұрақтарға жауап қайтара отырып, материалды бекітіңдер.

       Физикада табиғи құбылыстарды зерттеудің негізгі әдісіне тәжірибе мен бақылауға негізделген экеперимент жатады.

      Сендер тәжірибе жасап, өз беттеріңше практикалық тапсырмаларды орындауды үйренесіңдер. Бұл - білім көзінің бірі.

          Әр параграф соңында есептер берілген.

      Есеп шығара білу өтілген матерпалды игеру нәтижесі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сендер зерделенген материалдар мен формулаларды пайдаланып есеп шығарып үйренуге тырысуларың қажет.

Оқуда жетістік тілейміз!

Авторлар



Құрметті қолданушы!

Бұл оқулық Сloud.mail.ru сайтына салынған. Нақтырақ айтсақ, mail.ru порталы ұсынған "облако"- ға жүктелген, және де бұның тиімділігі жоғары, себебі, серверге жүктелген файлды шексіз уақыт сақтауға болады. 

Сloud.mail.ru сайтынан жүктеу тәсілі:

Төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқулықты еш қиындықсыз өзіңіздің дербес компьютеріңізге жүктеп ала аласыз.



Назар аударыңыз!

P.S: Біздің сайт еліміздегі қазақша сайттар қатарын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді, яғни мақсатымыз ғаламтор желісіндегі бірден-бір қазақша үздік сайттар қатарына қосылу болып табылады. Сіз де қалыс қалмай файлдарыңызды бізбен бөлісуге тырысыңыз, ол үшін  "Құжат қосу" сілтемесіне өтсеңіз болғаны.

1


Добавлено: 25.03.2020, 23:01
0
385
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх