[ Добавить материал ] |
5-сынып. «Сауатты сөйлеу бастауы - отаншылдық». Қазақ тілі
20.10.2016, 13:58 | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: «Сауатты сөйлеу бастауы - отаншылдық» Сабақтың мақсаты: 1)модуль бойынша Отан туралы алған білімдерін жинақтау арқылы өз ойларын қазақ тілінде жеткізе білуге үйрету Күтілетін нәтиже: Отан, туған жер тақырыбына өз ойын еркін жеткізе алатындай сөздік қорының қалыптасуы. Сабақтың түрі: аралас. Сабақтың әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, іздендіру, ой қозғау көрнекілік. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, слайдтар, «Атамекен» әнінің үнтаспасы. Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, қазақ әдебиеті, саз, жағрапия Сабақтың барысы: А. Кіріспе бөлімі.
Сары түсті «акция» - 2, қызыл түсті «акция» - 3, көк түсті «акция» - 4, жасыл түсті «акция» - 5 деген бағамен бағаланады. Қызығушылығын ояту. - Балалар, сіздер қайда отырсыңдар? - Сіздер мектепке қайдан келдіңіздер? - Үйлеріңіз қайда орналасқан? - Ал, ауылымыз қайда орналасқан? - Батыс Қазақстан облысы қай мемлекетте орналасқан? - Әрине, Қазақстан Республикасында орналасқан. - Міне, балалар, Отан қайдан басталады екен? - Отан туған жерімізден, өз ауылымыздан, өз үйімізден, өз отбасымыздан басталады екен. - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деп аталады. Халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті білдіретін, біздерді отаншылдыққа тәрбиелейтін мақал – мәтелдермен танысамыз. - Олай болса, балалар, тақтаға назар аударайық. Дәптерімізді ашып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын жазып алайық. Слайд: Қазақстан Республикасының картасынан өз туған жерін тауып, картадағы көрінісіне тоқталу. Слайд: суретті сөзбен алмастырып, мақал-мәтелді оқы, мағынасын түсіндір. 1.Отан (оттан) да ыстық. 2.Туған жерге (туың) тік. 3.Туған жердің (күні) де ыстық, (түні) де ыстық. 4.Өз елің алтын (бесік). 5.Отанның алғысы – (жүректің) қуанышы. 6.Отансыз адам – ормансыз (бұлбұл) Сөздік жұмысы. Түсініктеме. «Отан» сөзі арабтың «ватан», яғни «өлке» деген сөзінен шыққан. Грамматикалық тақырып: Қосымша және оның түрлерін қайталау. 1.Қосымша нешеге бөлінеді? 2.Сөзге жаңа мағына беретін немесе мағынасын өзгертпей-ақ үстеме мағына беретін қосымша қалай аталады? 3.Жалғаудың неше түрі бар және оның атқаратын қызметі қандай? Мәтінмен жұмыс (оқып, қосымшасы бар сөздерге талдау жаса). Слайд: жазбаша тапсырмаларды орында. №1. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауды қойып жаз. «Отан» деген сөз...(т.с) күн сайын естиміз. Отан дегеніміз адам...(і.с) туып-өскен жер...(т.ж). Қазақ елі...(ж.с) тұратын адамдар...(і.с) Отаны – Қазақстан Республика...(т.ж). Адамның жақсы, бақытты өмір сүру...(т.ж) көп жағдайда Отан...(б.с) деген сүйіспеншілігі...(б.с) байланысты. Отаның...(т.с) сүйе білсе...(ж.ж) – атақ та, жұмыс та, құрмет те болады. №2. Сандарды әріптермен ауыстырып жаз. /20.25.1.18/ /28.34.38.18/ /20.25.15.1/ /25.28.24/ - /14.28.13.17.8.13.24.38.19/. « Отан үшін отқа түс – күймейсің» /8.16.7.38/, /20.25.1.18.7.37/ /24.28.13.8.25.38.18.7.38.5.38.19.7.38/ /24.21.11.3.8.18/ /8.17.8.24/, /38.24.22.8.18/ /7.2.16.8.16.7.8/. «Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде» /Б.Момышұлы/ №4. Мақал-мәтелдердің аудармасын тауып, мазмұнын түсіндіріңдер.
Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды. Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды, Тірі адамға – сол қайғы, Білесің бе, Отанның сен не екенін? Екі Отан жоқ, Жалғыз Отан – мекенің!- деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай Отанымыздың жалғыз екенін ұмытпайық. Сабақты бағалау. Сабақ соңында жерлес ақын – сазгерлеріміз Қ.Мырза Әли мен Е.Хасанғалиевтің сөзі мен әніне жазылған «Атамекен» әні орындалады. | ||||||||||||||||||||||||||
81Просмотров: 81 | Загрузок: 1 | |
Всего комментариев: 0 | |