[ Добавить материал ]

6-сынып. А.Құнанбайұлы (1845-1904). "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"өлеңі. Қазақ әдебиеті
20.10.2016, 12:53
Сыныбы 6 Күні:
Сабақтың тақырыбы

А.Құнанбайұлы (1845-1904). "Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ"өлеңі.

Мақсаты

 
Қазақтың бас ақыны А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік қалыптастыру,ақын шығармаларының тақырыбын меңгерту.
Күтілетін нәтижелер

 
А. А.Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәліметтерді жинақтап, шығармаларындағы өмір құндылықтарын айтады.
В. Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы жүйрікті баптау,оны бәйгеге қосу -қазақ баласы үшін үлкен өнер болғанын біледі және өлеңдегі бейнелі сөздерді ажыратады.
С.Өлеңдегі адамның,ер жігіттің сенімді серігі - бәйге атының сыны мен бағасын саралайды.
Керекті жабдықтар  Ақын портреті,кітаптары
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе І.Ұйымдастыру кезеңі  Психологиялық дайындақ
Топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
"Жақсы адам мен жаман адамның қасиеттері"
Жақсы адам қасиеттері: ешкімді жатсынбайды,өзіне сақ,елдің ағасы,елдің басшы серкесі,жүзі жылы,сөзі майда,жүзі жақсы,жыл құсындай,алысты жақын етер.
Жаман адамның қасиеттері:көкірегі көр,жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші,өсегі көп,іріткі салушы,ел арасын сөзбен бықсытушы,ұрыншақ, тентек,сүйкімсіз,жылқының қотыр болған аласындай,кеудесіне нан піскен.
Топқа бөліну арқылы бір-біріне сұрақтар қояды
Тұсаукесер Қызығушылығын ояту.
Қазақтың ұлы ақыны Абай туралы не білесіңдер?
Білемін "Ү" Жаңалық "+" Білмеймін "-" Толығырақ білгім келеді "?"
       
Оқулықта бала Абай туралы оқиды.
Кестені толықтырады.
Негізгі бөлім 1.) Ғасырлар бойында мал өсірумен,көшпелі күйде тірлік еткен елдің ақыны аттың бағасын ерекше түсінеді.Соның ішінде бәйге аттың орны бөлек.Ол қазақтың бағзы заманнан бергі ауыз әдебиетінде де сан алуан "қиял пырағы" болып жырланып келген.Абай өмір кешкен кезде де "ер қанаты - жүйрік ат" болған,әсіресе,қазақ білген жануардың ішіндегіадамға ең ыстығы,қадірлісі екендігі.
2)Оқулықпен жұмыс (өлеңді мәнерлеп оқу)
3) -Сөздікпен жұмыс:
Сағақ - жылқының сағалдырақ тұратын тамағының астыңғы жағы.
Жерсоғар - ат тұяғының арт жағындағы қатты жері,өкшелігі.
Ашамайлы - ашамай салынған мағынада.
Шідерлік - ат сирағының шідер салатын жері.
Шідер - ат сиарғының екі аяғы мен артқы бір аяғын қосып салатын тұсау.
4) Жүйрік баптап,оны бәйгеге қосу қазақ баласы үшін үлкен өнер болған.Бұл өлеңде Абай атының мүсінін берген.Ат сипатын беретін әрбір сөзге тоқталайық,мәселен,"жауырыны етсіз тақтайдай-ақ"деген өлең жолына үңілейікші.Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін емес.Сол себепті де жауырынды етсіз тақтайға теңеуі нанымды болып келеді."Артық талақ" деген суреттеме бар.Бәйге артының қолтығы,саны ықшам болып,бір-біріне жабысып жатса,шапқан кезде адымы ашыла ма?"Қоян жақ","қой мойынды" деген суреттемелер.
-Балалар,айтыңдаршы,өзіміз қандай атақты бәйге аттарын білеміз?..
-Иә,Ақанның Құлагері.
-Ол туралы қандай шығармалар бар?
-І.Жансүгірұлының "Құлагер" поэмасы,С.Жүнісовтің "Ақан сері" романы.
-Енді осы романда Күреңбай сыншы Құлагер сипатын қалай берген екен, тыңдап көрейік.
5)Оқушыларға романнан үзінді оқу.
Асқа келген жұрт аузына Ақан мен оның Құлагері түсті.Күреңбай сыншының Құлагерге берген бағасы:кез келген жылқыда 12 қабырға болады.Ал Құлагерде 1 қабырға артық,міне,қанат деген - сол қабырға,көріктей өкпені қыспай,кең тыныстануына бірден-бір себеп - сол.Терінде сықпа құрттың дәміндей дәм жоқ.Жеті тері алынған.Құмалағында қоянның көз жасуындай бір тамшы су жоқ."Ат шаппайды,бап шабады" деген бар емес пе?Шіркін ат та ат екен, баптаушысы да сабаз екен.
6)Сұрақтар:
Ақын қазақтың күнделікті пайдаланып жүрген ауызекі тілінен қандай бейнелі, айшықты оралымдар жасаған? Шоқпар деген не? Ол қандай бейнелі сөзге айналған?
Жүйрік атта артық ет болуы мүмкін бе?
Жүйрік аттың аса биік болмайтынын қалай береді?
Ой толғаныс.Дәптерлермен жұмыс.
Өлеңнің алғашқы шумағынан дене мүшелерін тіркескен сөзімен теріп жаз. Осы сөздерден омоним болатын сөздерді тап, мысал келтір. Тіркескен сөздердің ішінен тасымалдауға болмайтын сөздерді тап.
Шоқпардай кекіл, қамыс құлақ,қой мойын, қоян жақ,бөкен қабақ,ауыз омыртқа, майда жал,ой желке Қой
1.Қорада қой су ішіп тұр.
2.Кітапты орнына қой.
Ой
1.Оның ойы ұшқыр.
2.Ауылойға қарай қоныс тепті.
Жақ
1.От жақ.
2.Адамның дене мүшесі.
3.І,ІІ,ІІІ жақ.
Қой
Жақ
Ауыз
Жал
Ой
2-кесте.Өлеңнен жылқының дене мүшелерін теріп жаз.
Кекіл,құлақ,мойын,жақ,қабақ,ауыз омыртқа,жал,желке,мұрын,ерін,тіс,қабырға, жота,омырау,төс,бақай,тұяқ,шынтақ,аяқ,бауыр,жауырын,сауыр,мықын,құйрық, қыл,ұршық,сан,тірсек (шідерлі),көз.
3-кесте:"Бес жолды өлең"
Кім? Абай.
Қандай? Ақылды,зерек.
Не істеді? Оқыды,жазды,қалдырды.
Сөйлем. Абай - қазақтың ұлы ақыны.
Синоним. Абай,ақын.
4-кесте.Толықтыру кестесі.
Батырлар жырларындағы, ертегілердегі батырлар Астына мінген аты
Алпамыс Байшұбар
Қобыланды Тайбурыл
Ертөстік Шалқұйрық
Күлтегін Қарагер
Кендебай Керқұла
Өлеңді тізбектеп мәнерлеп оқу арқылы сөздікпен жұмыстанады.




Ақын өлеңіндегі жылқы сипатын, мүсінін суреттеу бағасын саралайды.












І топ: Дәптермен жұмыстанады, сағат тілімен бірін-бірі тексереді.







ІІ топ: Өлеңнен жылұының дене мүшелерін теріп жазады.
ІІІ топ: Бес жолды өлең жазады.

Ортақ тапсырма
Қорытынды Кері байланыс.
1.Абай атамыздың суреттеуіндегі аттың сыны өнердің қай түріне жатады?
2.Өнердің басқа қандай түрін білесіңдер?
3."Ат-ер қанаты" деген қанатты сөздің шығуы неліктен деп ойлайсыңдар?
4.Жылқы малы туралы қандай ән,би,күй аттарын білесіңдер?
5.Ат туралы қандай мақал-мәтел білеміз?
Ән,би,күй аттары: "Бозжорға","Жылқының әні","Көкшолақ","Құлагер", "Жылқы ішінде бір ала","Қара жорға","Ақсақ құлан" т.б.
Мақалдар: "Ат - биеден,аруана - түйеден. Тұлпар шаба жетіледі,Сұңқар ұша жетіледі. Ат - құлыннан,батыр - баладан. Ат тұяғын тай басар. Аттың аты үлкен, түйенің табаны үлкен. Ерге лайық ат бітеді,Қызға лайық сән бітеді.
- Оқушылар, жақсы атты танып білдік пе?
Өлеңнің идеясы: ер қанаты - жақсы атты суреттеу,тану.
Өлеңнің түйіні: "Шапса жүйрік,мінсе берік,жуан,жуас.Разы емен осындай ат мінбесем."
Бағалау парағы
Үйге тапсырма: 1-топқа:Өлеңнен өздеріне ұнаған 3 шумағын мәнерлеп жаттау, эпитет сөздерді жазу;
2-топқа: Мазмұнын қара сөзбен жазу;
3-топқа: Теңеу сөздерді жазу,аттың суретін салу.
Өз ойларын ауызша айтады
Категория: Қазақ әдебиеті | Bekamaster Bekamaster
86Просмотров: 86 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх