[ Добавить материал ]

Алгебра және Геометрия пәнінен 9-сыныпқа арналған электронды оқулық (ҚАЗ), (KAZ)
02.10.2018, 18:27

9-сынып үшін «Математика» пәнінен электрондық оқулық

Электрондық оқулықтың мазмұны сабақтың барлық негізгі кезеңдерін оқу материалымен қамтамасыз етеді, мұғалім мен оқушының жұмысында қолайлы, білім беру мазмұнының негізгі компоненттеріне сай келеді.

Электрондық оқулықтың негізгі тақырыптары өз ғылымилығын жоғалтпай логикаға сай жүйелі, тартымды оқушыларға қарапайым тілмен жеткізілген.

Электрондық оқулық математиканың алгебра, геометрия және статистика элементері мен ықтималдық теориясы тарауларын қамтиды.

Алгебрадан рационал көрсеткішті дәреже; теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелері; прогрессия: тригонометриялық өрнектер және оларды түрлендіру тақырыптары қарастырылған.

Геометриядан жазықтықтағы векторлар; фигураларды түрлендіру; Көпбүрыштар; стереометрия элементтері тақырыптары қарастырылған.

Статистика элементтері мен ықтималдық теориясы бойынша ықтималдықтың статистикалық және геометриялық анықтамасы; вариациялық қатарлар қарастырылған.

Электрондық оқулықта түрлі формулаларды мен ережелерді бекітуге 100-ге жуық тапсырмалар берілген.

Суреттік материал оңтайлы ұсынылған.

Осы электрондық оқулықтың көмегімен математиканы оқушыларға осы пәнді Стандартқа сай негізгі деңгейде меңгеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар әрі қарай тереңдетіп оқып үйренудің қажетті фундаментін қалайды.

Файл форматы: .exe
Жылы: 2010
Дәрі: керек емес, (кілтсөз, пароль сұрамайды)

Категория: Математика | Bekamaster Bekamaster
431Просмотров: 431 | Загрузок: 207 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх