Дүние жүзі тарихы оқулығы 10-сынып, ЖМБ, 1-бөлім, "Мектеп" баспасы 2019, Р. Р. Қайырбекова,С. В. Тимченко, 3. А. Джандосова

КІРІСПЕ

     Құрметті оқушылар!Сендерге ұсынылып отырған 10-сыныптың жаратылыстану-математика бағытына арналған «Дүниежүзі тарихы» оқулығы жаңартылған мазмұндағы бағдарлама негізінде жазылған. Адамзат өркениетінің жаңа ақпараттық қоғамда өмір сүруіне орай білім берудің мазмұны да ақпарат пен білімге негізделген. Осыған сәйкес ақпараттық қоғамды үздіксіз білім беру қоғамы деп атауға болады. Өз кезегінде бұл білім саласына жаңа талаптар қойып, адамдарда жаңа ақпараттық мәдениетті қалыптастыруды қажет етеді.

     Бұл оқулықта антропология, этнология, философия, әлеуметтану, саясаттану, дінтану, мәдениеттану салаларында кейінгі жылдары қол жеткізген жетістіктер енгізіліп отыр.

      Оқулық кіріспеден және он екі тарауды құрайтын төрт бөлімнен, терминологиялық сөздіктен тұрады.

      Оқулықтың «Өркениет: даму ерекшеліктері» атты бірінші бөлімінде өркениетті тану мен оның негізгі теориялары, олардың түрлері, әлемдік өркениет тарихы және адамзат дамуындағы әр кезеңдегі байланыстары ұсынылады.

      «Антропологиялық, этникалық және әлеуметтік процестер» атты екінші бөлім адам дамуы мен адамзат қоғамындағы дамудың этникалық, әлеуметтік және антропологиялық үрдістерін оқуға арналған.

     «Мемлекет соғыс және революциялар тарихынан» атты үшінші бөлім мемлекет тарихы мен оның пайда болуын, мемлекеттің көнеден бүгінге дейінгі эволюциялық формасын анықтайды. Бөлімде саяси режім түрлері, әлемдік тарихтың өзгеруіне ықпал еткен әскери-саяси оқиғалар баяндалған және революция тақырыбы, адамзат қоғамының қалыптасуындағы маңызды факторлардың бірі ретінде айтылады.

     Оқулықтан алған білімдерің келешекте қоғам дамуын зерделеуге, қоғамдағы өз орындарыңды табуға көмектеседі деп ойлаймыз.

      Білім жолындағы қадамдарыңа сәттілік тілейміз!

Авторлар



1


Добавлено: 26.03.2020, 02:51
0
172
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх