[ Добавить материал ]

Қазақ әдебиетінен 9-сыныпқа арналған тест сұрақтары.
12.05.2016, 21:57

Қазақ әдебиеті. 9сынып

1. Махамбет Өтемісұлының туған жылын белгілеңіз.
A) 1846 ж.
cool 1835 ж.
C) 1904 ж.
D) 1865 ж.
E) 1804 ж. *
2. «Қырық мысал», «Маса» жинақтарының авторын белгілеңіз.
A) А.Байтұрсынұлы.*
cool Ш.Құдайбердіұлы.
C) М.Жұмабаев.
D) Ж.Аймауытов.
E) М.Дулатов.
3. «Өткен күндер» жинағының авторын анықтаңыз.
A) С.Сейфуллин.*
cool Ж.Жабаев.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Б.Майлин.
E) І.Жансүгіров.
4. «Құлагер» поэмасының кейіпкерін көрсетіңіз.
A) Ақан сері.*
cool Күйші.
C) Мардан.
D) Қарашаш.
E) Мәмбет.
5. М. Мақатаевтың қызмет еткен қаласын табыңыз.
A) Атырау қаласы.
cool Алматы қаласы.*
C) Ақтау қаласы.
D) Павлодар қаласы.
E) Орал қаласы.
6. Аңыз кейіпкеріне айналған жырауды табыңыз.
A) Доспамбет.
cool Жиренше.
C) Жиембет.
D) Қазтуған.
E) Асан қайғы.*
7. Асанның:
’’Ердің құны болса да,
Алдыңа келіп қалған соң,
Қол қусырып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,’’- деген өлеңінде не туралы айтылғанын анықтаңыз.
A) Дәстүр, салт мәселесі.
cool Жер мәселесі.
C) Кешірімділік.*
D) Достық.
E) Қамқорлық.

8. 19-ғасырда Орыс жағрафиялық қоғамының толық мүшесі болған қазақты анықтаңыз.
A) Ы. Алтынсарин.
cool А. Байтұрсынов.
C) М. Тынышбаев.
D) Ш. Уәлиханов.*
E) Х. Досмұхамедов.
9. Ы. Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз.
A) 1865 ж. Қостанайда.
cool 1864 ж. Торғайда.*
C) 1865 ж. Орынборда.
D) 1863 ж. Ырғызда.
E) 1866 ж. Омбыда.
10. Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанды саралаған өлеңін табыңыз.
A) «Интернатта оқып жүр».
cool «Қалың елім, қазағым...»
C) «Әсемпаз болма әрнеге».
D) «Жасымда ғылым бар деп...»
E) «Ғылым таппай мақтанба». *
11. Шәкәрім шығармасын табыңыз.
A) "Ақбілек".
cool "Батыр Баян".
C) "Қалқаман-Мамыр". *
D) "Оянған өлке".
E) "Абай жолы".
12. «Шоқпыттың шаруасы» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Б.Майлин.
cool С.Сейфуллин.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.
E) С.Мұқанов.*
13. Ғ. Мүсіреповтің «Ер ана» әңгімесіндегі кейіпкерді табыңыз.
A) Нағима.
cool Ақлима.
C) Мәрзия.
D) Қапия.
E) Наталья. *
14. Қарақалпақ жерінде туған қазақ ақынын табыңыз.
A) Т.Айбергенов.*
cool Т.Молдағалиев.
C) Қ.Мырзалиев.
D) М.Шаханов.
E) А.Бақтыгереева.
15. Тасқа жазылған көне дастандарды табыңыз.
A) ’’Диуани лұғат ат-түрік’’.
cool ’’Құдатғу біліг’’.
C) ”Күлтегін”, ’’Тоныкөк’’.*
D) ’’Мұхаббат-наме’’.
E) Қорқыт ата.
16. Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ атты кейіпкерлер қандай ертегіде кездесетінін анықтаңыз.
A) "Ұшқыш кілем".
cool "Адам жеңбес Айыртөс батыр".
C) "Ер Төстік".*
D) "Керқұла атты Кендебай".
E) "Аяз би".
17. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
cool Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.*
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
18. Жиембет жырау қай ханның тұсында өмір сүргенін белгілеңіз.
A) Абылай хан.
cool Жәңгір хан.
C) Қасым хан.
D) Тәуке хан.
E) Есім хан. *

19. Монолог дегеніміздің не екенін анықтаңыз.
A) Қалыпты жағдайдан әсірелеп суреттеу.
cool Шығарма кейіпкерлерінің өзара кезектесе сөйлесуі.
C) Әдеби шығармадағы оқиға желісі.
D) Бір адамның ұзақ сөзі.*
E) Табиғат көркін суреттеу.
20. Шығарманың тақырыбы деген ұғымға сәйкес келетін жауапты көрсетіңіз.
A) Оқиғалардың мазмұндық байланысы.
cool Жазушының көркем шығармасына негіз, арқау еткен өмір
құбылыстарының түйіні.*
C) Жазушының үндейтін белгілі бір пікірі, айтқысы келетін
ойы.
D) Оқиға өтетін орынмен таныстыру.
E) Қаламгердің өмір құбылысына берген бағасы.

21. Мақалдың екінші жартысын көрсетіңіз.
Батыр туса – ел ырысы, …
A) Жаңбыр жауса – жер ырысы.*
cool Ел үмітін ер ақтар.
C) Айласыз батыр алдырар.
D) Ел – ырыстың кілті.
E) Батыр елдің сәулеті.
2 2. Махамбет ақынның әкесінің атын табыңыз.
A) Зұлқарнайын.
cool Жәңгір.
C) Өтеміс.*
D) Исатай.
E) Бекмағамбет.
2 3. Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» кімге арналѓандыѓын табыңыз.
A) Ақындарѓа.
cool Балаларѓа. *
C) Билерге.
D) Тіл мамандарына.
E) ¦стаздарына.
24. А.Байтұрсынұлының өлеңдер жинағын көрсетіңіз.
A) «Шолпан».
cool «Маса».*
C) «Асау тұлпар».
D) «Өткен күндер».
E) «Домбыра».
2 5. «Өтеген батыр» дастанының авторын табыңыз.
A) С.Сейфуллин.
cool М.Жұмабаев.
C) І.Жансүгіров.
D) Ж.Жабаев.*
E) Б.Майлин.
26. Жүсіп Баласағұн қай ғасырда өмір сүргенін белгілеңіз.
A) X ғ.
cool VІІІ ғ.
C) ІX ғ.
D) XІІ ғ.
E) XІ ғ.*
27. Асан атына ’’қайғы’’ деген сөздің тіркесе айтылуының себебін белгілеңіз.
A) Жай қоя салған.
cool Мұңды адам.
C) Халық қайғысын, мұң-зарын ойлаумен өткен адам.*
D) Айналасына наразылықтан.
E) Өз басында қайғысы бар адам.
28. ’’Өкпеңменен қабынба,
Өтіңменен жарылма,
Орыспенен соғысып,
Басыңа мұнша көтерген,
Жұртыңа жаулық сағынба’’, - деген өлең жолдары кімдікі екенін белгілеңіз.
A) Шалкиіз жырау.
cool Ақтамберді жырау.
C) Жиембет жырау.
D) Бұқар жырау.*
E) Доспамбет жырау.
29. Абайдың өнер-білім туралы өлеңін табыңыз:
A) “Қалың елім, қазағым”.
cool “Өнер-білім бар жұрттар”.
C) “Өзен”.
D) “Ғылым таппай мақтанба”.*
E) “Жазғытұрым”.
30. Мына сөйлемдегі салт-дәстүрге байланысты керек сөзді белгілеңіз.
...Алшынбай Ұлжан отырған үйдің есігін аштырып, тысқа семіз асау құнан тайды көлденең ұстап тұрып, қонақтардан не күткенін анықтаңыз.
A) Сый дәметті.
cool Рұқсат күтті.
C) Көрімдік сұратты.
D) Алғыс күтті.
E) Бата тілетті. *
31. Мінездеменің ерекшелігін анықтаңыз.
A) Шығармаға қатысушының мінезін, дүниеге көзқарасын
сипаттау.*
cool Оқиғаның болған жерін көрсету.
C) Табиғат көркін суреттеу.
D) Шығарманың оқиғасын желілі түрде көркем әңгімелеу.
E) Екі адамның өзара кезектесе сөйлеуі.
32. Ш.Айтматов қай ұлттың перзенті екенін анықтаңыз.
A) Өзбек.
cool Ұйғыр.
C) Қазақ.
D) Қырғыз.*
E) Түрік.
33. Д.Исабековтің пьесасын табыңыз.
A) «Құдағи келіпті».
cool «Неке қияр».
C) «Әпке». *
D) «Мансапқорлар».
E) «Көктөбедегі кездесу».
34. ’’Жар-жар’’ өнердің қай түріне жататынын табыңыз.
A) Жыраулық.
cool Шешендік өнер.
C) Күйшілік.
D) Термелік.
E) Айтыс.*
35.Қазақ халқының ауыз әдебиетін зерттеген қай батыр жазушы екенін белгілеңіз.
A) Бауыржан Момышұлы.
cool Рахымжан Қошқарбаев.
C) Қасым Қайсенов.
D) Мәлік Ғабдуллин.*
E) Талғат Бигелдинов.
36. «Балаларыма өсиет» өлеңінің авторын табыңыз.
A) Шернияз.
cool Шалкиіз.
C) Ақтамберді.*
D) Жиембет.
E) Қазтуған.
37. Баймағамбет сұлтанмен қақтығысқан ақынды табыңыз.
A) Шернияз.*
cool Бекболат.
C) Мұрат.
D) Шәңгерей.
E) Алмажан.
38. Мағжан Жұмабаев Омбының мұғалімдер дайындайтын семинариясын қай жылы бітіргенін көрсетіңіз.
A) 1918 ж.
cool 1916 ж.*
C) 1914 ж.
D) 1915 ж.
E) 1912 ж.
39. Еркебұлан қай шығарманың кейіпкері екенін табыңыз.
A) "Азамат Азаматыч".
cool "Шұғаның белгісі".
C) "Кездеспей кеткен бір бейне". *
D) "Әсия".
E) "Ақбөпенің сыры".
40. ...Бұрынғы өткен күніңді,
Берейін жырлап елге, анам.
Көргеніңді бүгінгі
Жаз, жаз, қалам, тер қалам...
Үзінді қай поэмадан алынғанын белгілеңіз.
A) ’’Альбатрос’’.
cool ’’Күй’’.
C) ’’Күйші’’.
D) ’’Дала’’.*
E) ’’Гималай’’.
41. «Ш.Уәлиханов» пьесасының авторын белгілеңіз.
A) М.Әуезов.
cool С.Мұқанов.*
C) Ғ.Мұстафин.
D) Ж.Аймауытов.
E) С.Сейфуллин.
42. Ағасының қалыңдығын алып қашып әкеліп беретін бала туралы жазылған Ғ.Мүсірепов шығармасын табыңыз.
A) «Кездеспей кеткен бір бейне».
cool «Боранда».
C) «Ананың анасы».
D) «Этнографиялық әңгіме.»
E) «Боранды түнде». *
43. Оқиғаның болатын орны, мерзімі қалай аталатынын анықтаңыз.
A) Эпилог.
cool Шешім.
C) Экспозиция.*
D) Кульминация.
E) Пролог.
44. . «Толағай» ертегісінің авторы кім?
А) Ә. Тәжібаев *
В) М. Әуезов
С) А.Құнанбаев
Д) Ш. Уәлиханов
Е) С.Сейфуллин

45. Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып,
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып ... – деген үзінді қай өлеңнен алынған, табыңыз.
A) «Толағай»
cool «Арқалық аясында»
C) «Тарланым»
D) «Жетісу суреттері»
E) «Аягөз , қайда барасың? *
46. Алтын, күміс тас болар.
Арпа, бидай ас болар,
Бірігіп жан тусаң да,
Қарап та жүріп қас болар, -деген үзінді Шортанбай Қанайұлының қай өлеңінен алынғандығын көрсетіңіз.
A) «Насихат».
cool «Замана».*
C) «Алдаушы жалған».
D) «Бала зары».
E) «Зар заман».
47. Шоқан Уәлиханов Құлжа қаласында немен шұғылданғанын табыңыз.
A) Жоңғария тарихымен шұғылданады.*
cool Қызметке ауысады.
C) Орыс ғалымдарымен танысады.
D) Халық ауыз әдебиетін жинайды.
E) Оқуын жалғастырады.
48. Шәкәрімнің қай жылы толық ақталғанын белгілеңіз.
A) 1988 ж.*
cool 1953 ж.
C) 1989 ж.
D) 1985 ж.
E) 1960 ж.
49. Әлділер әулеті мен Қияқ, Тұяқ батырлар тұқымдарының арасындағы араздық І.Есенберлиннің қай шығармасында баяндалғандығын анықтаңыз.
A) «Айша».
cool «Алтын құс».
C) «Қатерлі өткел».
D) «Сұлтан».
E) «Көшпенділер». *


50. Махамбет қай ханның тұсында өмір сүрген, белгілеңіз.
A) Абылай хан
cool Тәуке хан
C) Жәңгір хан*
D) Әбілқайыр хан
E) Жолбарыс хан

Кілті .9сынып қазақ әдебиеті

1.Е 41.В
2.А 42.Е
3.А 43.С
4.А 44.А
5.В 45.Е
6.Е 46.В
7.С 47.А
8.Д 48.А
9.В 49.Е
10.Е 50.С
11.С
12.Е
13.Е
14.А
15.С
16.С
17.Д
18.Е
19.Д
20.В
21.А
22.С
23.В
24.В
25.Д
26.Е
27.С
28.Д
29.Д
30.Е
31.А
32.Д
33.С
34.Е
35.Д
36.С
37.А
38.В
39.С
40.Д

Категория: Қазақ тілі мен әдебиеті | Мира7397 Мира7397 | Теги: Абайдың бес асыл іс пен бес дұшпанд
2587Просмотров: 2587 | Загрузок: 63 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх