[ Добавить материал ]

3-сынып. Болашақ сақшы. Ғ.Қайырбеков. Әдебиет
20.10.2016, 01:13
Сабақ тақырыбы
 
Болашақ сақшы. Ғ.Қайырбеков
Жалпы мақсаты Өлеңді мәнерлеп түсініп оқуға, негізгі идеясын табуға үйрену.
Күтілетін нәтижелер

 
А) Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи алады.
В)  Өмірмен байланыстыра отырып, Отан туралы ребустар құрастыра алады. 
С) Өлеңді талдап, тұжырым жасай  алады
Сабақ түрі
 
топтық жұмыс, жеке жұмыс.
Керекті жабдықтар Қазақ әдебиеті оқулығы 3  сынып,  интербелсенді тақтада көрсетілген презентациялар, флипчарттар, суреттер
Сабақ барысы
 
 
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе


Топтарға бөліну




Қызығушылықты ояту


 


                         


 4 топқа бөлінеді.
Топ басшыларын сайлайды


«Арқаға жазылған комплименттер»
Әр оқушының арқасына скотчпен ақ қағаз жапсырылады. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп бірі – бірінің арқасына комплимент жазады.

Балалар суреттерді алып, топқа қалай бөлінетіндіктерін тауып, 4 топқа бөлінеді.

Бір – бірімен араласады. Бір – біріне жылы сөздер айтады. Жазады.
Тұсаукесер

 
«Showdown»
Әрбір оқушы 5 сұрақтан жазып келеді. Артына жауаптарын жазады. Топтар карточкаларымен алмасып, оларға жауап тапқанда топбасшы үлкен саусағын жоғары көтереді. Бұл  дайынбыз деген белгіні білдіреді.



 
 
Сұрақ ойлап жазады. Жауабын ойланып айтқаннан соң  өздерін тексереді.  
Негізгі
бөлім








«INSERT» кестесі




Оқулықпен жұмыс



 Топтық тапсырма


Өзін – өзі бағалау
 
«Тақырыптық теннис»
Балалар  өз топтарыңызда  3 адамнан топқа бөліне  қойыңыздар. 2 кісі ойыншы болады. 1 кісі судья.  Мен сіздерге бүгінгі тақырыпты айтамын, ал сіздер өз жұптарыңызға тақырыпқа қатысты сөздерді кезектесіп айтуларыңыз керек. Судья есеп жүргізіп отырады. Кім сөз таба алмай қалса 1 балл қарсыласына беріледі.  Кімнің тоқтап қалғанын және сөздердің тақырыпқа қатысты  болуын қадағалап
 отырады. Ендеше тақырып: сақшы
 
Білемін  
Білгім келеді  
Білдім  

Ендеше оқулығымыздағы Ғ.Қайырбековтың «Болашақ сақшы»  өлеңімен танысамыз.

І топ өлеңді мәнерлеп оқып,  мазмұндап айтады,
ІІ топ өлеңді ІІ жақта өзгертіп оқиды.   
ІІІ топ өлеңді ІІІ жақта өзгертіп оқиды. Автор туралы мағлұмат жинайды.
ІVтоп  Отан туралы ребус құрастырады.  


Топтардың тапсырамаларын түсініп, өз білімімізді толықтырдық па? «Бағдаршам» түстерімен өзімізді бағалайық
Топпен жұмыстанады. Балалар оқиды, мазмұнын түсінеді, кейбір сөздерге анықтама береді, салыстырады, эссе жазады. Жұмыстың соңынды топтар бірін – бірін бағалайды.

Кестенің 2 тапсырмасын орындап жазып, толтырады.
Өлеңді І,ІІ,ІІІ жақта өзгертіп оқиды.
Ребус құрастырып, оны шешеді.

 Бағдаршаммен бір – бірін бағалайды.
Пікірталас тудыру сұрағы Сұрақ:  Сақшылардың қызметі біздің елге керек пе? Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Дарынды оқушымен жұмыс

Қабілеті төмен оқушылармен жұмыс

Сақшы болу үшін не істеу керек?

Топтастыру
1. Қазақстан қандай елдермен көршілес?  
 


Сұрақтарға жауап айтады.
Қорытынды


 
Білемін Толтырылған
Білгім келеді Толтырылған
Білдім  

«Білдім» бөлімін толықтырады.

Бағалау
2 мин

«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.

Бағдаршаммен бағалайды.
Үйге тапсырма
 
Өлеңді мәнерлеп оқу, ұнаған шумағын жатқа айту. Сақшы туралы шағын ертегі құрастыру.
 
Күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.
Рефлексия
 
«Post-it»
Не нәрсе оңай болды?
Не нәрсе қиын болды?
Не білгіңіз келеді?
Өз ойлары жазады.
Категория: Бастауыш сыныптар | Bekamaster Bekamaster
91Просмотров: 91 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх