Геометрия оқулығы 10-сынып, ҚҒБ, "Мектеп" баспасы 2019, В.А. Смирнов, Е.А. Тұяқов

Алғы сөз

     Сендер геометрияның ең қызықты және маңызды бөлімдерінің бірі стереометрия курсын оқып білесіңдер. Ол курс не үшін қажет? Біріншіден, курс әртүрлі кеңістіктік формалар мен кеңістіктік фигуралардың кескіндері және олардың заңдылықтарымен таныстырып, қажетті кеңістіктік түсініктерді қалыптастырады. Екіншіден, стереометрия ғылыми таным әдісін үйретіп, логикалық ойлауды дамытуға ықпал етеді.

     Сонымен қатар стереометрияны оқу кеңістіктік фигураларды кескіндеуге, модельдеуге және құрастыруға, негізгі геометриялық шамаларды (ұзындықтар, бұрыштар, аудандар, көлемдер) өлшеуге қажетті практикалық дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

     Ақпараттық технологиялардың дамуы геометрияның рөлін күшейтеді, яғни материалды графикалық түрде ұсынумен компьютерлік модельдеу мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейтіледі.

     Оқулықтағы барлық материалдар тараулар мен параграфтарға бөлінген. Олар теориялық материалды, өздігінен орындауға арналған тапсырмаларды, пысықтау сұрақтарын, күрделілігі әртүрлі деңгейлі жаттығуларды қамтиды.

     Теореманы дәлелдеудің аяқталуы (%) белгісімен белгіленген.

     Оқулықта деңгейлері әртүрлі жаттығулар: А (міндетті деңгей), В (күрделілігі орта деңгей), С (деңгейі жоғары жаттығулар) берілген.

     Әрбір тараудың соңында тарау бойынша оқу материалын меңгеру сапасын тексеруге арналған тест тапсырмалары берілген.

    (*) жұлдызшамен белгіленген параграфтар оқу бағдарламасына енбейтін ғылыми-танымдық және қолданбалы сипаттағы қосымша материалды қамтиды. Оларды негізгі сабақтарда немесе қосымша сабақтарда (үйірмелерде, таңдау курстарында және т.б.) пайдалануға болады.

     Оқулықтың соңында есептердің жауаптары келтірілген.

     Геометрияны оқып білуде сәттілік тілейміз!


 

 

1


Добавлено: 14.04.2020, 16:03
0
102
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх