Алгебра оқулығы 8-сынып, "Атамұра" баспасы 2018, Ә. Н. Шыныбеков., Д. Ә. Шыныбеков., Р. Н. Жұмабаев

АЛҒЫ СӨЗ

Жалпы білім беретін мектептердің 8-сыныбына арналып жазылған «Алгебра» оқулығының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ,бұрынғы оқулықтармен салыстырғанда, мұнда жалпы білім беретін мектептер бағдарламасына енетін материалдармен қатар, математиканы тереңдетіп оқытуға қажет материалдар қамтылған. Оқулықтағы әр тақырыптан кейін бекіту сұрақтары, тапсырмалар мен есептер берілген.

   Есептер қиындық деңгейіне қарай үш топқа бөлінген: А, В және С. А деңгейіндегі есептерде барлық оқушының меңгеруі міндетті тапсырмалар, В тобында есептердің күрделілігі орташа, ал С тобына қиындық деңгейі жоғары есептер жинақталған.

   С тобының есептері математиканы тереңдетіп оқытатын сыныптармен біліктілігі жоғары оқушылардың сыныпта немесе сыныптан тыс уақыттарда өз беттерінше оқып-үйренулеріне арналған. Математикалық олимпиадалар мен түрлі конкурстарда нәтижеге қол жеткізу үшін осы материалдардың ықпалы зор.

   Оқуда табыс тілейміз!

Авторлар

 



 

1


Добавлено: 08.04.2020, 05:20
0
87
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх