[ Добавить материал ]

6-сынып. Еліктеу сөздің түрлері. Еліктеуіш сөздер. Қазақ тілі
20.10.2016, 14:06
Пәні/сыныбы/ күні қазақ  тілі    6 – сынып
Тақырыбы Еліктеу  сөздің  түрлері. Еліктеуіш  сөздер
Мақсаты Еліктеу сөздер  туралы  білімдерін толықтыра  отырып, оның түрлерін   басқа сөз  таптарынан  ажырата   білуге үйрену                               
Күтілетін  нәтиже А.  еліктеу сөзді және оның  түрлерін  біледі, мысалдар  келтіреді
В.   еліктеу сөздің түрлерін сөйлем  ішінен  ажыратады, өзіндік  ерекшелігін салыстырады, практикада  дұрыс  қолданады
С.   еліктеу сөздің  өзіндік  белгілерін  саралай  отырып, күнделікті  талдау  жұмыстарында қолданады
Қолд.әдіс– тәсілдер «Аквариумдағы  балық»,  сұрақ, АКТ, топтық  жұмыс, бағалау
Дереккөздері, құрал жабдықтар Оқулық, дидактикалық  материалдар, тірек - сызбалар
Ақ  қағаздар, маркер
Сабақтың  барысы Мұғалім  әрекеті Оқушы  әрекеті
Кіріспе Амандасу, шеңбер құру
Үй жұмысын
«аквариумдағы  балық»  әдісі арқылы сұрау
Топқа  бөлу  «санамақ»
Амандасады, оқушылар шеңбер құрып отырады, кез келген оқушыға өз еркімен ортаға  келіп отырады, оған қалған оқушылар үй жұмысына берілген жұмбақтарын  жасырады, ортадағы  оқушы жұмбақтың шешуін таба отырып, сөйлем ішіндегі еліктеу сөзді атайды, әрекет осылайша  қайталанады, өздерінің сабаққа қатысын  бас бармақпен бағалайды, топқа  бөлінеді / «санамақ»/
Тұсаукесер үнтаспадан  құстардың  дыбысы, күн күркіреп, найзағай  ойнаған, сылдырлаған бұлақтың дыбысы, сыртылдаған сағаттың  дыбысы ойнайды. Оқушының жауабынан соң бұл дыбыстарға еліктеуден пайда болған сөздерді еліктеуіш сөздерде деп атаймыз деп бүгінгі жаңа сабақты бастап кетеміз Оқушы өзі жеке тыңдайды, ойланады, осы дыбыстарды  қатыстырып, шағын мәтін құрайды, топта пікір алмасады, ортақ шешімге келіп, әр топтан біреуі оқиды.
Негізгі бөлім Еліктеу сөздің  түрлері Еліктеуіш сөздер
1-топ. 299-жаттығу /1/
2-топ. 299 – жаттығу/2/
3-топ. 300 жаттығу/1/
4-топ. 300-жаттығу/2/
сергіту  сәті
Терме диктант

  Жаттығу  жұмыстарын жеке орындайды, топта  талдап  ортақ  шешімге  келіп, жұмыстарын  қорғайды.
 Берілген  өлең жолдарының  айтылмай  тұрған жолдарын  айтып, көрсетеді
Берлген сөйлемдердің ішінен еліктеуіш сөздерді  тіркескен сөзімен   теріп  жазу
Қорытынды Шығармашылық  жұмыс
Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құра. Сарт – сұрт, гүрс, зыр – зыр, зу-зу
Үйге:  әдеб.оқулығынан еліктеуіш сөз қатысқан 5 сөйлем жазу
Сөйлем  құрайды.
Еліктеу сөзді   қатыстырып  жазады.
 өздерін  бас бармақ арқылы   бағалайды
Категория: Қазақ тілі | Bekamaster Bekamaster
72Просмотров: 72 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх