[ Добавить материал ]

9-сынып. Практикалық жұмыс №5. Әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу
19.10.2016, 02:04
 
    9 «а» сынып
 
Мерзімі      10.01.15. Сабақ  33
Сабақтың тақырыбы Практикалық жұмыс №5. Әр түрлі маятниктер тербелісінің периодын есептеу.
Мақсат а)Математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периодын есептей алады.
Б) Математикалық маятниктің периодын есептеу  параметрлерін ажыратады.
С) Периодты есептеу  параметрлері арасындағы байланысты, айырмашылықты тағайындайды.
Күтілетін нәтиже Оқушылар білуге тиіс
 1. біледі: тербеліс параметрлерін.
2. қолданады:  математикалық және серіппелі маятниктің тербеліс периодын  сипаттайтын параметрлердің байланысын есептейтін формулаларды
Сабақтың типі Жаңа сабақ 
Тапсырма Жеке жұмыс — жұмысты  қорытындылайды.
Жұптық жұмыс — есептеулер жүргізеді.
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар:  Серіппелі маятник, математикалық маятник, серіппе, жүк, динамометр.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі
(5 мин)
Ұйымдастыру (1 мин)
Сабақтың мақсатымен таныстыру
Сабаққа әзірліктерін тексеру (1 мин)
Білім тексеру сұрақтары
(тізбек түрінде):  (3 минуты)
Мұғалім оқушыларды суммативті бағалайды  


Сабаққа әзірленеді, мұғалімнің сұрағына жауап береді
Презентация
 (8 мин)
 1 тапсырма: маятниктің тербеліс периодын тербеліс саны арқылы анықтау.
2 тапсырма:  маятниктің тербеліс периодын серіппенің қатаңдығы арқылы анықтау.
3 тапсырма: маятниктің тербеліс периодын еркін түсу үдеуі арқылы анықтау.
(8 мин)
Мұғалімді тыңдай отырып, негізгі мәліметтерді жазады
Негізгі бөлім
(22 мин)
Жұптық жұмыс (есептер шығару)
Жұптасып тапсырманың  мазмұнымен танысады, талдайды
Жеке жұмыс  «Сәйкестендіру»
 Таблицаны толтырып, есептеулер жүргізеді.
№1.
t, c N T, c
1      
2      
3      

№2.
L, м g, м/с2 T
1      
2      
3      


№3.
m,кг F,Н k, Н/м x,м T,с
1          
2          
3          
Жұптық жұмыста тапсырманы орындайды — практикалық жұмыс.
Жеке жұмыс- жұмыс дәптері, топшамалар
Сабақты қорытындылау
(10 мин)
Бекіту  -  ( 5 мин)
Сабақ бойынша рефлексия (3 мин)
Әрбір оқушы толтыру керек
стикерге:
Мен енді білемін
Менің көзім жетті
Мен енді жасай аламын
Мен үйрендім
Мен жасай алдым
Оқушылдарды бағалау  (2 минут) 
   Ү/т  (2 мин) §
Мұғалімнің сұрағына жауап береді, өзара бір-біріне сұрақ қояды

Рефлексия парағын толтырады.
Рефлексия парағында міндетті толтыратын 5 жолды толтырады.
 
Сабаққа анализ.
Сабақ күндегіге қарағанда белсенділеу болды. Сабақ мақсатына жетті. Мақсатына жеткенін маятниктердің тербеліс периодын әр түрлі тәсілдер арқылы есептеуді жүргізе алғандықтарынан, ал күтілетін нәтижеге осы тақырыптың формуласын пайдалана отырып, есептеулер жүргізе алғандықтарымен  дәлелдеймін. Сабақтың топтық жұмысы сәтті шықты, сәтті шығуына оқушылардың бірлескен іс-әрекеті әсер етті, сәтсіз жақтары тізбек түрінде білім тексеру сұрақтарына жеткілікті дәрежеде жауап бере алмау болды. Болашақта топқа бөлгенде деңгейлерін ескеруім керек, себебі 4 оқушының деңгейі төмен, олардың бірыңғай отырып қалды. Сабақты жетілдіру үшін тапсырмаларды уақытпен есептеуім керек, оқушыларға бағалау критерийімен жұмыс істеудің жолын түсіндіруім керек.
 
Сабақ бойынша өзгеріс
Топ болып тапсырманы орындап болғаннан кейін арасында сұрақтар беріп отырдым. Сұрақтар мен тапсырманың арасында , әрине, байланыс бар, бірақ оқушыларға бірлесіп, бір-біріне қолдау көрсету арқылы жұмыс істеген көбірек ұнайды, сондықтанда сұрақты өзім қоймай оқушыларға қойдырып, жауабын іздеу арқылы тапсын деген ойда болдым. Осы жағына өзгерістер енгізуім керек
 
Категория: Физика | Bekamaster Bekamaster
143Просмотров: 143 | Загрузок: 5 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх