[ Добавить материал ]

7-сынып. ҮІІІ тарау.Желілілер типі. Шеміршекті балықтар класы
19.10.2016, 02:38
7 - сынып Күні:
Сабақтың тақырыбы ҮІІІ тарау.Желілілер типі
§51. Шеміршекті балықтар класы
Мақсаты Шеміршекті балықтар туралы оқушылардың білімдерін кеңейту
Күтілетін нәтиже А.Шеміршекті балықтардың мекен ортасын,түрлерін біледі біледі
В.Отрядтары мен олардың құрылыстарының сипаттамасын, ерекшеліктерін түсіндіре алады
С.Шеміршекті балықтардың табиғат пен адам өміріндегі маңызын бағалай алады
Керекті жабдықтар Оқулық, «Биология» 7 сынып, авторы:
Қ.Қайым,
Р. Сәтімбеков,
интерактивті тақта,презентация,  жұмыс дәптері, интернет желісі, бейне жазба (www.youtube.ru) 
Қолданылған әдістер Топтық. «Менен сұрақ,сізден жауап», «Қара жәшік», «Лабиринт», «Балықшы» ойыны, «екі жұлдыз,бір ұсыныс» ,бармақ көтеру арқылы өзара топтық бағалау
Тапсырмалар №2 ынтымақтастық атмосферасын құру, №3 оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты
минут
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 3 1.Ұйымдастыру
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа аудару;
- Оқушыларды топқа бөлу «Өз түсіңді тап» әдісі арқылы 2 топ жасақталады
1.Үстелде ретсіз орналасқан ойын картасының арасынан әр оқушы карта таңдайды
2.Қара түсті карта алғандар бір топқа,қызыл түсті карта суырғандар бір топқа бірігеді
Ескерту! Оқушылар бір-бірінің түсін ыммен немесе картасымен түстес киімді ұстау арқылы табады
- мұғаліммен сәлемдесу;
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу;
- үй тапсырмасын қайталау;
Тұсаукесер 10 2. Үй тапсырмасын тексеру: сайыс түріндегі сабақ. Алғашқы кезең «Менен сұрақ,сізден жауап»-мұнда әр топқа 15 сұрақтан қойылады. (сұрақтар қайталанбайды) дұрыс жауапқа 1 ұпайдан, ойлануға 30 секунд.Жауап табылмаған жағдайда қарсылас топ жауап бере алады,ұпай беріледі.
АБҚ оқушыларға деңгейлік тапсырмалар тарату (перфокарта және сөзжұмбақ) және маршруттық карта беру.
Бейне жазба корсетіледі: «Шеміршекті балықтар класы» тақырыбында
Топтар бірлесе отырып жауап береді.
АБҚ оқушылар тапсырмаларын орындайды,маршруттық карта бойынша жұмыстанады,бағалау критерийлері арқылы өзін-өзі бағалайды
Негізгі бөлім 20 3.«Қара жәшік» әдісі. Мұнда жәшіктің ішіне өткен омыртқасыздар тақырыбы бойынша «Қиқоңыз» жасырылады. Мұғалім көмек ретінде мәлімет немесе сипаттамаларын айтады,ал оқушылар сол арқылы жәшік ішіндегі тіршілік иесін табу керек.Жауабын дұрыс тапқан топқа 10 ұпай (Жәндік табылған соң омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың  ұқсастығы  мен айырмашылығын саралап шығу сұралады)
4. «Лабиринт» кезеңінде белгілі ретпен жазылған сандар мен әріптер түріндегі жұмбақ беріледі. (оқулықтың белгілі бір беттеріндегі сөздерді) Сол сөздерді табуда бағыт беру,ережесін түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге 2 ұпай беріледі
Оқушылар топтасып «Қара жәшікте» жасырылған ағзаны тауып,оның омыртқалы жануарлармен ұқсастығы мен айырмашылығын толық айтып шығады.
«Екі жұлдыз,бір ұсыныс» арқылы өзара топтық бағалау жүргізеді  
«Лабиринт» кезеңінде жұмбақ сөздерді табу арқылы шеміршекті балықтардың басқа да тіршілік иелерімен ұқсастық белгілерін айтып береді
Қорытынды 9 5.«Балықшы» ойыны арқылы сабақты қорытындылау: оқушыларға тал,жіп,сым береді.Оқушылар берілген құралдан балық аулайтын қармақ жасап,үстел үстінде жүзіп жүрген жасанды балықтардың ілмегінен іліп алу керек.Содан соң ондағы сұраққа жауап береді. (тақырыпқа қатысты) әр ұсталған балыққа 2 ұпай және әр дұрыс жауапқа қосымша 3 ұпай Әр топ «Балықшы» ойынына белсене қатысады,қармақты өздері қолдан жасап, балықтарды аулап,ондағы сұрақтарға жауап береді.
«Бармақ» көтеру арқылы өзара топтық бағалау
Өтілген сабақ бойынша оқушылар өз ой-пікірлерін айтып өтеді
Үй тапсырмасы 3 10 сұрақтан тұратын тест дайындау,тақырыпты қайталау. Жаңа сабаққа дайындалып келу (өз бетімен мәтінін оқып келу) Үй тапсырмасын  тыңдап, жазып алады.
Категория: Биология | Bekamaster Bekamaster
80Просмотров: 80 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх