[ Добавить материал ]

7-сынып. Қорытынды сабақ
19.10.2016, 15:18
   7-сынып Информатика сабағы
Сабақтың тақырыбы:

Қорытынды сабақ

Мақсаты:
 
Өткен сабақтарды қортындылап, білім және біліктілік қабілеттерін тексеру.
Күтілетін нәтиже:

 
Электрондық поштамен жұмыс істей білу; ақпараттық технологияны пайдаланып, қажетті  мәліметтер жинақтау.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Тапсырмалар:

 
-жеке жұмыс;
-жұппен жұмыс.
-топпен жұмыс;
Ресурстар, қолданылатын құралдар көзі: Флипчарт. тест, ресурс, Венн диаграммасы
Сабақ барысы:
Сабақ құрылымы Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
 
Сергіту сәті
(3 мин)




















 
Психологиялық дайындық
1. Аз уақытта жұптағы оқушылар екеуіне ортақ қабілеттерін анықтауы қажет.  Әр жұптан бір кісі екінші жұпқа ортақ қабілеттерін айтады.
Тренинг
2. Оқушылар ортаға шығып орындыққа отырады, әр оқушыға қағазға жазылған сан беріледі, ол қағазды ешкімге көрсетпеуі керек, жүргізуші кез келген 2 санды айтқанда 2оқушы орындарымен ауысу керек, сол кезде  жүргізуші олардың орнына отырып алуы керек.


Топқа бөліну
«Лидер анықтау» Оқушылардың ішінен 3 лидер ортаға шығады, оларға:
  • осы сыныптан өзіңізбен саяхатқа шығу үшін серіктес таңдандар;
  • отын жағатын кісіні таңдандар;
  • тамақты дәмді пісіретін кісіні таңдандар.
Осы кісілермен топ болып отырыңыз.

Оқушылар орындарында отырып анықтайды.



Оқушылар ортаға шығып тренинг орындайды, мұғалім бірге тренингке қатысады.








 Оқушыларға  өздерінің ішінен лидер таңдауына  мүмкіндік беріледі. Содан соң лидер өзінің тобына сыныптастарынан таңдайды.








 
Негізгі бөлім








(3мин)







(7 мин)























(2 мин)




(3 мин)









 (2 мин)












(10 мин)




(3 мин)



(5 мин)
Бүгінгі сабақта біз өткен тақырыптарды қайталаймыз (ақпараттық технологиялардың қоғамдағы рөлі ,  ғаламтор, ақпаратты іздеу, электрондық пошта, хабарлар құру және хаттармен жұмыс істеу).

1- тапсырма
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап, күтілетін нәтижесін шығару керек.


2- тапсырма
Жеке орындайтын тапсырма «Венн диаграммасы»
АҚТ нің қоғамдағы рөлі
Овальная выноска: АҚТ нің қоғамдағы рөлі
Ғаламтор.Ақпаратты іздеу
Овальная выноска: Ғаламтор.Ақпаратты іздеуӘр оқушыға ресурс беріледі, оқушы осы тақырыптар бойынша білгендерін өзбетімен диаграммаға толтыруы керек.




Электрондық пошта
 
 
 








Әр топқа «Сабақтағы жұмысты бағалау» парағын үлестіремін,  оқушылар сабақтың соңында өздерін бағалайды. Әр оқушы осы бағалау парағына қарап жұмыстануға тырысады.


3- тапсырма
Жұппен жұмыс.   Оқушыларды жұппен отырғызып,  әркім орындаған тапсырмасын жұпта, топта талқылайды

4 -тапсырма
Топтық жұмыс «Өкіл жіберу»
 Әр топтан бір өкіл басқа топтарға барып  өз тобының Венн диаграммасымен таныстырады, сол топтың пікірлерін тыңдап, толықтыратындарын, не болмаса алып тастайтындарын түртіп алады. 

  

Сергіту сәті


5- тапсырма
«Өзімнің жағымсыз қасиеттерім»
Әр оқушыға стикер беріледі «Өздеріңнің жағымсыз қасиеттерінді қағазға жазыңыз». Қағаздарды пакетке салып, қоқысты себетке саламын. «Еңді осы жағымсыз қасиеттеріңізден құтыласыз»

6- тапсырма
Венн диаграммасын  топта талқылап,  постер салыңыз.

7- тапсырма
Әр топтан бір оқушы шығып, өздері толтырған постер қорғайды. Басқа топтардан сұрақтарға жауап береді.

8- тапсырма
Үйден дайындап келген тесттерін қасындағы жұбымен айырбастап, бір-бірін тексереді.







Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын анықтап, күтілетін нәтижесін шығарып, тақтаға жазады.



Әр оқушы жеке  ресурспен танысып, толтырады. 
























Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ресурстарын толықтырады.





Оқушылар әр топтың пікірлерін тыңдап, өз ойларын қосады.







Оқушылар барлығы ортаға шығып, интерактивтік тақтаға қарап жаттығу орындайды.


Оқушылар стикерге өзінің бойындағы өзіне ұнамайтын жағымсыз қасиеттерін жазады.




Оқушылар өз ойларын ортаға салып, ресурстарын толықтырып постер салады.



Оқушылар тыңдап, сұрақтарын қойып постерді талқылайды.


Оқушылар тест орындап, өз білімдерін тексереді.
 
Қорытындылау
(5 мин)

 
Сабақты бекіту

Топта әр оқушы «Сабақтағы жұмысты бағалау» парағын толтырып, бағасын алады.

Оқушыларды бағалап, мадақтама сөздерді айтамын.


Кері әсер.
Стикерлер үлестіремін.
 
Оқушылар өз белсенділігін сабақта бағалап, тиісті бағасын алады.

Әр  оқушы өз пікірін айтады.



Оқушылар  сабақта ұнағандарын жұлдызға, мұғалімге қояр сұрақтарын ? жазады.
                                  ?



 
Сараптама.  Бұл сабақта өткен сабақтарды қорытындылау болды.  Сабақтың басында ынтымастық атмосферасын қалыптастыру   мақсатында психологиялық дайындық
өткіздім. Бірінші тренингте оқушылар өте аз уақыт ішінде ортақ қызығушылықтарын  табты. Бұл тренинг жұпта орындалды. Тренинг болғандықтан мен оқушыларға критерий қойған жоқпын. Оқушылар бір біріне ортақ қасиеттерін тауып онымен келесі жұппен өлісті. Мысалы:Әселдің айтуы «Біз Лаура екеуіміз мысықты жақсы көреміз,  математика пәнінің ұнатамыз, және қызғылт түсті жақсы көреміз», Муса айтты «Біз Бекжанмен балық аулағанды, футбол ойнағанды, кросовки аяқ киымын, Актофар онлайн ойының ұнатамыз»  Тренинг қызықты өтті, нәтижесінде оқушылар бірін-бірі көбірек білетін болды.
          Екінші тренинг  шеңберде өтті,  тренингте мен сыныптан үш лидерін анықтауын сұрадым. Сыныптан Мейрамгүл, Даяна және Акерке шықты. Лидер анықтаған кезде  Ақерке ұялып, басқалары ұсынғаннан кейін шықты.  Оларды ортаға шығарып, саяхатқа шыққанда осы сыныптан кімді қасына лестіріп алар едініз, деп сұрақ қойдым. Бұл кезде Мейрамгүл Алтынайды тандады, Даяна Лаураны тандады, Акерке Нұрдананы тандады. Содан кейін лидерлерге от жағатын кісіні таңданыз, деп айттым. Содан кейін басқа оқушыларды ренжітпеу мақсатында сізге дәмді тамақ пісіріп беретін оқушыларды тандандар, деп айттым. Солай сыныпты топқа бөлідім.  Келесі тренинг өздерінің жағымсыз қасиеттерін жазып беретін қағаз үлестірдім, болған соң жинап алып, «қоқысқа» салдым. Бұл арқылы олардың көңіл- күйі одан әрі жақсарды.
          Жаңа сабақ бастар алдында бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндетін анықтауын сұраған кезімде (осыған дейінгі болған сабақтарда өзім айтатынмын) Алтынай сабақтың мақсаты «өткен сабақтарды қортындылау» деп айтты. Осы пікірмен барлығы келісті. Сабақтын нәтижесіне Әселдін айтқан сөзін «электрондық поштамен жұмыс істей білу», және Мейрамгульдің «ақпараттық технологияларды пайдаланып, қажетті  мәліметтер жинақтау» деген сөздерін алдық.  Осы тапсырманы орындаған кезде оқушылар қиналды, дегенмен дәл мақсат пен міндетті анықтады. Келесі тапсырма Венн диаграммасын толтыру болды. Бұл тапсырманы орындау үшін мен әр оқушыға үйден дайындап  үш өткен тақырыпты кірістіріп Венн диаграммасын компьютерге басып алып келдім. Оқушылар өткен тақырыптарды естеріне түсіріп Венн диаграммасын толтырды. Бұл тапсырманы жеке орындап, соңынан жұпта, топта салыстырып, талдады. Содан соң топтың бір өкілі  келесі топпен салыстыра талдады. Бұл тапсырманы әр топтан лидерлері орындады. Тапсырманы орындау барысында лидерлер өздеріне жүктелген тапсырманы жауапкершілікпен атқарды, әр топтан оларға сұрақтар қойылды, сол сұрақтарға жауап беруді тырысты.
          Содан кейін үш тақырыпты салыстыра отырып жалпы тақырыпқа байланысты постермен жұмыстанды. Бұл кезеңде оқушылар әуелі неден бастау, не салу керектігін және т..б. талдады. Мейрамгулдің тобы неден бастауын білмей көп уақыт ойланып отырды.  Тапсырма басында таймер қойылды, бұл тез және уақытты үнемдеуге үйретеді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін әр топтың лидері постерлерін қорғады. Қорғау барысында сұрақтар қойылды, мысалы Акеркеге «Осы үш тақырыпты не байланыстырады?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ жоғары дәрежедегі сұрақ деп ойлаймын, өткені оған ойланып жауап беру керек. Акерке көп ойланбай Венн диаграммасындағы үш тақырыпқы ортақ қасиеттерін  айтып берді.
          Келесі тапсырмада оқушылардың үйден дайындап келген 10 сұрақтан  тұратын тесті орындалды. Әр оқушы үйден өзі дайындаған тестін қасындағы жұбымен алмасты, жауаптарын өздерінде қалдырды.  Бұл тапсырмаға 5минут уақыт берілді, оқушылар тапсырманы  орындап, кері алмасты. Қасындағы жұбын тексеріп, суммативті баға берді. Оқушылар өздерін сабақтағы жұмысты бағалау парағы бойынша формативті бағалады.
          Сабақ соңында оқушыларға кері байланыс парағын толтыруда, өз ойларын қорытып айтуға мүмкіндік бердім.  Бұның да өз кезегінде оқытуда көп көмегі тиеді. Қазіргі заманғы қарқындап дамып келе жатқан үздіксіз білім алу қажеттілігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Қорыта келгенде оқу оқушылардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Олар өздері оқудың әртүрлі әдістерін түсіну арқылы, яғни өздеріне сұрақ қоя отырып, білім алуға үйренеді. Мен өз іс-тәжірибемде осыған көз жеткіздім.
 Сабақ барысында тренинг өткізген кезінде жұптық жұмыстын мақсаты оқушылардың  бір бірімен диалог орнатуын қадағаладым. Бір бірімен жақын қарым қатынас орнатып ынтымақтастық атмосферасын орнатты.  Сыныптын  лидерлерін анықтау барысында оқушырадың өздеріне сеңімділік, жауапкершілік сезді. Венн диаграммасын орындату мақсатым, оқушылар өз білімдерін жүелеуге, сараптауға үйрету болды.
Категория: Информатика | Bekamaster Bekamaster
92Просмотров: 92 | Загрузок: 0 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх