Геометрия оқулығы 10-сынып, ЖМБ, "Мектеп" баспасы 2006, Ж. Қайдасов, Ә. Қағазбаева, В. Гусев

АЛҒЫ СӨЗ

    Жас дос, сендер өткен сыныптарда жазықтықтағы геометрия - планиметрияны оқып-үйрендіңдер. Енді кеңістіктегі геометрияны оқып, геометрия пәні бойынша білімдеріңді одан әрі тереңдете түсесіңдер.

    Геометриялық фигураларды оқып-зерттеу өзіміз өмір сүріп отырған ортадағы түрлі заттардың қасиеттерін тереңірек түсінуге және оларды іс жүзіне қолдана білуге мүмкіндік береді.

    10-сынып курсы төрт тарауға бөлінген. І тарауда кеңістіктік аксиомалары келтіріліп, олардан тікелей туындайтын салдарлар дәлелденген. II, III тараулар 10-сынып үшін негізгі тараулар болып саналады. Олар түзулер мен жазықтықтардың перпендикулярлығын және параллельдігін оқып-үйренуге арналған.

    Координаталар мен векторлар туралы IV тарауда геометрияның кейінірек дамыған әдістері қарастырылған. Бұл тарау математиканы тереңірек білу үшін пайдалы.

   Тараулар параграфтарға бөлінген. Әрбір параграфтың соңында теориялық материалдарды қайталау, пысықтау үшін сұрақтар мен тапсырмалар және есептер берілген. Есептер А, В және С деңгейге бөлінген. А - әрбір оқушыға міндетті деңгей, В - орта деңгей, С - қалауы бойынша таңдалатын деңгей.

    Тараулардан кейін білім деңгейін тексеру үшін тест тапсырмалары келтірілген. Тест тапсырмаларының шарттары математикалық белгілеулер және сызбалар арқылы берілген. Тапсырмалар қиындық деңгейі жағынан міндетті немесе орта деңгейлерге сәйкес келеді.

    Теориялық материалдарды оқығанда, әсіресе, қиғаш немесе қанық бояулармен берілген сөздерге көңіл бөліңдер. Қиғаш жазумен геометриялық терминдер, түсініктердің атаулары бөлектенген. Олардың мағыналарын түсініп, мысалдар келтірген жөн. Қанық бояумен ең маңызды деген тұжырымдар (теоремалар) басылған. Оларды түсініп, дәлелдей білу керек.

   Оқу мәтінін толық түсіну үшін сызбалардың алатын орны ерекше, теориялық материалды оқығанда, оған тиісті сызбаны ықылас қойып қараңдар. Оларды терең игеру үшін, әрине, көп еңбектенуге тура келеді.

    Математика, соның ішінде геометрия, табиғатты танып-білу мен ойлау қабілетін қалыптастырып, дамытуда таптырмайтын құрал.

    Кеңістік әлемінде еркін жүзу үшін игеретін білім саласындағы талпыныстарыңыз сәтті болсын!

 



1


Добавлено: 14.04.2020, 16:59
0
93
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх