[ Добавить материал ]

4-сынып. Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы. Дүниетану
19.10.2016, 03:41
 Сыныбы 4 сынып
Тақырыбы Минералды сулар: Сарыағаш шипажайы.
Мақсаты Минералды сулардың шығатын орны мен пайдасы және сарыағаш шипажайы туралы білу.
Күтілетін нәтиже А) Минералды сулар және Сарыағаш шипажайы туралы толық мағлұмат алады. Минералды сулардың Қазақстанның қай аймақтарында бар  екенін  біледі.
В) Минералды сулардың шығатын орнын біледі.
С) Минералды сулардың адам ағзасына емдік қасиетіттерінің бар екенін дәлелдей алады, тұжырым жасай алады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Дүниетану оқулығы, 4-сынып. Алматы: Алматыкітап, 2011.
Аймағанбетова Қ.А., ИдиловаТ.С. Хаджиева Б.Л. 93-94 беттер
Методикалық нұсқаулық, дидактикалық материалдар,
флипчарт, «Сарыағаш шипажайы» youtube.com/watch?v=DM_aRCdImUk таныстырылым, үлестірмелі парақшалар, постер, маркер.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе


 
30сек





2мин











1 мин



5мин


 
Сәлемдесу,түгендеу.
Оқушылардың құрал-жабдықтарын тексеру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психалогиялық ахуал туғызу.










Топқа бөлу



Серпілген сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.
 
Оқушылар оқу   құралдарын түгендеп, мұғаліммен амандасады.



Оқушылар шеңбер құрып, бір-біріне суға қатысты тілектер мен теңеулер айту. мыс: Судай өтімді бол.
Судай таза бол.
Су сияқты шапшаң бол. Судай күшті бол. Су сияқты мөлдір бол. Денің қатты судай, мықты болсын. Су түбіндегі маржандай таза бол.


Конфеттерді таңдап алу арқылы топқа бөлінеді. Әркім өз тобына барып отырады.

Оқушылар дайындап келген сұрақтарын қалаған сыныптасына  қояды.
Тұсаукесер


 
30сек АКТ. "Сарыағаш" шипажайы туралы көрсетілім көрсету. Оқушылар "Сарыағаш шипажайы" туралы көрсетілімді тамашалап, талқылау арқылы сабақтың алгоритмін  ашады.
Дәптерлерін ашып жаңа сабақты жазып алады.
Негізгі бөлім




 
10мин







12мин




3мин
 
1. Үш қадамдық сұхбат.
І жұп оқулықты оқып талдайды.
ІІ жұп ресурсты оқып талдайды.



2. Әр топқа алған мәліметтері бойынша сахналау ұсынылады. (ертегі, көрініс)

3. Басбармақпен бағалау.
І топ "Минералды сулар және Сарыағаш шипажайы".
ІІ топ "Минералды сулардың адам ағзсына емдік қасиеті".
ІІІ топ "қазақстан аймақтарындағы минералды сулар мен шипажайлар."

3 топ алған мәліметтері бойынша ертегі не көрініс дайындап, көрсетеді.


Оқушылар "басбармақ" бағалау  арқылы, қарсы топтарының көріністерін бағалайды.
Қорытынды
 
5мин Ыстық орындық әдісі арқылы сабақты қорытындылау.


 
Оқушылар ыстық орындықтағы оқушыға сұрақтар қояды, ыстық орындықтағы оқушы маңдайындағы стикерде жазылған сөзді табу керек.
Үйге тапсырма 1мин Ғаламтордан тапсырма беру. Мәтінді оқиды, ғаламтордан шипажайлар жөнінде мәліметтер жинап келеді.
Бағалау 2мин




2мин
Критериалды бағалау.




Смайликтермен бағалау.
 
Оқушылар сабақ барысындағы білімдерін 1-3ке дейінгі балдармен бағалап, қорытынды жасайды.
Стикерге смайлик салып сабақтың қаншалықты әсерлі өткенін бағалайды.
Сабақтың талдауы Бүгінгі сабағымды шаттық шеңберінде оқушылар бір-біріне суға қатысты тілектер мен теңеулер айтып, сабаққ жақсы көңіл-күй тілеуден бастап, психалогиялық ахуал туғызып алдым. Содан кейін конфеттерді  таңдау арқылы топқа бөлдім. Үй жұмысында оқушылар дайындап келген сұрақтарын бір-біріне қойып, жауап алдық. Сұрақ қоюды өзім бастадым. Мен төмен деңгйлі оқушым Бекзатқа қойдым. Ол жақсы жауап берді. Сұрақты ары қарай Бекзат іліп алып, сыныптағы оқушылардың барлығы дерлік қамтылды. Серпілген сұрақтар арқылы тексерген үй жұмсым өте сәтті және қызықты шықты.Оқушыларым сыныптастырының берген жауаптары дұрыс болса тамаша, өте жақсы деген форматифті бағалауды менің ескертуімсіз айтып отырды. Тұсау кесерді АКТ-ны пайдаланып ғаламтордан "Сарыағаш" шипажайы туралы көрсетілімді тамашалап, кейін сұрақтар арқылы талқылап, жаңа сабақтың алгоритімін аштым.
Негізгі бөлімде "үш қадамдық сұхбат" әдісі арқылы жүргіздім. Топтағы І жұпқа  тапсырманы оқулықтан берсем, келесі жұпқа ресурс тараттым. Әр жұп оқып, талдап кейін қарсы жұптасымен ой бөлісті. Бұл жұмыста Айару, Дін-Ислам, Нұрәлі, Дамир, Еркебұлан сияқты оқушыларымның белсенділік танытқанын байқадым. Жұп болып жұмыстанған кезде бір оқушым Бекзатқа жұп жетпей қалуына байланысты оған екі жұпты қатар тыңдауын өтіндім. Осы жерде төмен деңгйлі бекзатым өте тамаша тыңдап, сабаққа белсене қатысып мәртебемді бір көтеріп тастады. Осы жұмыстан кейін оқушыларға осы түсінгендерінен, алған мәліметтерінен көрініс дайындауға тапсырма бердім. Негізінде әкеліп берген қосымша тапсырмам (ресурс) көрініс  не ертегі дайындауға ыңғайластырылған болатын. 1-топқа "Сарыағаш" шипажай, 2-топқа "Минералды сулардың адам ағзасына емдік қасиеті", 3-топқа "Қазақстан аймақтарындағы минералды сулар мен шипажайлар" туралы тапсырма берілді. 3 топта керемет көрініс, ертегі көрсетті. Атап айтсам "Сарыағаш" шипажайы туралы орташа деңгейдегі оқушым Дамир, төмен деңгейдегі Гүлжаһаным, Асланым және жақсы оқитын оқушыларымның бірі Қырымбегім өте тамаша көрініс көрсетіп, таң қалдырды. Келесі топ " Қазақстан аймақтарындағы минералды сулар мен шипажайлар " туралы ертегі көрсетті. Орташа деңгейдегі оқушым Асылхан асығыстық танытса, Еркебұлан, дарынды оқушым Айару өз рөлдерін тамаша орындап шықты. ал төмен деңгейлі оқушым Дария басында абдырағанымен соңына қарай ойын жинақтап, ертегі басында сәтсіздеу шыққанымен соңына қарай ойларын жинақтап түсіндіре білді. Ал 3-топ телеарнадағы сұхбатты бейнеледі. Олар "Минералды сулар мен газдалған сулардың пайдасы мен зиянын" көрсете білді. Дарынды оқушым Нұрәлі, Алтынай өз бейнелерін керемет сомдай білді, ал төмен деңгйлі оқушым Бекзат тамаша сөйлеп шықты. Осы жерде Дін-Ислам мен Мәдименің сенімімді ақтамады. Алдыңғы сабақта Мәдиге үлкен сенім артсамда, сабаққа деген селқостығын байқадым. Осындай тамаша көріністерді бас бармақпен бағалау сәтті шықты. оқушылар өз ойларын және жберген кемшіліктерін ашып айта алды. Сабағымды қорытындылауда ыстық орындық әдісін пайдаландым.Бұл жерде оқушылар ыстық орындықтағы оқушының маңдайындағы стикерде  жазылған сөзге қатысты сұрақ қоюы керек. Ортаға ыстық орындыққа дарынды оқушым Нұрәліні, Айаруды және орташа деңгейдегі Дамирді  шығардым. Осы жерде оқушылардың  жеңіл-желпі  емес жоғары деңгейдегі сұрақтар қойғаны мені таңқалдырды.  Сұрақтар қоюда үндемейтін оқушыларым Бекзат, Дарияларым сөйледі. Сабақты бағалауды бағалау критериялдарымен оқушылар бір-бірін бағалады. 2,3-топ өздерін әділ бағалады, ал 1-топта көтерме бағалаулар болды, көңілімнен шықпады. Сабақтың соңында жалпы сабақты бағалау үшін стикерлерге смайликтер салып тақтадағы смайликтің тұсына жабсыруды ұсындым. бұнда екі оқушым Мәди мен Дін-Ислам орташа смайликті таңдады және оған түсініктеме берді, бұл жері сәтті әрі қызықты шықты. Үй тапсырмасына ғаламтордан шипажайлар жөнінде мәлімет жинап, жазып келуге тапсырдым.
Тәжірибелік сабақты бағалау Жалпы сабағым мақсатына жетті. Пайдаланған әдіс тәсілдерім іске асты.
Болашақта осындай тәсілдерді қолданамын өйткені оқушылар тақырыпты қалай түсінгендерін өздері байқамай қалатынына көзім жетті.
Сабақ бойынша өзгертулер Бұл сабағым алдыңғы сабақтарыма қарағанда көңілімнен шықты.
Категория: Бастауыш сыныптар | Bekamaster Bekamaster
78Просмотров: 78 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх