[ Добавить материал ]

Жай заттар мен оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар арасындағы генетикалық байланыс.
19.12.2015, 21:38

Мұғалімнің аты-жөні: Х.Битабарова
Сыныбы: 8 «А», «Ә»
Пәні: Химия
Қысқа мерзімді жоспар

 

 

№ 64 сабақ

 

 

 

Химия

 

 

Күні:

Сабақ тақырыбы:

  Жай заттар мен оксидтер, негіздер, қышқылдар және тұздар арасындағы генетикалық байланыс.

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 8 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж

Жалпы мақсаттар:

Күрделі заттар туралы қосылыстар арасындағы генетикалық

байланыс алпы ұғымды тереңдетіп, бейорганикалық туралы алған білімдерін жүелеп тереңдету.

Жай заттар мен оксидтер, негіздерді  түсіндеді, тапсырмалардвы орындау арқылы тақырыпты меңгереді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады

Күтілетін  нәтижесі

Күрделі заттар туралы қосылыстар арасындағы генетикалық

байланыс алпы ұғымды тереңдетіп, бейорганикалық туралы алған білімдерін жүелей алады

Жай заттар мен оксидтер, негіздерді  түсіндеді, тапсырмалардвы орындау арқылы тақырыпты меңгереді, топпен жұмыс істеуге дағдыланады

Сабақтың көрнекілігі

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,  интерактивті тақта,   маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар.  8-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі 

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен  сәлемдесу,  түгелдеу.
  • Оқушыларды  топқа бөлу 
  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Қызығушылықты  ояту

 

. Сұрақ – жауап

  1. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі
  2. Өршіткіш дегеніміз не?
  3. Бейтараптану реакциясы.
  4. Индикаторлар.
  5. Қалыпты жағдайда газдар қандай көлем алады?
  6. қандай индикаторларды білесіңдер?
  7. Қанның құрамына кіретін металл.
  8. Тұздардың жіктелуі.

Жаңа  сабақ

 

 

 

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа дайындығын қадағалау. Сабақ сайыс түрінде өтті. Оқушыларды 4 топқа бөліп, топ жетекшілерін сайлаймыз.

Топ жетекшілері өздері құрастырған тапсырмаларын айтады.

«Оксидтер» - тобы.            Үлгі, өнеге қалдырсақ артымызға,

                                                Сәлем бердік халайық жалпыңызға.

                                                Жеңіс деген біздерге сол емес пе,

                                                Беріктігін білдіріп салтымызға.

«Негіздер» - тобы.                Күшейтеміз химияның сапасын,

                                                Берер бізге болашақ ақ батасын

                                                Ғылымдардың негізгі бір саласы,

                                                Химиямыз мәңгі бақи жасасын.

«Қышқылдар» - тобы.        Терең білім алған соң арқасында,

                                                8 «А» сынып партасында

                                                Қанаттанып келеміз бізде міне,

                                                Ұстаздарды снайды халқы асылға

«Тұздар» - тобы.                  Білімді ұрпақ бұл мектепте екніңді,

                                                Көңілдері әрдайым көтерулі

                                                Дәлелдігін «Тұздар» тобы бүгін көпке,

                                                      Тобы жақсыны етер үлгі

IV. Әр топқа тапсырма.

Қышқылдық оксидтерді теріп жазыңдар:

 

    Екі негізді қышқылдарды теріп жазыңдар:

 

Суда ерітмейтін негіздерді теріп жазыңдар:

 

Орта тұздарды теріп жазыңдар:

 

V. Топтардың мақал – мәтелдер жарысы.

  1. Темірді қызған кезде соқ.
  2. Алтын – күміс тас екен, арпа – бидай ас екен.
  3. Жылтырағанның бәрі алтын емес.
  4. Темірсіз – халық, тұзсыз – тағам болмайды.
  5. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір
  6. Ақыл арылмас, алтын шірімес
  7. Алтынды еріте білмеген ірітер, теріні илей білмеген шірітер.
  8. Тылтықтың күмісін айтпа, тиісін айт
  9. Аспанда ай әкім болса, жердегі адамның әкімі күміс.

VI. Өзгерістерді жүзеге асыру.

  1.  
  2.  
  3.  
  4.  

VII. Сергіту – жұмбақтар шешу.

  1. Табылса бар там – тұмнан,

Қазір көп әрбір өлкеде

Қымбат болды алтыннан,

Қандай металл ертеден                           (Алюминий)

  1. Қыздырып соқсаң иеленеді,

Балға мен төстен именеді.                       (Темір)

  1. Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,

Буланбас қайнатсаң да, отынды үйіп

Көрсететін зат, құрал жасар соны құйып       (Сынап)

  1. Өзім темір, өзім шалбар,

Егер теріс қарай оқысаң,

Болармын бір қазба байлықтың,

Айтшы, мен сонда кіммін?        (Мыс – сым)

Тапсырмалар

Ерітінділерге есептер шығару. (кеспе – қағаздар)

«Оксидтер» тобы.

  1. Массасы 20г тұзды 180г суда еріткенде, түзілген ерітіндідегі тұздың массалық үлесін есепте.

 

«Қышқылдар» тобы

      2.    60 г суға 20 г ерітілді. Осы ерітіндінің массалық үлесі (%) қанша?

 

«Негіздер» тобы

 

  1. Тұздың массасы 100 г судағы ерітіндісін суалтқанда ыдыста 15 г тұз қалды.

            Ерітіндідегі тұздың массалық үлесін тап.

 

«Тұздар » тобы

  1. Массалық үлесі 10 % - тік ерітіндіні дайындапу үшін 100 г қантты неше грамм суға

      еріту керек?

Кім жылдам? Кестемен жұмыс

Әр топ кестеге өз формуласын жылдам теріп ілу керек.

 

Қышқылдар

 

Оттекті

Оттексіз

Бір негізді

Екі негізді

Үш негізді

 

 

 

 

 

 

 

 

Оксидтер

 

Қышқылдар

Негіздік оксид

Екідайлы оксид

 

 

 

 

 

 

Негіздер

 

Суда еритін

Суда ерімейтін

Екідайлы оксид

 

 

 

 

 

 

Тұздар

 

Орта тұздар

Қышқыл тұздар

Негіздік тұздар

 

 

 

 

 

Кейінгі  тапсырмалар

 

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы  оқушылар бағалау парақшаларына   критерий арқылы  бағалайды 

 

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта  не  үйрендім?  Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

 
Категория: Химия | Исабековна Исабековна
1907Просмотров: 1907 | Загрузок: 45 | 1907Комментарии: 1 | <Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 1
1 Elenasuimb  
With thanks! It's very good online site. See also my internet site

https://wiki.smpmaarifimogiri.sch.id/artikel/%D0%94%D0%BE%D0%B1%D1%8A%D1%80_%D0%94%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3_%D0%92_%D0%A1%D0%BE%D1%84%D0%B8%D1%8F_%D0%97%D0%B0_%D0%90%D0%BA%D0%BD%D0%B5 добър дерматолог софия

dd=+

Добавить комментарий


Наверх