[ Добавить материал ]

7-сынып. М.Әуезов «Көксерек» (қорытынды сабақ). Қазақ әдебиеті
20.10.2016, 13:09
Апта Күні Сабақ
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Көксерек» (қорытынды сабақ)
Жалпы мақсаты: Оқушылардың  мәтіннен түсінгендерін қорыту,түйіндеу.Тақырып арқылы табиғаттың құдіретін түсіндіру. Табиғат ананың қасиеттілігін таныту.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар топта жұмыстанады.Сөздік қоры молаяды.Қорыта, түйін жасай біледі.Қасиет,құдірет деген ұғымдарддың мәнін ұғынады.
Сабақ түрі Қорыту сабағы. .
Тапсырмалар: Әр топқа бөлек – бөлек тақырыпшалар беріледі.
Жалпы барлық оқушыларға өз бетімен орындауға өздік жұмыс.Дарынды балаларға топшамалар беріледі.
Керекті жабдықтар: Интерективті тақта, кітап, компьютер,постер,суреттер,
топшамалар
Сабақ барысы:  
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 1.Амандасу, топқа бөлу.
Үй тапсырмасы «Стикер» әдісімен сұраймын.
Психологиялық тренинг
Бір-біріне жақсы тілек тілеу
Аспанымыз ашық болсын!
Әрдайым дос болайық!
Еліміз тыныш болсын! деген тілектермен жетелеп толықтыру.
Қасқырдың түрлеріне байланысты түрін таңдап үш топқа  бөлінеді.Топ басшысын тағайындау.
Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар.
Өкіл әдісі арқылы:
1.»Қасқыр-табиғат перзенті» тақырыбына жазылған эссе оқу
2.Қасқырға байланысты  мақал-мәтелдерін оқу,түсіндіру.
3.Көксеректің кінәсы неде? тақырыбына жазылған ой толғауларымен бөлісу
Оқушылар қасқыр түрлері бейнеленген суреттер таңдау арқылы үш топқа бөлінеді.Топтың ішінен топ басшысын сайлап алады
Әр топтан өкіл шығып, жұмыстарын қорғайды
 
Тұсаукесер Қасқыр тақырыбына бейне баянды  көрсету.
-  Бейне баянға  қандай ат  қояр едің?
- Бейне баян қандай ойға жетеледі?
- Бейне баянды қалай аяқтар едің?
Роликті қарап, топпен талдайды, әңгімелейді.
Негізгі бөлім Бүгінгі  сабағымыз «Көксерек» шығармасынан өткенімізді қорытуға арналады.
1.Мәтінді болжау стратегиясымен әңгімелеу. (Үй тапсырмасы)
Топқа тапсырма.
 ДЖИКСО әдісімен  топпен оқып, талқылайды, екінші топтың оқушыларына түсіндіреді.
Тапсырмалар:
I.Табиғат  ананың «жасағанын» түзетуге бола ма?
II.Құрмаш пен Көксерек тақырыбына сурет салу
III.Құрмаш бөлтірік терісін сыпыртса не болар еді?


Дарынды балаларға кеңейтілген тапсырмалар беру.
Топшамалар үлестіру.
Бүгінгі тақырыпқа сәйкес мақал  жазу. Мағынасын ашу.


 



Оқушылар ой қозғаған тұсымен бөліседі, не себептен оқиғаны осылай аяқтағаны туралы айтады.





Әр топ топпен әзірленіп,ортақ пікірге келіп постормен жұмыстанады.
Әр топтан бір оқушы берілген тақырыпқа анықтама береді.

Дарынды үш оқушы  мақалдың мағынасын ашып түсіндіреді.
Қорытынды Бағалау критерийлары:
1.Үй тапсырмасындағы эссені жаза білуі.
2.Қосымша сұрақтарға жауап беруі.
3.Өздік жұмысты өз бетімен орындауы.
4.Жаңа тақырыпты меңгеруі. Топ басшысы осы бағалау критериаларын пайдаланып, өз тобындағы оқушыларды бағалайды.
 Үйге тапсырма:
«Кінә кімнен?» тақырыбына шығармашылық жұмыс

Топ басшысы өзінің топ мүшелеріне, жеке өзіне қойған бағаларымен таныстырады.
Категория: Қазақ әдебиеті | Bekamaster Bekamaster
80Просмотров: 80 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх