Қазақ тілі оқулығы 10-сынып, ҚҒБ, "Мектеп" баспасы 2019, Б. Қапалбек, Г. Закиряева, С. Жантасова

ҚҰРМЕТТІ ЖАС ДОС!

       Міне, сен өп болашағыңды бағдарлай алатын,айналада болып жатқан жағдайларға өзіндік пікіріңді білдіре алатын, бұл дүниенің ағы мен қарасын, ыстығы мен суығын айыра білетін жастасың. Енді баяғы солқылдақ жас шыбық емессің, тамырың ұлттың руханиятына бойлаған, еліңе, ұлтыңа еңбек сіңіруге бет алған жас азаматсың. Сенің осындай жеке тұлға ретінде қалыптасуыңда қазақ тілінің рөлі өте зор. Өйткені сенің бойыңдағы тәлім-тәрбиең, өнерің мен мәдениетің, білімің осы тіл арқылы берілді және осы құндылықтардың барлығы тілдің бойында, тілдің ішінде сақталады.

     Әлемде алты мыңға жуың тіл болса, соның әрқайсысы өлемді өзінше таниды, өзінше бейнелейді. Мәселен, қазақ тілінде халықтың сан ғасырлар бойы жинақтаған білімі сақталған. Қазақтың әр мақалының өзі бағзы заманнан бері дала зертханасында сыналып, халықтың өмір тәжірибесінде әбден дәлелденген бір ғылыми тұжырым десе болады. Бұл пәнді оқу кезінде сендер бар күштеріңді, негізінен, сөз тануға жұмсауларың керек. Кәдімгі қазақ сөзінің ішіне терең сүңгіп, оның тағылымдық, танымдық мәнін, мәтіннің дәнін, сөздің жұмсалу кезіндегі астары мен жапсарын, мың мақалдың мәйегін, жүз пікірдің дәйегін танып, тамырларың тереңдеп, діңдерің қатаюы қажет. Тіл дегеніміз - ұлттың мазмұны. Ал сен - сол ұлттың ажырамас бір бөлігісің.

      Бұл оқулықта Алаш қайратқерлері, олардың еңбектері мен идеясына қатысты материалдар көптеп берілді. Мақсат - Алаш қайраткерлерінің өмірінен өнеге алу, елге қалтқысыз қызмет етудің үлгісін үйрену, түйсіну. Тілдің дамуы, өзгеруі үшін бір ғасыр бір ғана сәт секілді. Яғни, Алаш қайраткерлерінің тіл туралы айтқан сөздері бүгін де өте өзекті. Тіл өзінен-өзі дамымайды, ол - биологиялық құбылыс емес, қоғамдық құбылыс. Сондықтан Алаш идеясын ұстану, тілге қызмет ету, оны дамытуға барынша атсалысу енді сендердің қолдарыңда. Оны қоғамдық қатынастың барлығына жетектеп енгізу – сендердің міндеттерің.

      Қазақ мектептеріндегі қазақ тілінің мақсаты, өзге де гуманитарлық пәндер сияқты, өте күрделі. Мұнда коммуникативтік дағдыларды жетілдіруге, кез келген санаттағы мәтіндерді талдауға, мәтін тудыруға, шығармашылыққа және орта мектепке сай лингвистикалық білім алуға, тіл білімі терминдерін біліп, тіл бірліктерін түстеп тануға үйренулерің керек.

       Онда іске сәт!


 


 
Құрметті қолданушы!

Бұл оқулық Сloud.mail.ru сайтына салынған. Нақтырақ айтсақ, mail.ru порталы ұсынған "облако"- ға жүктелген, және де бұның тиімділігі жоғары, себебі, серверге жүктелген файлды шексіз уақыт сақтауға болады. 

Сloud.mail.ru сайтынан жүктеу тәсілі:

Жоғарыда көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқулықты еш қиындықсыз өзіңіздің дербес компьютеріңізге жүктеп ала аласыз.



Назар аударыңыз!

P.S: Біздің сайт еліміздегі қазақша сайттар қатарын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді, яғни мақсатымыз ғаламтор желісіндегі бірден-бір қазақша үздік сайттар қатарына қосылу болып табылады. Сіз де қалыс қалмай файлдарыңызды бізбен бөлісуге тырысыңыз, ол үшін  "Құжат қосу" сілтемесіне өтсеңіз болғаны.

1


Добавлено: 26.03.2020, 02:58
0
240
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх