География оқулығы 10-сынып, ҚҒБ, "Мектеп" баспасы 2019, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, А. Саипов

КІРІСПЕ

     Географиялық білімнің маңызы. География - адамзат тарихындағы көне ғылымдардың бірі. Ол ұзақ уақыт жаңа жерлерді зерттеп, ел мен елдің, құрлық пен құрлықтың байланысын қеңейтуге, соның негізінде табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын ашуға, оны жүйелеуге қызмет етті. Бұл тұрғыда ұлы саяхатшылар мен географтардың энепедиция қорытындылары жайлы жазған ғажайып романтикаға толы еңбектері көпке мәлім. Соңғы кезеңдерде географияның міндеті өзгеріп, эқаңа бағытқа ие болды.

      Қазіргі заманғы географиялық білім - адамзаттың жалпы мәдениетінің негізгі элементтерінің бірі. Ол қазіргі заманғы өркениет құндылықтарының негізін құрайтын дүнниетанымды, яғни географиялық мәдениетті қалыптастырады. Жан-жақты дамыған тұлғаның географиялық мәдениетінің белгісі ретінде оның Жер шары, өз елі, өзі өмір сүретін аумақ туралы ғылымға негізделген білімінің болуын, бұл білімнің ойша елестетуге болатын карта түріндегі жинақталған бейнесінің қалыптасуын атауға болады. Мектеп геотрафиясы осы біліктіліктерді үйретіп шығуы қажет.

       География қоғам мен табиғи нысандардың, құбылыстардың кеңістік ерекшеліктерін зерттейтін біртұтас іргелі ғылым ретінде басқа ғылым салаларымен тығыз байланысты. Географияның негізгі зерттеу әдісі кеңістікті талдау болып табылады. Кеңістік - әлемнің ең басты сипаттамасының бірі. Сол себепті теография ғылымы бүкіл даму тарихында кеңістіктің табиғат пен қоғам дамуындағы, адам әрекетін анықтаудағы рөлін танып-білуде және түсіндіруде.

     Географияның ғылым ретіндегі ерекшелігі жаратылыстану және қоғамдың ғылымдармен тоғысуы, осы арқылы ол көптеген ғылым салаларымен байланысады. Географияның ақпаратын басқа ғылымдар да пайдалана алады.

      «География» пәні мазмұнының ерекшеліктері. Ұсынылып отырған оқулық 7-9-сыныптарда оқылған “География» қурсының жалғасы болып табылады.

      Жоғары сыныптардағы география пәнінің мақсаты - оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономиналық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық мәселелерді шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.

      Оқу бағдарламасына сәйкес ұсынылып отырған оқулықтың оқу материалдары 7 бөлім бойынша топтастырылған: географиялық зерттеу әдістері; картография және геоинформатика; табиғатты пайдалану және геоэкология; геоэкономика; геосаясат; елтану; адамзаттың ғаламдық мәселелері. Оқу материалдары оқушылардың жас ерекшеліктеріне және қоғам мен ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкес, теориялық және қолданбалы мәселелерді қамтиды.

       Негізгі мәтінмен қатар, оқулықта қосымша мәтіндер де қарастырылған. Олар өз бетімен оқып-үйренуге арналған және негізгі оқу материалын едәуір толықтырады. Оқулықта прақтикалық жұмыстар мен шығармашылық тапсырмалар жүйесі қамтылған, олар алған теориялық білімдеріңді бекітуге көмектеседі.

      Жас дос! Ұсынылып отырған оқулық қызыққа толы география әлеміне жетелеп, өзіңнің жарқын болашағың үшін қажетті білім мен біліктіліктерге негіз болсын деп тілейміз!


 


Құрметті қолданушы!

Бұл оқулық Сloud.mail.ru сайтына салынған. Нақтырақ айтсақ, mail.ru порталы ұсынған "облако"- ға жүктелген, және де бұның тиімділігі жоғары, себебі, серверге жүктелген файлды шексіз уақыт сақтауға болады. 

Сloud.mail.ru сайтынан жүктеу тәсілі:

Төменде көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, оқулықты еш қиындықсыз өзіңіздің дербес компьютеріңізге жүктеп ала аласыз.



Назар аударыңыз!

P.S: Біздің сайт еліміздегі қазақша сайттар қатарын көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді, яғни мақсатымыз ғаламтор желісіндегі бірден-бір қазақша үздік сайттар қатарына қосылу болып табылады. Сіз де қалыс қалмай файлдарыңызды бізбен бөлісуге тырысыңыз, ол үшін  "Құжат қосу" сілтемесіне өтсеңіз болғаны.

1


Добавлено: 26.03.2020, 02:51
0
114
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх