[ Добавить материал ]

Арыстандай айбатты
12.04.2020, 01:12

   Арыстандай айбатты,

  Жолбарыстай қайратты -

  Кырандай күшті қанатты.

  Мен жастарға сенемін!

  Көздерінде от ойнар,

  Сөздерінде жалын бар,

  Жаннан қымбат оларға ар,

  Мен жастарға сенемін!

    Қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны - Мағжан Жұмабаев ағамыз келешек ұрапағына үлкен сенім артып,қазақ жастарының болашағынан жарық сәулені күте қараған. Бабаларымыздың көксеген бар арманы келер жастардың көкірегі ояу, санасы биік, білімі терең болуы еді. Ата үмітін ақтай білген, оқу білсем, көрсем деп ілгері ұмтылған жас талаптар, бүгінде,ата арманының шыңына шығып келеді.

Қазіргі таңда ресейлік жоғарғы оқу орындарында он жеті мыңға жуық қазақстандық ұл - қыздарымыз білім нәрімен сусындануда. Бүгінде Мәскеу, Санкт- Петербург, Екатеренбург, Астрахань,Уфа, Самара, Қазан, Омск қалаларындағы қазақстандық студенттердің басым бөлігі елімізде негізгі сұранысқа ие болатын салаларда білім алуда.

Дамыған 50 елдің қатарына кіру туралы Елбасы стратегиясын іске асыру жұмысында ең қажетті мамандықтар инновациялық менеджмент, биотехнология, мұнай химиясы, ғарыш, ақпарат, телекоммуникация технологиялары, медицина, мәшине жасау, сәулет және басқа да салалар бар. Қазіргі кезде Ресейде қазақстандық студенттердің қомақты үлесі бюджеттік негізде білім алуда, соның ішінде Қазақстан Республикасы президентінің «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан жастарымыз да бар. Жоғарғы білім алу мақсатымен Ресей Федерациясына келіп жатқан осы бағдарлама степендиаттарының саны жыл санап өсіп келеді. Қазақстан Республикасының үкіметі «Президент балапандарының» Ресейде білім алу және өмір сүрулеріне барынша қолайлы жағдай жасауға талпынуда. Осы мақсатты көздей отырып, 2007 жылы «Болашақ» бағдарламасы мүшелерінің шәкіртақы көлемін көбейту шаралары және «Халықаралық бағдарламалар мен «Болашақ» шәкіртақы студенттерінің орталығы» АҚ - ның ашылуы маңызды қадамдардың бірі болды.

Елміз үкілеген жастарымыз тек білімімен ғана танылып қоймай, өз Отанының тарихын, ата-бабаларының салт-дәстүрін, атақты адамдарын, әдебиет пен өнердің шоқ жұлдыздарын, дарқан даласы мен асты да, үсті де байлыққа тұнып тұрған киелі топырағын, ділін, дінін әспеттеу арқылы да көзге түсіп жүр.Елі жайлы сұрағанда іркілмей айтып, береке бірлігі жарасқан халқы туралы сұрағанда нақты дәйектермен мағлұмат беріп, ділі мен тілін қадірлеудің үлгісін танытып сол арқылы өзінің ой-өрісін көрсетіп, қызыққан жанды сүйсіндіреді.

 Тасқыны қатты, тегеуріні берік ұлттық сезім-селі ширатыла шыйрығып тұрған жеткіншек жастар сабақтан бос уақыттарын заяға кетірмей, түрлі қоғамдық жұмыстар мен мәдени іс - шараларға арнайды. Бұл шаралардың өткізілуіне ұйытқы болып, студент жастардың басын біріктіруге «Ресей жоғарғы оқу орындарындағы қазақстандық студенттері бірлестігінің» айтарлықтай ықпалы бар.

Ата-Заңымызда мемлекеттік мәртебе берілген тілдің рөлі қашан да жоғары болуы тиіс.

Елін сүйген, өз Отанының патриотымын деп санайтын әр жас, әсіресе, қазақтың ұл-қыздарының ана тілін бір кісідей білуі парыз да қарыз. Бұл туралы студент жастарымыз бір сәт те естен шығарған емес. Жаңа жыл қарсаңында Мәскеу қаласындағы Қазақстан Республикасының елшілігінің резиденциясында «Қазақстан - Отаным, қазақ тілі - ана тілім» атты қазақ тіліне арналған кеш өтті. Кешке қатысушылар «Атамекен», «Бірлік» және «Ұшқын» атты үш топтан құралды.Бірінші топ Санкт-Петербург қаласында «Болашақ» бағдарламасымен білім алып жүрген студенттер, екінші топ Мәскеу қаласындагы «Болашақтықтар» және үшінші топты Мәскеу қаласындағы жогаргы оқу орындарына өз күштерімен жеке білім алып жүрген қазақ жастары құрады. Кешке қазылық етуге «Қазақ тілі» қоғамдық ұйымының басқарма мүшесі – Тұрсынай Оразбаева,философия ғылымдарының докторы, РУДН Гуманитарлы және әлеуметтік ғылым факультетінің шет тілдері кафедрасының доценті - Бахтикиреева Ұлданай Мақсұтқызы,Мағауия Ысқақов секілді аға-апаларымыз қатысты. Кештің өткізілуіне үлкен үлес қосып, басы- қасында қарлығаштай шырылдап жүгіріп еңбек еткен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ- ның ТМД- дагы өкілдікің директоры - Шайкенова Лидия Алексеевнаның бейнеті зор! Кеш өте қызықты өтті, қазылар алқасы, қатысушы жастар да, тамашалауға келген қауым да үлкен ғанибетке енді.Бәрі де сол бір шақтарда өздерінің өзге ел жерінде жүргенін ұмытып, өз елінің төрінде жүргендей күйге түскендерін мойындады.

 Жан- жақты жетілген жастарымыз спорттық ойындарды да назардан шығармайды. Футбол, хоккей, көркемдік гимнастикадан өткен түрлі жарыстарда еліміздің көк байрағын биікте желбіретіп, қандас спортшыларымызға қолдау көрсетуден де құр қалмайды.

 «Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл» демекші, халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымызды құрмет тұтқан, мереке-мейрамдарын сүйе білген жас кауым өзге елдің жерінде жүрсе де, өз еліміздегілерден де асқан белседілік таныта отырып тойлайды.

 Қарым-қабілеті мықты, жігер-күші жоғары, білімі мен білігі биік жастар болашақта елдің өркендеуіне өз үлестерін қосатыны, осы жастар күні ертең азамат болып шыққан соң көзқырын салғандарға әр кез ілтипат танытып, кейін өздері де сондай үрдіске ұйытқы болары күмәнсіз.Отанымыздың қарыштап дамуына, қарқынды іс қимылына өз үлестерін қосатындары да сөзсіз.

Дамыған елдерде білім алуға қойылатын талап жоғары, талғам биік. Оған қайыспай төтеп берем деген жастар өз күшіне, жан-жақты алған біліміне, ой-өресіне, биік білігіне сенуі тиіс.

Категория: Қазақ тілі мен әдебиеті | Bekamaster Bekamaster
73Просмотров: 73 | Загрузок: 1 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх