[ Добавить материал ]

Математика пәнінен 3-сыныпқа арналған электронды оқулық (ҚАЗ), (KAZ)
11.04.2020, 16:01

Түсінік

   3-сынып «Математика» электрондық оқулығы (ЭО) 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша мектептің оқыту бағдарламасына сай жасалынған. ЭО оқушының математика пәні бойынша алған білім, білік, дағдыларын бекітуге, қайталауға және жинақтауға арналған. ЭО мазмұны математика кеңістігіндегі ақпараттық білім берудегі бір модульдік жүйемен, жанбітірімді түсіндірулері бар тақырыптар қамтылған:

«2-сынып материалдарын қайталау»

«Көбейту мен бөлу амалдары»

«Амалдардың орындалу реті»

«Көбейтудің ауыстырымдылық, үлестірімділік, терімділік қасиеттері» «Қосындыны санға көбейту және бөлу»

«Жай және күрделі теңдеулер»

«Қалдықпен бөлу»

«Геометриялық фигуралардың ауданы мен көлемі және олардың

өлшем бірліктері»

«Есеп шығару»

   Бұл модульдердің барлығы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Жаңа материалды түсіндіру жанбітірімдер, суреттер, кестелер, арқылы беріліп, оқушының жан-жақты дамуына септігін тигізеді. ЭО-тың негізгі бөлігіне интерактивті тапсырмалар жатады. Олар оқушының пәнге байланысты білім, білік, дағдыларының дамуына негізделіп жасалынған. Сол сияқты оқулықтағы тест арқылы оқушы өз білімінің нәтижесін тестілеу сұрақтарын орындай отырып көре алады. ЭО-ты тек оқушы ғана емес, мұғалім де сабақтарында дидактикалық құрал ретінде қолдана алады.

Файл форматы: .exe
Жылы: 2009
Дәрі: керек емес, (кілтсөз, пароль сұрамайды)

 

№1 - сервер

№2 - сервер

Категория: Математика | Bekamaster Bekamaster
89Просмотров: 89 | Загрузок: 34 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх