Алгебра оқулығы 7-сынып, "Мектеп" баспасы 2017, А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер

Құрметті оқушылар!

     Алгебра - математиканың бір бөлігі. Бастауыш сыныптардан бастап сендер теңдеулер шығардыңдар, санды және әріпті өрнектермен таныстыңдар. Оларды алгебра қарастырады. Мектеп курсындағы алгебра теңдеулер, теңдеулер жүйесі арқылы мәтін есептерді шығаруды, әртүрлі теңдеулерді, теңсіздіктер және олардың жүйелерін шешу тәсілдерін, өзгеретін шамалар (мысалы, жылдамдық, уақыт пен жүрілген жол, баға, мөлшер мен құн және т.б.)арасындағы тәуелділіктерді қарастырады. Ондай тәуелділіктердің кейбіреуін функционалдық тәуелділік немесе функция деп атайды.

     Алгебраның ерекшелігі - санның мағынасын білдіретін әріптерді қолдану. Оны әріпті белгілеу қолданылды дейді. Әріптердің көмегімен сендер қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттерін, нөл және бірдің, сонымен қатар бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайтудың қасиеттерін жаздыңдар. Әріптерді, мысалы, уақыт пен жылдамдық белгілі болғанда жүрілген жолды табу формуласын,үшбұрыштың периметрін табу формуласын және т.б. жазғанда да қолдандыңдар. Әріптер ережелер мен қасиеттерді есте сақтауға ыңғайлы етіп қысқаша және көрнекі түрде жазуға көмектеседі.

    Өрнектерді ықшамдауға болатынын білесіңдер. Демек, әріпті өрнектер де ықшамдалады. Ондай ықшамдаулардың кейбіреуін тепе-тең түрлендірулер деп атайды.

     Алгебра курсында сендер өрнек, теңдік, теңдеу, теңсіздік және т.б. сөздерді қолдандыңдар. Олар терминдер болып табылады. 7-сыныптағы алгебраны игеру кезінде сендер тепе-теңдік, айнымалы, бірмүше, көпмүше, функция, аргумент, алгебралық бөлшек және т.б. терминдермен танысасыңдар.

      Статистика - статистикалық (сандық немесе сапалық) деректерді жинақтау, өлшеу және талдаудың мәселелерін баяндайтын; қоғам өмірінің сандық жақтарында болатын құбылыстары сандық сипатта зерделейтін білім саласы.

  Оқулықтағы материал шынайы кездейсоқ құбылыстардың қасиеттерін, сипаттамаларын және байланыстарын көрсететін математикалық модельдерді құру және талдау бойынша оқушылардың білімін, біліктігін және дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

     Оқулықтың барлық материалы тарауларға және параграфтарға бөлінген. Олар теориялық материалды, өзіндік жұмысқа арналған тапсырмаларды, қайталауға арналған сұрақтарды, күрделілігі әртүрлі деңгейдегі есептерді және т.б. материалдарды қамтиды.

     Есептер А, В және С деңгейлері бойынша бөлінген. А деңгейіндегі есептер - күрделіліктің бастапқы деңгейі және оны орындау негізгі материалды меңгеруін анықтайды. В деңгейіндегі есептер базалық болады және оны орындау оқу материалын меңгергенін көрсетеді. С деңгейінде қиындығы жоғары деңгейлі есептер берілген.

     Әрбір тараудың соңында оқыған материалды меңгеруді тексеруге арналған тест тапсырмалары ұсынылған.

    Жаттығулардың дұрыс шешімін тексеру үшін оқулықтың соңында есептердің жауаптары берілген.

       Оқуда сәттілік тілейміз!

 



 

 

1


Добавлено: 07.04.2020, 13:17
0
103
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх