Сабақтың тақырыбы
|
Тұрлаулы мүшелерді қайталаймыз. |
Мақсаты
|
Тұрлаулы мүшелер туралы берілген білімді қайталау.
Сөздік қорын, грамматикалық сауаттылығын арттыру.
Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың байланысын таныту.
Берілген сұрақтарға толық жауап беруге дағдыландыру.
Алған білімдерін өмірде қолдандыру. |
Күтілетін нәтижелер
|
- бастауыш пен баяндауыш туралы бұрыннан білетін мағлұматтарын пайдаланады.
- алған білімін өмірде қолдана біледі.
- өзіндік тапсырмалармен жұмыстана алады.
- топтық ережені есте ұстайды..
|
|
|
Керекті жабдықтар
|
Ж.Қ.Балтабаева «Қазақ тілі» оқулығы, суреттер, кестелер, қарындаш, түрлі – түсті қағаздар т.б. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
Кіріспе
|
Психологиялық дайындық.
Оқушылар екі топ болып тізіліп,ақ парақтан ұшақ жасап, бір қанатына үй тапсырмасының бір сұрағын жазады, екінші қанатына тілек жазып қарсы бетке ұшырады. Әрбір оқушы өздерінің алдына түскен ұшақты алып, ішіндегі сұраққа жауап беріп, тілектерді оқып шығады.
Топқа бөлу.
Оқушыларға «бас» пен «аяқ» сөздері жазылған парақтар үлестіріледі. |
Балалар көңілдене түсіп, психологиялық ахуалы көтеріледі.
Әр оқушы ұтымды сұрақ пен жақсы деп таныған тілектерін атап шығады. Ол сұрақ пен тілек иесіне қол шапалақтап, формативті түрде бағалайды.
Парталарда адам басы мен аяғы салынған суреттер тұрады, сол суреттерге сай оқушылар өз орындарын табады. |
Тұсаукесер
|
«Кім тапқыр?» ойыны
Активостудиодан құстар дауысы естіледі.
Дауысынан анықтап, құстар үнін ажыратады.
-Қаңқылдайтын не?
-Қаз не істейді?
-Құстар үнін қай мезгілде көбірек естиміз?
-Ендеше, осы мезгілге сай бірнеше тапсырма орындап жіберейік.
|
Балалар бір сәт сергіп қалады.
-Қаз
-қаңқылдайды.
І топ: «Шуақты көктем» атты эссе жазады.
ІІ топ: көктем туралы төрт жол өлең құрайды.
|
Негізгі бөлім
|
-Балалар, тағы да көңілімізді мына дыбысқа аударайық.
(жаңбырдың жаууы естіледі.)
-Ал, жаңбырдан соң не болады?
-Ол туралы Қ.Мырза Әли атамыз не айтқан екен, соны оқылық. Ол үшін оқулығымыз- дың 92-бетін ашайық.
Топтық жұмыс
І топ:
Суреттер бойынша «Кім не істеді?» сұрағына жауап жаз.
ІІтоп:
Тиісті жерге сызықша қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Деңгейлік тапсырма.
А деңгей: Алтынбек, Айсана, Аяна, Дариға орындайды.
Сөздерді сұрақтарымен сызық арқылы қос.
В деңгей: Арна, Амина, Анель, Шынар орындайды.
Бастауышқа баяндауыш тіркеп, сөйлем құрап жаз.
С деңгей: Диас, Еренбақ, Сания, Жанерке, Асылжан жазады.
Берілген сөздерден сөйлем құра.
Болды, көктем.
Келе, құстар, бастады
Шынар, бақылады, келуін, құстардың
Ойын: «Кім зейінді?»
Жақша ішіндегі сұрақтарға жауап тауып, орнына қой. Сөйлемдерден тұрлаулы мүшелерді тап.
|
1.Табиғатты кімге теңеді?
2.Жаңбырдан кейінгі табиғатты суретте.
1-ші топ:
Орманшы орманды қорғайды. Құрылысшы құрылыс салды. Дәрігер тіс емдейді.
2-ші топ:
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімне жасалса, онда бастауыштан кейін .... қойылады.
Ерсін ойнады.
Жаңбыр жауды. Кім?
Әли келді. Не істеді?
Шөптер көктеді. Не?
Жел тұрды.
не істеді?
Асқар ...
...
не істеді?
мысық ...
...
Қорытынды:
Бастауыш көбіне сөйлем басында келсе, баяндауыш сөйлем соңында жазылады.
Сондықтанда «бас» пен «аяқ» суретіне сай топқа бөлінген болатынбыз.
(Кім?) ағаштың басына қараторғайдың ұясын орнатты. Қараторғай ұяға (қайтті?) (Не?) ұяға жұмыртқа басты. Біраз уақыттан соң балапандар (қайтті?). Қараторғай балапан- дарға күні бойы қорек (не істеді?). (Нелер?) қанаттанды. Енді олар өздері (қайтеді?)
|
Қорытынды
|
-Сонымен, біз немен айналыстық, не үйрендік?
-Қорытынды сөзге не айтасың?
Бағалау.
Оқушыларға өздерін өздері бағалау ұсынылды. Қаншалықты шынайы бағалайтындарын сырттай бақылаймын
Үй тапсырмасы
- 5 – жаттығу 93 – бет
- 5 сұрақты тест құру.
- Ережені еске түсіріп, жаттап келу.
|
Қосымша сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың қорытынды сөзін шығарады.
Оқушылар өз-өздерін бағалады. Себебін түсіндірді.
Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алды. |
|