[ Добавить материал ]

8-сынып. Электр тогы. Электр тогы көздері. Электр тізбегі және оның құрамды бөлігі
19.10.2016, 02:05
Пән: физика, 8 «а» сынып                          Күні: 24.12.2014
Тақырыбы: Электр тогы. Электр тогы көздері. Электр тізбегі және оның құрамды бөлігі
Мақсаты Электр ток көздерін сипаттау
Күтілетін нәтиже А.Электр тогын біледі
В.Электр тогының әсерін түсінеді
С.Электр тогын өмірмен байланыстырады, есептер шығарғанда қолдана алады
Керекті жабдықтар ресурс парақтары,  жұмыс дәптері, маркер, АКТ , презентация, карточкалар
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе

 (10 мин.)
 
-Оқушылармен амандасу.
-сыныпты түгендейді
 -кезекшілік қызметін қадағалау
-оқушылардың назарларын сабаққа аудару
-психологиялық дайындық.
Оқушылардың сыни ойлауына негізделген «Мені тап» әдісі арқылы сөз немесе физикалық шамаларды ұсыну арқылы белгілі бір заңдылықты немесе анықтаманы тауып, топқа бөлу
І топ:«Ақ қалпақ»  
ІІ топ: «Жасыл қалпақ»        
ІІІ топ: «Қызыл қалпақ»
 ІVтоп : «Қара қалпақ»
Vтоп : «Көк қалпақ»
Үй тапсырмасын «Вербальды теннис» әдісін қолданып, оқушыларға тірек сөздерді ұсынып, оны сипаттау арқылы тексеру
Кулон заңы, нүктелік заряд, элементар заряд, электр өрісі, күш сызықтар, электр заряды, электрлену, электрон заряды, кернеулік, потенциал, потенциалдар айырымы, күш сызықтары, күштік сипаттама, энергетикалық сипаттама, конденсатор, электрсыйымдылық, электр тұрақтысы, электр өрісінің жұмысы
Топтарға «Теледидармен сұхбат» әдісі арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтаймын. 
-Мұғаліммен амандасады
-кезекшілік қызметін атқарады
-сабаққа зер салады
 Топтарға бөлінеді.
Топтар сұрақтарға жауап беру арқылы тапсырманы орындайды. Бір біріне көмектеседі.
Ұялы телефон арқылы байланыс жасап, сұраққа жауап беру арқылы  бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайды. Осы тақырыпқа байланысты келешекте не білгілері келетіндігі жөнінде өз ойларын жеткізу арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.

 
Тұсау-
Кесер

   (20 мин.)
 
Топқа ойлаудың «Бес қалпақ»  әдісі арқылы жаңа тақырыпты ашу, игеру  ұсынылады.
Бағдаршам арқылы Выготскийдің ЖАДАна сәйкес қажет болған жағдайда оқушыға көмектесу. Нәтижесі жарнама, постер немесе интелект карта қорғаумен аяқталады.
«Бас бармақ» әдісі арқылы тусіну дәрежесін бағалаймын.
Венн диаграммасы арқылы өткен тақырыппен байланыстырып, ұқсастықты тағайындау
Әр топ  тақырып бойынша жұмыстанады. Тапсырманы жеке оқу; топпен талдау; интелект карта жасау, қорғау.
1 топ «Ақ қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты электр тогы,пайда болу шарттары, ток әсерлерінің түрлерін,  электр тізбегінің құрамды бөліктерін, бөгде күштер, ЭҚК -і туралы нақты мәліметтерді айтады
2 топ «Жасыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көздерінің алу жолдарын, ток көздері туралы сипаттап шығармашылық немесе математикалық тұрғыдан сипаттап айтады.
3 топ «Қызыл қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты токтың әсерлеріне мысалдар келтіріп, өмірмен байланыстыра отырып, эмоциялық жағынан сипаттап айтады.
4 топ «Қара қалпақ» -Жаңа тақырыпқа байланысты ток көзінің кері әсері, зиянды жақтарын айтады.
5 топ «Көк қалпақ» -Жаңа тақырыпты қорытындылап айтады.
Топпен өзара бағалау критерийлерін ескере отырып, екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау.
Өткен тақырыпты еске түсіріп, бүгінгі сабақпен байланыстыра алады, жаңа тақырып бойынша ең негізгі материалды
Негізгі бөлім


(10 мин. )
1.Оқушыларға «Өздік жұмыс» арқылы есептер шығарту, «Орман өсіру» метафорасына сәйкес тапсырманы орындату. Қажет болған жағдайда «Дос көмегі» әдісін қолдану,

Резервтік тапсырма: жұптық жұмыста логикалық сұрақтарға жауап береді
 Әрбір оқушы өзіне берілген тапсырманы орындайды, есеп шығарады,
Дарынды оқушылар «Дос көмегі» әдісі арқылы бір біріне көмектеседі.
 Әрбір оқушы критерий бойынша өзін-өзі бағалайды.
Логикалық сұрақтарға жұптасып жауап береді.
 
Қоры-
тынды
(5 мин.)
 
Кері байланыс. Оқушылардың пікірлері немесе бағалау критерийі бойынша оларды бағалау, тақырып бойынша үй тапсырмасын беру Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады.
Категория: Физика | Bekamaster Bekamaster
102Просмотров: 102 | Загрузок: 2 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх