[ Добавить материал ]

Алгебра және анализ бастамалары, Есептер жинағы, 10 сынып, А.Е.Әбілқасымова, З.А.Жұмағұлова, Л.У.Жадраева, 2014ж
07.04.2020, 17:12

КІРІСПЕ

 Бұл жинаққа жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арнап жазылған “Алгебра және анализ бастамалары” оқулығының (авторлары: А. Е.Әбілқасымова, З.Ә. Жрмағрлова, К.Д. Шойынбеков, В.Е. Корчевский) материалына сәйкес жаттығулар енгізілген.

Есептер жинағы аталған оқулықты толықтырып қана қоймай, оқушылардың теңдеулер мен теңсіздіктер және оның графигін салу, әр түрлі өрнектерді түрлендіру, функцияның мәндерін жуықтап есептеу дағдыларын қалыптастыру мен алған білімді жүйелеуге мүмкіндік береді. Жинаққа күрделілігі жоғары тапсырмалар енгізілген. Бұл мұғалімнің оқупроцесін ұйымдастыру мен математиканы тереңдетіп оқыту,сондай-ақ математика пәні бойынша элективті курс өткізубарысында есептер таңдауға көмегін тигізері сөзсіз. Өте күрделі есептер * таңбасымен ерекшеленген. Ұсынылып отырған оқу құралымен жұмыс істеу қолайлы болу үшін анықтамалық түрінде негізгі теориялық материалдар, атап айтқанда элементар функциялардың анықтамалары, теоремалары, графиктері және кейбір есептерді шығару алгоритмі мен негізгі формулалар берілген.

Құралға оқушылардың функцияның графигін салу дағдысын қалыптастырып жетілдіру, сондай-ақ функцияларды аналитикалық және графиктік түрде зерттеуді оқып-үйренуіне арналған практикалық жұмыстар ұсынылған. Бұл жұмыстар “Туындыны функцияларды зерттеуге қолдану” тақырыбы бойынша жалпылау тапсырмалары болып табылады және олардың оқу-танымдық рөлі зор.



Категория: Математика | Bekamaster Bekamaster
107Просмотров: 107 | Загрузок: 36 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх