Қазақстан тарихы: хрестоматия 11-cынып, ҚГБ, "Мектеп" баспасы, 2011 жыл, К. Төлеубаева, Ғ. Кенжебаев, Ә. Көпекбай, Г. Жексембекова

І тарау. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖОЛЫНДАҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСІ

РЕСЕЙ ОТАРШЫЛДЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ҚҰЖАТТАР

    1728 жылы Жоңғар ханы Түркістанды басып алды. Жоңғарияға бағынбау үшін Орта жүз бен Кіші жүз халқы сан қиыншылықтарды бастан өткеріп, батысқа қарай жылжуға әрекет жасады. Башқұрттарды ығыстырып, Арал, Каспий теңіздері мен Жайық өзені аралығындағы жерлерге келіп табан тіреді, сөйтіп, олар орыстармен көршілес болып шықты. Ол кезде Кіші жүзде өте қабілетті, бірақ екіжүзді Әбілқайыр хан болды, опасыздығына қарай ол халыққа ықпалын ұзаққа сақтайалмады және өз жоспарларын жүзеге асыра алмады. Кіші жүздің ханы бола отырып, ол Ұлы жүз ханы болып та сайланды, бірақ көп ұзамай тақтан түсті. Аз уақыт ол Түркістанда да хан болып, Хиуаны биледі. Нәдір шах әскерлерінің Хиуаға бет алғанын естіген Әбілқайыр ол тақты да тәрк етті.

   Өз бәсекелестерімен күресте тығырыққа тірелген сәтте Әбілқайыр аз ғана жақтастарымен Ресейге бағынуға тілек білдірді. Бұл 1780 жылы еді. Қырғыз (қазақ-- К.Е.) халқының көпшілігі оның ұсынысын қолдамады, тек біраз айтыс-тартыстардан соң ғана қырғыздар оны хан ретінде мойындады. Ақыр соңында 1784 жылы (1781-ЕК.Е.) ғана келісімге қол қойылып, Әбілқайыр орыс керуендеріне тиіспеуге міндеттенді, ал орыстар өз тарапынан Әбілқайыр ұрпақтарының хан тағына мұрагерлік құқын таныды. Орыстардың қырғыз халқының көңіл күйі мен талап-тілегін түсінбеушіліктен туған осы келісімінің өзі далада орын алған талай бүлікке себепші болды. Келісім бойынша, ханды ертеден келе жатқан еркін сайлау қағидасы жойылды. Яғни, мұндай жағдайда көне ру өкіліне жатпайтын және халық арасында ешбеделі жоқ Әбілқайыр ұрпақтары ешқашан да хан тағына отырмас еді....



1


Добавлено: 08.04.2020, 05:20
0
88
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх