[ Добавить материал ]

11-сынып. Аустралия Одағының тарихы мен шаруашылығы туралы білімдерін қалыптастыру
19.10.2016, 03:01
Аустралия одағы
Мақсаты:Аустралия Одағының тарихы мен шаруашылығы туралы білімдерін қалыптастыру

Күтілетін нәтижелері: 1.Материк халқының қалыптасу тарихын біледі.
2. Материктің физикалық картасынан халық көп қоныстанған аудандарын көрсетеді.
3 Аустралия Одағы шаруашылығының жетекші салаларын ерекшеліктерін табиғат жағдайымен байланыстырып, тұжырымдайды.
Керекті жабдықтар: Оқулық,қосымша ресурстар,Аустралия материгінің физикалық картасы,атлас, интерактивті тақта ,флипчарт, түрлі –түсті маркерлер,
Сабақ барысы:
Сабақ кезендері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті


Кіріспе Сәлемдесу
Топқа бөлу.Жемістер түрлерін тандап бөлу. Психологиялық ахуал орнату:
- Егерде сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз – оң қолыңызды көтеріңіз
- Егер сіз адамның шыңшылдығын бағаласаңыз – алға ардымдаңыз.
- Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз – аяғыңызды қозғаңыз.
- Егер де сізге география пәні ұнаса – шапалақтаңыздар.
- Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз – қол ұстасыңыз.

Ү/т тексеру.Топта кестелерін тексеру,қасында отырған он жағындағы көршісінін жұмысын, кескін карталарын тексеру .

Сұрақты ұстап ал.
1.Аустралия материгінде қандай табиғат зоналары кездеседі?
2.Аустралияға ғана тән эндемик өсімдіктер мен жануарлардың үлесі.
3.Неліктен Аустралияда өсімдіктер мен жануарлардың ерекше түрлері сақталып қалған?
4.Материкте шөлдердің қандай түрлері кездеседі?
5.1841 жылы саяхатшы Джон Эйр материктің оңтүстік жағалауындағы шөлді не деп атаған?
6.Маргината эвкалипттерінен тұратын қатты жапырақты ормандар материктің қай жағында көп таралған?
7.Сирек ормандар мен саванналар материктің қай бөлігін алып жатыр, және онда қандай өсімдіктер мен жануарлар кездеседі?
8.Үлкен суайрық жотасының шығысында қандай табиғат зонасы орналасқан,онда қандай өсімдіктер көп өседі?
9.Тасмания аралында қандай ерекше жануарлардың түрлері мекендейді?
10.Аустралияның елтаңбасы мен күміс ақшаларында ненің бейнесі таңбаланған?

Мұғалім ұсынған жемістерден өзіне ұнаған түрін тандап алады.
Оң қолдарын көтереді



Алға бір қадам жасау

Аяқтарын қозғайды

шапалақтайды

қол ұстасады

он жағындағы көршісінін жұмысын, кескін карталарын тексеру .Критерийлер бойынша тексеріп, топбасшысына айтып отырады.
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады , оқушыларды өз еркімен беру үшін ниет білдіруге итермелейді. оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына болады. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
Тұсаукесер Бір материктін барлығын алып жатқан .
Мендей жоқ бірден-бір ел жер шарында
Темір менен көмірді сыртқа сатып, аламын бірінші орын қой басынан да.
Сабақтын мақсаты қандай ? өздерін осы сабаққа табыс критерийлерін қоя аламыз ба?
Табыс критерийлерін шығарып, тақтаға оқушылар айтқан критерийлерді жазады
Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Тапсырма береді. Өздері толығымен параграфты оқып шығады, топта талдайды.
Кескін картаға астанасын бергілеу.
Деңгейлік тапсырмаларды тақтаға іліп қояды.
1.Аустралия Одағы дүние жүзінде ауданы бойынша нешінші орын алып жатыр ?
2.Халықтын көбі материктің қай жағында тұрады ?
3. Материкте халық неге сирек қоныстанған ?
4. Африка менАустралия материктерінің халқының айырмашылықтарын атаңыз
5. Қалай ойлайсындар неге материкте қой шаруашылығы жақсы дамыған ?
6. Еуропалықтар материкке сырттан әкелген өсімдіктері мен жануарлары пайда әкелді ме ?.
7. Елдін шаруашылығы табиғат жағдайына қалай бейімделген ? Мысал келтір.
8. Аустралиянын табиғат жағдайларын пайдаланып қандай шаруашылық салаларын дамытуға болады деп ойлайсындар ?
9. Аустралия Одағы халқы тез көбейсе ,ел өзінің азық жетіспеу проблемасын қалай шешеді деп ойлайсындар ?
Дәптерге жауаптарын жазады, әр оқушы өзінің тапсырма бойынша орындаған деңгейін көріп отырады.
Тапсырмаларды тексеру, топбасшылары алдымен топтағы әр баланын жеткен сұрақтарын жазып алады.
Жауаптары толық немесе қате болса дұрыстау, толықтыру.
Қорытынды
Алты қалпақ рефлексия,
ү/т- қайталау, Аустралия Одағы туралы қосымша мәліметтер әкелу.
Бағалау, қөрытындылау
Әр топ өзіне қалпақты таңдап алады,ойларын айтады.
Өзара бағалау
Топ басшылары балдарын санап, бағаға айналдырады.
Ү/т жазып алады
Категория: География | Bekamaster Bekamaster
98Просмотров: 98 | Загрузок: 1 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх