[ Добавить материал ]

7-сынып. Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі
19.10.2017, 02:57
Сыныбы:   7 а, б, в                      уақыты:   
Сабақтың тақырыбы: Африканың физикалық-географиялық орны, материк жағалауын шайып жатқан  мұхиттар мен теңіздер, Африканың зерттелуі
Мақсаты : Африканың географиялық жағдайының ерекшеліктерін ғалымдар зерттеулеріне сүйене отырып, білім беру
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Күтілетін нәтижелер: А) Африканың географиялық жағдайын біледі;
В) Жағалауындағы мұхиттарға сипаттама бере отырып, кескін картаға түсіре алады;
С) Африканың ерекше аймақтарын анықтап, тұжырым жасай алады
Керекті жабдықтар: Ресурстық парақтар, оқулық, дүниежүзінің физикалық  картасы, атлас,  кескін карталар, интерактивті тақта,  бағалау парақтары.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Диалогтік оқыту: зерттеушілік әңгіме, топтық әңгіме, «Галлереяға саяхат», жоғары дәрежелі cұрақтар,  «Ыстық орындық», кеңейтілген тапсырмалар, «Бағдаршам»
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері: Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе     
(5 мин)
Ынтымақтастық атмосферасын орнату, сыныппен амандасып, көңіл­күйлерін сұрау
3. «Мұхиттар белгісі» бойынша  топқа бөлу
- Балалар, мұхиттар туралы бұрыннан білетіндеріңізді естеріңізге түсіріп, топтасайық.
Түрткі сұрақтар:
1. Ең терең шұңғыма қай мұхитта? (Тынық)
2. Пуэрто­Рико қай мұхиттың терең жері? (Атлант)
3. Барлық климаттық белдеулер өтетін мұхит? (Тынық)
4. Қызыл теңіз қай мұхиттың теңізі? (Үнді)
5. Ең жылы ағыс  Гольфстрим ағысы қай мұхитқа тән? (Атлант)
6. Ең таяз мұхит? (Ссолтүстік мұзды мұхит)
7. Ең көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан мұхит? (Үнді)
8. Ең лай теңіз қай мұхитта? (Атлант)
9. Ең кіші мұхит? (Солтүстік мұзды мұхиты)
10. Зонд шұңғымасы қай мұхитта орналасқан? (Үнді)
11. Ең балыққа бай мұхит? (Атлант)
12. Ең үлкен мұхит? (Тынық)
13. Ең суық мұхит? (Солтүстік мұзды мұхит)
14. Ең жылы мұхит? (Үнді)
15.Ең солтүстікте орналасқан мұхит? (Солтүстік мұзды мұхит)
16. Мариан шұңғымасы қай мұхитта? (Тынық)
-мұғаліммен амандасып, назарын сабаққа аудара отырып, оқушылар алдағы  бірлескен жұмысқа  әзірленеді. 
-  Мұхиттар туралы бұрыннан білетіндерін естеріне түсіріп, мұхит белгілеріне қарай «ең, ең, ең .....» сұрақтарына жауап іздей отырып топтасады.
Тұсаукесер  (3 мин) «Миға шабуыл»
Сынама сұрақ:
- Балалар сіздер мұхиттар туралы бұрыннан білетіндеріңіз бойынша топтастыңыздар. Олай болса, бүгінгі сабағымызға көшпестен бұрын мына бейнежазбаны тамашалайық.
Африканың географиялық орны туралы бейнежазба көрсетіледі.
- Бұл бейнежазбадан не түйдіңіздер, өздеріңізге бұрыннан не таныс болды?
- Олай болса, бүгінгі жаңа сабағымыз Африка материгінің географиялық орны мен жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер  және Африканың зерттелуі жайында  болмақ. Африка материгі туралы  кеңінен танысу үшін ары қарай жұмыстанатын боламыз.
Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.
Өткен материалды еске түсіріп, жаңғыртуды  іске асырады.  


Оқушылар Африканың географиялық орны туралы бейнежазбаны тамашалап, Сахара, Ніл өзендері сияқты географиялық нысандарды тану арқылы жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтайды.



 
Категория: География | Bekamaster Bekamaster
125Просмотров: 125 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх