Қазақ тілі оқулығы 9-сынып, "Мектеп" баспасы 2019, М. Мамаева, Ж. Мұқашова

Алғы сөз

     Құрметті оқушылар! Тіл сөйлеу үстінде өмір сүреді және адамзаттың аса маңызды қатынас құралы қызметін атқарады. Қазақ тілін оқытудағы жаңа буын оқулықтарының басты мақсаты да осыған негізделген. Қолдарындағы «Қазақ тілі» оқулығы қоғамда болып жатқан оқиғалар мен құбылыстар, ғылымдағы жаңалықтар мен ізденістер, ғаламдық мәселелер аясында сөйлеу дағдыларынды арттыруға, өз ойларыңды жазбаша түрде дәл, анық жеткізуге, сауатты жазуға бағытталған.

    Оқулық бұрынғы дәстүрлі оқулықтардың құрылымынан өзгеше: алдымен тақырып төңірегінде пікір алысып, сол тақырыпты өздерің қалай түсінетіндеріңді бағамдайсыңдар. Содан соң оқуға және тыңдауға арналған мәтіндер арқылы тақырып аясындағы білімдеріңді одан әрі кеңейтесіңдер. Алған ақпараттарың мен өз білгендеріңді ұштастырып жеткізу үшін сөздің сыр-сипатын танып, орнымен қолдану, оны басқаға әрлі де әдемі жеткізу бағытында әдеби тілдің стильдері жайлы кең түрде білім аласыңдар. Оқулықта ұсынылған әртүрлі мәселелер төңірегінде өз ойларыңды оңайдан күрделіге қарай бір-бірімен байланыстыра отырып нақты, түсінікті жеткізуді меңгересіңдер. Ол үшін күрделі пікірді білдіру құралы - құрмалас сөйлемнің құрылымымен, мағыналық қатынасымен танысып, жасалу жолдарын үйренесіңдер. Оқулықта қамтылған тақырыптарды түсініп, игеруге берілген матердалдар қоғамдағы, ғылымдағы жаңалықтарды қамтиды. Берілген мәтіндер сендердің дүниетанымдарыңды, сөйлеу мәдениеттеріңді қалыптастырып, әрі қарай ізденіске, пікір алысып, ой қосуға жетелейді деп сенеміз!

Құрметпен, авторлар



1


Добавлено: 14.04.2020, 14:43
0
182
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх