[ Добавить материал ]

Бейорганикалық заттардың кластары. Бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс
11.08.2015, 21:29
№ 3 Сабақ Химия Күні: Сабақ тақырыбы: Бейорганикалық заттардың кластары. Бейорганикалық заттардың кластары және олардың арасындағы генетикалық байланыс Сілтеме: Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж. Жалпы мақсаттар: Дүниетанымдық сипатта қорытынды жасау үшін бейорганикалық қосылыстардың кластары жататын заттардың генетикалық байланысы туралы оқушылардың білімін жүйелеу және толықтыру .Бейорганикалық қосылыстар жайлы алған білімді бекіту. Генетикалық байланыс және қатар жайындағы ұғымдарын тереңдету. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланыстарды реакция теңдеулерін жазу арқылы іске асырады. Күтілетін нәтиже Күрделі және жай заттар арасындағы байланыс типін анықтай алады; Топпен жұмыс жасауда өзінің жасаған жұмысын қорытындылайды. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды. Түйінді идеялар Генетикалық байланыс,жай зат,күрделі зат, металл, бейметалл, оксид, негіз,қышқыл,тұз.Генетикалық байланыс жай заттар мен бейорганикалық заттардың басқа топтары арасында болады. Генетикалық байланыс бойынша бір заттардан басқа заттарды алу және олардан бастапқы заттарды алу. Сабақтың әдісі Топтық, жеке, жұптық тапсырмалар, диалог әдісі, өздік жұмыстар. Ойлан,жұптас,талқыла, крестіктер мен нөлдіктер,химия құпиясы Сабақтың көрнекілігі Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интерактивті тақта, маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар. 9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады. Үй тапсырмасын сұрау І-тапсырма. Сұрақ –жауап. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады. 1. Элементтер периодтық жүйеде қандай белгілеріне қарай орналасқан? 2. Периодтық жүйе қалай құрылған? 3. Периодтық жүйеде атом ядросы зарядының артуына байланысты элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 4. ІҮ-ші периодтағы нағыз металдар мен нағыз бейметалдарды атаңдар. 5. Периодтық жүйеде неше топ бар? 6. Топтар қалай бөлінеді? 7. Атомның ядро зарядына байланысты топшаларда элементтердің қасиеті қалай өзгереді? 8. І -топтағы ең белсенді металды және VII -топтағы ең белсенді бейметалды атаңдар. «Ой қозғау » Ой – тұжырымдамасы: 1. Периодтық жүйеде барлық элементтер рет бойынша нөмірленген. Бұл нөмірлер реттік немесе атомдық нөмер деп аталады. 2. Периодтар горизонталь қатардан тұрады. 7 период болады. 3. ІІ, ІІІ период элементтері типтік деп аталады. Себебі металдан еке дайлы элементтерге→ бейметалдарға → →инертті газға өзгереді. 4. Топтар → негізгі → қосымша топшаларға бөлінеді. 5. Әрбір атом ядросының оң заряды, электрондар саны элементтердің реттік нөміріне тең. 6. Ядро заряды бірдей, бірақ атомдық массалары әр түрлі, бір элементтің атомдарының түр өзгерісі изотоптар деп аталады. Әрбір изотоп екі шама: атомдық масса және ядро заряды жазылады. Жаңа сабақ Сұрақ-жауап. 1. Оқсидтер дегеніміз не? Мысалы 2. Негіздер дегеніміз не? Мысалы 3. Қышқылдар дегеніміз не? Мысалы 4. Тұздар дегеніміз не? Мысалы 5. Металдарды реакцияға кірістіріп тұз алуға болатын үш тәсілге мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар. 6. Оксидтер реакцияға қатысқанда тұз түзетін үш тәсілге мысал келтіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс. Сыныпты 3 топқа бөлу. 1.-топ Элементтің периодты жүйедегі орны. а) реттік нөмірі; ә) периоды, қатары; б) тобы, топшасы; в) атомдық массасы; Элементтің атомдық құрылысы. а) атом ядросының заряды; ә) атом құрамының формуласы (р,n,е сандары); б) энергиялық деңгейлер саны және онда электрондардың орналасуы (е); в) электрондық формуласы (1s2,2s….); г) кванттық ұяшықтар; д) сыртқы қабаттағы электрон саны → металл немесе бейметалл; 2- топ Элементтің жоғары валенттілік көрсететін қосылыстарының формуласы. а) оксидтері; ә) гидроксидтері; б) ұшқыш сутекті қосылыстары; Химиялық қасиеті. а) оксидінің (негіздік, екідайлы, қышқылдық) ә) гидроксидтері (негіз, екідайлы, қышқыл) 3- топ Элементті көрші элементпен салыстыру. а) период бойынша; ә) топ бойынша; (металды бейметалмен салыстыруға болмайды). Тапсырмалар Өзіндік жұмысы. І-деңгей 1. Мына қосылыстарды: НСІ, СаО, NаСІ, Сu(ОН)2, Н2SO4, СаСO3, СO2, NаНСO3, LiОН, НNО3, Р2O3, КNО3, РbСІ2, Nа3РO4, Ғе(ОН)3 кластарға жіктеп, формулаларды кестенің сәйкес бағандарына бөліп жазыңдар. Оксидтер Негіздер Қышқылдар Тұздар ІІ-деңгей 1. Мына оксидтердің: а) натрий оксиді; ә) көміртек (IV) оксиді; б) фосфор (V) оксиді; в) кальций оксидінің сумен әрекеттесу теңдеулерін жазыңдар және түзілген ерітінділерде лакмус қағазы қандай түске боялатынын түсіндіріңдер. 2. Металдарды реакцияға кірістіріп тұз алуға бола- тын үш тәсілге мысал келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар. ІІІ-деңгей 1. Мынадай қосылыстарды: 1) калий гидроксидінен екі тәсілмен калий фосфатын; 2) кальций гидроксидінен екі тәсілмен кальций қарбонатын қалай алуға болады? Мысалдар келтіріп, сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар. 2. Кальций сульфатын қалай алуға болады? Бес түрлі тәсілін көрсететін химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар. ІV-деңгей 1. Берілген өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін реакция теңдеулерін жазыңдар және заттарды атаңдар: Li→Li2O→LiOH →LiCI→LiNO3 Шешуі: 4 Li + O2 = 2Li 2O Li2O + H2O = 2LiOH LiOH + HCI = LiCI + H2O LiCI + AgNO3 = LiNO3 + AgCI↓ N2→ NH3 → (NH4)2SO4→ NH4CI→ NH3→ NH4NO3 Шешуі: 1) N2 + 3H2 à 2 NH3 NH3 + H2SO4 à (NH4)2SO4 3) (NH4)2SO4 + BaCI2 à 2NH4CI + BaCI2↓ NH4CI à NH3 ↑ + HCI NH3 + HNO3 à NH4NO3 Al→Al2O3→ AICI3 →Al(NO3)3 → AI(OH)3 → Al2O3→Al Шешуі: 4AI + 3O2 à 2AI2O3 AI2O3+ 6HCI→ 2AICI3+ 3H2O AICI3 + 3 NaOH à AI(OH)3 ↓ + 3NaCI 2AI(OH)3 à AI2O3+ 3H2O 2AI2O3 → 4AI + 3O2 2. Мына сызбанұсқадағы өзгерістерге мысалдар келтіріп, реакция теңдеулерін жазыңдар: 1) металл → негіздік оксид → негіз → түз; 2) бейметалл → қышқылдық оксид → қышқыл → түз. Кез-келген бағыдта (тігінен,көлденең,диоганаль) түзу сызықпен катар тұрған үш химиялық элементты сызыңдар Кейінгі тапсырмалар Есеп шығару. 1. Мына деректерге сүйеніп, төменде келтірілген элементтер оксидтерінің формулаларын құрастырыңдар: 1) S - 50,0% 3) C - 42,8% 5) Cu- 80,0% m(S):m(C):m(Cu)=50,0∶42,8∶80,0 = 50,0/32 ∶ 42,8/12 ∶ (80,0 )/(64 )=1,56∶3,56∶1,25= =1,56/1,25 ∶ 3,56/1,25 ∶ (1,25 )/(1,25 )=∶3,56∶1,25 2) Mn - 49,6% 4) Pb - 46,6% 6) P - 56,4% 2. Құрамы төмендегідей болып келетін гидроксидтердің формулаларын табыңдар (масса бойынша процентпен): 1) Sn - 61,8% О - 36,0% Н- 2,3% 2) Mn - 77,7% О - 21,0% Н - 1,3% 3) Pb - 75,3% О - 23,2% Н- 1,5% 3. Күкірт (VI) оксидіндегі күкірттің массалық үлесі (%) Шешуі: М(S) = 32 г/моль m(S) = ν • М(S) = 1 моль • 32 г/моль = 32 г М(SO3) = 80 г/моль m(SO3) = ν • М(SO3) = 1 моль • 80 г/моль = 80 г ω(SO₃)=(32 г∙100 %)/(80 г) =40 % Оқулықтағы жаттығу ж ұмыстарын орындау. Бағалау Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.Топтағы оқушылар бағалау парақшаларына критерий арқылы бағалайды Кері байланыс Смайликтер арқылы өзара бағалау. Бағалау критерийі бойынша бағалау.Кері байланыс. Бүгінгі сабақта не үйрендім? Оқушы рефлексиясы стикерге жазу. Үйге тапсырма §2 оқып келу.
Категория: Химия | Исабековна Исабековна
1667Просмотров: 1667 | Загрузок: 58 | <Рейтинг: 3.3/3
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх