[ Добавить материал ]

9-сынып. Бір өлшемді жиымдарға есептер шығару. ҚМЖ
19.12.2015, 10:00

         Пәні, сыныбы: Информатика,  9 сынып

Күні:

Сабақ №

Сабақтың тақырыбы

Бір өлшемді жиымдарға есептер шығару

Жалпы мақсаты

Тақырып бойынша білімдерін дамыту, операторлар қызметін ажырата білуді, оқушылардың ақпараттық мәдинетін арттыру, сөйлеу тілін, шығармашылық қабілетін дамыту

Оқу нәтижелері

  • Жиымдарға  программа құру әдіс-тәсілдерін біле  алады (кейбіреуі).
  • ДК де  редакциялауды үйрене алады (барлығы);
  •  Программаны  өңдей алады(барлығы);

Сабақ  түрі:

Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі:

ОЖТ (оқытудын жаңа тәсілдері): Топтық жұмыс, зерттеушілік әңгіме

СТО: Блум таксономиясы жоғары және төменгі деңгей сұрақтары

АКТ: интерактивті тақта,электрондық оқулық

ОБжК: (оқытуды басқару  және көшбасшылық): таныстырылымды қорғау

ОҮБ: (формативті, сумативті)

Дарынды және талантты  балаларды оқыту: Деңгейлік

                                                                                     тапсырмалар

Көрнекілігі

ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар, стикер, түрлі түсті қалам, постер.

Түйінді идеялар

Бірлескен топтық жұмыс оқушылардың ынтымақтастығын дамытады.

Сабақ кезеңдері

Кіріспе

Уақыты: 5 мин

Қызығушылықты ояту.

Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Тренинг: «Жақсы лебіз» ойыны

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналады. Бір оқушы қасындағы көршісіне жақсы лебіз білдіреді. Екінші оқушы үшіншіге т.с.с

Гүл  арқылы сыныпты 2 топқа бөлу.

 

Тұсаукесер

Уақыты: 5 мин

 

Ой шақыру-фронтальді тренинг 

Флипчарт арқылы сұрақтар жасырылады. Оқушылар өздері қалаған сұрақтарын таңдай отырып, артында жасырылған сұрақтарға жауап береді

1.  Массивтер деп нені айтамыз,қандай түрлері бар?
2.  Паскаль тілінде массивтер қалай сипатталады, олардың құрамы қандай?
3.  Массивтердің элементтері мен индекстерінің типтері қандай болуы мүмкін?
II деңгей

Семантикалық картаны толтырыңыз:
1.  Кесте сызықты деп аталады, егер_____ _____ ______ ____
2. _____ , _____, ______ күрделі типтер болады.
3. 5 элементтен тұратын А массивін сипатта:____ ____ ____ ____ _____

 

 

Негізгі бөлім

Уақыты:25 мин

 

 

 

 

 

 

 

Мағынаны тану.

 

1-топ: «Жиым және оның түрлері»

2-топ: «Програманы енгізу және редакциялау»

Деңгейлік тапсырмалар. (Топшамалар тарату)

І топ

№1. Нақты сандардан тұратын бірөлшемді аі жиымы берілген.Жиым элементтерін кері орналастыр. (i=1,2…5)

№2. Сызықты Х массиві берілген. Х-тің элементтерінің оң және теріс мәндерін жеке екі массив құру

ІІ топ
№1 . а1, а2, а3 ... а n массив эементтерін өсу реті бойынша реттеп жаз.

№2. 100 элементтен тұратын А массивінің элементтерін кему реті бойынша

орналастыратын бағдарлама құру

Сергіту сәті. Видеоролик арқылы

Білімді есепке алу блогы. Беркіту тапсырмасы:

 Бұл кезеңде «KZINFORM»  электронды оқулығынан өтілген тақырыпқа сай, тест жұмысын орындайды

Оқушы шығармашылығы

Қызықты информатика әлемінде блиц-сұрақтар беру.

  • Ақпаратты адамнан ЭЕМ-ге беруге арналған құрылғы.
  • Программалау тілінің авторы?
  • Жиымдардың типін программада сипаттау операторы?
  • Шектеулі тип дегеніміз не?
  • Тұрақты және айнымалы шамалардыңайырмашылығы неде?

Қанша тілді білесің?

1. Күн-күн сайын жыртылдық,

   Өміріміз бір жылдық

                                      2. Сурет салу құралы

                                       Қатеңді түзетіп тұрады

3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

                                                  (курсор) 

                                        4. Төртбұрышты әйнек,

                                        Толып тұрған әлек.       (монитор) 

5. Биологияда бұл паразит

   Көзге зорға көрінер.

   Информатикада өлшем бірлік,

   Ақпараттарды өлшер.                      (бит)

 

 

Қорытынды

Уақыты: 6 мин

 

 

 

 

 

 

Рефлексия

 

Екі жақты бақылау күнделігі

Тақырыптың маған әсер еткен жері

Несімен әсер етті?

 

 

Үй тапсырмасы

Уақыты: 2 мин

Ақпараттық кезең

Үйге: тақырыпты оқу.

  • 12 тақырып. 4 есеп (стандартты тапсырма)
  • Жеке оқушыларға өтілген тақырып бойынша бейнесөз құрап келу ұсынылды. (стандартты емес тапсырма)

 

  Бағалау

Уақыты: 2 мин

 

 

Формативті бағалау «2 жұлдыз, 1 ұсыныс»  және сабаққа қатыстары бойынша  жиынтық баға қойылады.

 

Дерекккөздер

Б. Сапарғалиева, Н. Масалимова  «Информатика» оқулығы,  «Арман ПВ» 2013, 9-сыныпқа арналған электрондық оқулық,  «Әдістемелік нұсқау», Дидактикалық материалдар (практикум), Интернет материалдары

Категория: Информатика | aaa aaa
1992Просмотров: 1992 | Загрузок: 63 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх