8 сынып қазақ тілі
Сабақ тақырыбы: Темекі саған дос емес
Сабақтың жалпы мақсаты: тақырыпқа сәйкес оқушылардың сөйлеу әрекетін қалыптастыру, диалог құрады, ой-пікірлерімен бөліседі; Жаман әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Күтілетін нәтиже: ынтымақтастықта бірлесе жұмыс жасайды; оқушылар өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарайды.
Қолданатын әдіс-тәсілдер: «Термометр» әдісі, «Шеңбер бойымен оқу», жарнама жасау, рефлексивті экран;
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс – әрекеті
|
Ұйымдастыру
|
Амандасу, түгелдеу.
Психологиялық дайындық
|
Кезекші есебі
«Термометр» әдісі бойынша
|
Үй жұмысын тексеру
|
3-тапсырма
-Адамдар мінезіне қарай қандай топтарға бөлінеді?
-Өзіңді қай топқа жатқызасың?
|
Білімдеріне сүйеніп жауап береді. Адамдардың мінез-құлықтарына байланысты холерик, меланхолик, сангвиник, флегматик болып бөлінетінін айтады.
|
Қызығушылығын ояту
|
-Сенің денсаулығың мықты ма?
-Қандай спорт түрімен айналысасың? Спорт пен темекіні қатар алып жүруге болады ма?
|
Темекі шегудің зияндылығы туралы кластер құрайды.
|
Мағынаны тану
|
1-тапсырма
«Темекі саған дос емес емес» мәтінімен жұмыс.
Мәтінге байланысты көрініс дайындайды.
1-топ Темекі шегетін адам дәрігер қабылдауында.
2-топ Ата-анасы оқушы баласының қалтасынан темекі тауып алды.
3-топ Әр елде темекі шегетіндермен күресу жолдары туралы диалог.
2-тапсырма
Темекі зияндылығы көрсететін жарнамалар дайындайды. Тақтаға бағалау өлшемдері жазылады.
|
Топтық жұмыс.
Оқушылар 4 топқа бөлінеді.
«Шеңбер бойымен оқып» мәтінді түсінеді.
Әр топ мәтінге сәйкес көрініс дайындайды.
2-тапсырма бойынша постер дайындайды. Темекі зияндылығы туралы суреттер, мақал мәтелдер, фактілер қолданады. Постерді қорғайды, бағалайды.
|
Рефлексия
|
Мен ... түсіндім.
Мен үшін ... жаңалық болды.
Мен .... туралы білгім келеді.
Маған ..... қиын болды.
|
Кері байланыс жасайды.
|
Үй жұмысы:
|
107 бет 4-тапсырма
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
Бағалау
|
Топтық жұмысты бағалайды
|
Әр топ өкілдері өздеріне ұнаған топ туралы айтады.
|
|