[ Добавить материал ]

Алгебра және Геометрия пәнінен 11-сыныпқа арналған электронды оқулық (ҚАЗ), (KAZ)
02.10.2018, 18:56

11-сынып үшін «Математика» пәнінен электрондык оқулық

Жалпы білім беретін мектептердің 11 сыныбына арналған электрондық оқулық Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сай математикалық білім. біпік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.

Электрондық оқулықтың теориялық материалдары модулдік технология негізінде құрастырылған. Материалдар компьютердің мультимедиалық мүмкіндіктеріне байланысты дыбыспен, анимациялық бейнелермен көркемделген, динамикалық таблицалар мен сызбалар оқушының материалды қабылдауын жеңілдетеді.

Оқулықтардағы анимациялық материалдардың логикалық құрылымы орынды, материалды бергендегі тіл жеңіл, ғылыми негізді, яғни оқушыға жетімді деңгейде.

Тапсырмалар жеке тақырыптар бойынша жасалған, олар теориялық материалдарға сәйкес келеді.

Электрондық оқулықтарды көптеген есептердің шығарылу үлгілері берілген, осыған байланысты өздік жұмыстар құрастырылған, бұл алған білімін бекітуге көмектеседі.

Тақырып бойынша тестілеу сұрақтарының базасынан кездейсоқ таңдау әдісі арқылы бірін-бірі қайталамайтын тестілеу жұмыстары бойынша білімді бағалауға және жүйелеуге болады.

Электрондық оқулықта кез келген түсініктің, геометриялық фигураның, функцияның анықтамасын, қасиеттерін қайталауға, қолдануға мүмкіндік беретін алфавиттік глоссарий мен анықтамалар берілген.

Электрондық оқулықтарда математика сабағында пайдалануға да, үйде өз бетінше жұмыс істеу үшін де материалдар жеткілікті.

Файл форматы: .exe
Жылы: 2010
Дәрі: керек емес, (кілтсөз, пароль сұрамайды)

Категория: Математика | Bekamaster Bekamaster
489Просмотров: 489 | Загрузок: 169 | 489Комментарии: 2 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
1 Ансар Тәңірберген  
қалай жүктеймін, көмек керек!

2 Bekamaster  
0
"Жүктеу" батырмасын басасыз.

Добавить комментарий


Наверх