[ Добавить материал ]

3-сынып. "Құстардың ұя салуы" Қ.Елемес.
19.10.2016, 14:22
Сабақтың тақырыбы
 
Құстардың ұя салуы        Қ.Елемес.
Мақсаты

 
Бұрынғы алған  білімдерін еске түсіре отырып, құстар мен олардың жұмыртқалауы, ұя салуы жөнінде  мәлімет алады.
Алған білімдерін өмірде қолдануды үйрету.
Топта, жұпта жұмыстануда ұйымшылдыққа икемделіп, өз білімдеріне қорытынды жасай алады.
Күтілетін нәтижелер

 
 
  • Мәтінді пысықтап, талдап, жүйелейді.
  • Құс туралы бұрыннан білетін мағлұматтарын пайдаланады.
  • Алған білімін өмірде қолдана біледі.
  • Өзіндік тапсырмалармен  жұмыстана алады.
      -     Топтық ережені есте ұстайды..
 
Сабақтың түрі Аралас  сабақ
Тапсырмалар  Ертегі, аңыз айту,  мақалдар жазу, деңгейлік тапсырма орындау
Керекті жабдықтар

 
Б. .И.Иманбекова «Әдебиеттік оқу» оқулығы,  Қ. Елемес портреті, суреттер, кестелер, қарындаш, түрлі – түсті қарындаштар
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті

Кіріспе

 
Психологиялық дайындық.
«Табиғат аясындағы саяхат» тренингі

Үй тапсырмасын тексеру.
«Жоғары және төмен мәртебелі сұрақтар»
1.Бүршік жарық дүниеге қалай келді?
2.Айналадағы әдемілікті Бүршік қалай түсінді?
3.Бүршіктің пайда болуынан табиғаттың қандай заңдылығы байқалады?
4.Мәтінде табиғат пен Бүршіктің көңіл-күйі қалай суреттелген?
5. «Көктемде тіршілік атаулы оянады» дегенді қалай түсіндіресің?
6.Бүршіктен басқа қандай тіршілік иелерін білесің?
 Балалар көңілдене түсіп, психологиялық ахуалы көтеріледі.

Оқушылар өткен сабақты қорыта сұрақтарға жауап береді.
 
1 2 3
4 5 6

 Әр сұраққа жауап айтылғанда оның артынан суреттің қиығы көрінеді, оқушы ол суреттің не болу керектігін тауып көреді.
Сурет: Ұя
Тұсаукесер


 
   «ББҮ» стратегиясы
 
Білдім Білгім келеді Үйрендім


 
   
 Құстар туралы олардың ұя салуы жөнінде білетіндерін еске түсіреді.
 
Негізгі бөлім



 
Оқулықпен жұмыс
1.Мәтінді тізбектей оқып, әр абзацқа тоқтала түсіндіру.
2.Қ. Елемес туралы мәлімет беріледі.
3.Рөлге бөліп оқу.

Топтық жұмыс
І топ:
  Құс патшасының ұя салуға ең жақсы жер деп айтқан өсиетін айтып бер.

ІІтоп:
 Қарлығаштың ұясының кемелді болып шығуының себебін түсіндір.



ІІІ топ:
 Ертегідегі құстардың өсиетті тыңдауынан қандай қорытынды шығарасың.

«Алтын сандық» тартуы
Шөпшек – шөптің қураған қиқым-сиқымы.
Бүрген – қурай тектес өсімдіктің бір түрі.
Дөдеге-киіз үйдің сыртын  айналдыра үзік  етегіне  салатын,жалпақтығы  сүйем  не  қарыс  әшекейлі  киіз.
Кемелді-толық  жетілдірілген.

Деңгейлік   тапсырма.
А деңгей:
Мәтіндегі диалогты сөйлемдерді тап,оқы.
В деңгей:
Бүгінгі мәтіндегі өзіңе ұнаған кейіпкерді ата. Неліктен түсіндір,
С деңгей:
Ертектегі құс патшасы кім болуы мүмкін деп ойлайсың?  Неліктен?

Ойын: «Кім білгіш?»
Суреттегі құстардың қай жерге ұя салатынын тауып топтастырады.

«Сен білесің бе?» айдарында жұмыртқа туралы жаңа түсінік беріледі.





Ойын: «Кім тапқыр?»
Бейбітшілік құсы ...    Құйрығы айыр құс ...
Адалдық белгісі ...   Жылтырға үйір құс ...
Орман емшісі ...    Қыран құс ...

Оқушының оқу шапшаңдығы, дауыс эмоциясы ескеріледі.

Автордың өмір жолы мен шығармашылығы жөнінде мағлұмат алады.


1-ші топ:
  Ең жақсы жер үйлердің дөдегесі мен бөренесінен салынған ұя.
2-ші топ:
  Ұяны ту құйрық араласқан лаймен лайлап, қабырғасына шөп-шалам қалап, оның ішіне жүн-жұрқа   мен мамық төсейді. Ұя әрі шыдамды, әрі жылы болады.

3-ші топ:
Оз ойларын ортаға салады.


Дәптермен жұмыстану.
Мәтін барысында кездескен жаңа сөздерді жазып алады.







Алтынбек, Айсана, Анель, Дариға орындайды.

Арна, Амина, Аяна, Шынар орындайды.

Диас, Еренбақ, Сания, Жанерке, Асылжан жазады.



Құстар ұясының алуандығына тағы да көз жеткізеді.

 Жұмыртқа
1.сипаты
2.пайдасы.
3.қолданылуы
4.дәлелі
5.ұя салынуы
6.қосымша түсінік


Тез табылған сөздер тақтаға жазылады.
Көгершін, қарлығаш, аққу, сауысқан, тоқылдақ, бүркіт.
 
Қорытынды



 
-Сонымен, біз немен айналыстық, не үйрендік?
-Қорытынды сөзге не айтасың?
Бағалау.
Оқушыларға өздерін өздері бағалау ұсынылды. Қаншалықты  шынайы бағалайтындарын сырттай бақылаймын

Үй тапсырмасы      «Құсты қорғау әр адамның міндеті» тақырыбында  эссе жазып келу.
Қосымша сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың қорытынды сөзін шығарады.

Оқушылар өз-өздерін бағалады. Себебін түсіндірді.


Оқушылар күнделігін ашып, үй тапсырмасын жазып алды.
Категория: Бастауыш сыныптар | Bekamaster Bekamaster
74Просмотров: 74 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх