[ Добавить материал ]

Техникалық қауіпсіздік ережесі. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық
11.08.2015, 21:54

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы:  9

Пәні : Химия

 

№1 сабақ

 

 

Химия

 

Күні:

 

Сабақ тақырыбы:

  Техникалық қауіпсіздік ережесі.  Химияның негізгі түсініктері мен заңдары, атом құрылысы теориясы тұрғысынан Д.И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы

Сілтеме:

Жалпы білім беретін мектептің 9 – сыныбына арналған оқулық «Химия» Алматы «Мектеп» 2012, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, К.Жексембина, орта мектептің 8-11 сынып оқушыларына арналған оқу құралы Химия есептері мен жаттығуларының жинағы Алматы «Рауан» 1997 Я.Л.Гольдфорб, Ю.В.Ходаков, Ю.Б.Додонов, Химия жұмыс дәптері, Н.Нұрахметов, К.Сарманова, Н.Заграничная,Алматы «Мектеп» 2008ж.

Жалпы мақсаттар:

 

Д.И.Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы.  Химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы.
Оқушыларға металдар мен бейметаллдар ұғымын қалыптастыру. Екідайлы қасиет көрсететін элементтердің топтары туралы түсіндіру. Элементтердің адам өміріндегі маңызын, қолданылу аясын түсіндіре отырып,  химия пәніне қызығушылығын арттыру.

Күтілетін  нәтижесі

 Менделеев жасаған периодтық жүйесі мен заңы,  химиялық элементтерді жіктеудің нәтижесінде периодтық заңның ашылуы туралы білім қалыптасады. Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады. Критерий  арқылы  оқушылар  бір-бірін  бағалайды.

Түйінді идеялар

Периодтық жүйедегі орнына байланысты химиялық элемент және оның қосылыстары жайлы болжам айта білуді қалыптастыру, элемент қасиеттерінің өзгеруіндегі заңдылықтар туралы білімді бекіту. Периодтық жүйедегі барлық элементтер арасында қандай өзара байланыстылық болатындығын көрсету.

Сабақтың әдісі

Топтық жұмыс, Т кестесі, Миға шабуыл,Сандар сыр шертеді,Жұптық жұмыс, Деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі,  интерактивті тақта,   маркер, қарындаш, плакаттар, слайдтар.  9-сынып электрондық оқулық. АКТ-ны пайдаланып, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, ББү кестесі

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен  сәлемдесу,  түгелдеу.
  • Оқушыларды  топқа бөлу  элементер таңбасы арқылы.
  • Оқушыларға бағалау парақшалары таратылады.

Қызығушылықты  ояту

 

І-тапсырма. Сұрақ –жауап.

  1.  Д.И.Менделеев периодтық заңды негіздегенде химиялық элементердің қандай белгілеріне сүйенді?
  2. Химиялық элементердің периодтық жүйесі қалай құрылған?
  3. Период түсінігіне анықтама беру, период санын және олардың жіктелуін көрсету.
  4. Топ түсінігіне анықтама беру, топ санын және олардың жіктелуін көрсету.
  5. Химиялық элементтерді бір топқа және бір топшаға біріктіретін белгілерді түсіндіру.
  6. Бір периодта орналасқан химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?
  7.  Негізгі топшада орналасқан химиялық элементтердің қасиеттері қалай өзгереді?
  8. Шынының балқуы қандай құбылысқа жатады ?
  9. Атом молекулалық ілімді жасаған ғалым ?
  10. Атом құрамындағы бейтарап бөлшек ?
  11. Скандинавия аралының құрметіне аталған элемент ?
  12. Сүттің ашуы қандай құбылыс ?
  13. Қандай су дем шығарудан лайланады ?
  14. Қай элемент жетіспеуінен тіс ауруына ұшыратады ?
  15. Құрамында кіретін заттың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспа қандай қоспа деп аталады ?
  16. Бір ғана химиялық элемент бірнеше жай зат түзе алатын құбылыс ?
  17. Қышқылдар мен сілтілерде өзінің түсін өзгертетін заттар ?

ІІ-тапсырма. Химиялық диктант

Ауадағы газдардың құрамына оттегінің ..........   кіреді.

Су молекуласы оттегінің және сутегінің ...........   тұрады.

Жемістің қайнатпа болуы оның құрамындағы қант ...........    байланысты.

Оттек суда ерігенде оттегінің .......... судың ......... арасына орналасады.

Қант ...........  құрамына оттегі және сутегі .......... басқа да көміртек ........кіреді.

Иод ерітіндісінің иісі ерітіндіден шығып жатқан иод ........... байланысты.

Шіріген жұмыртқаның иісі күкіртсутек ..............  байланысты.

Жаңа  сабақ

 

 

 

Мағынаны  тану. Мәтінмен  жұмыс

1 топ. Заттың құрам тұрақтылық заңы.

2 топ.  Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі.

3 топ.  Зат массасының сақталу заңы.

Оқушылар  берілген  мәтінді  өз  беттерінше  оқып диалог әдісі  бойынша  талдайды. Постерге  түсіріп  басқа топтарға  түсіндіреді.

байланысқандықтан оның қасиеттері де өзгеше

Тапсырмалар

1-деңгей

1. Заттың құрамы мен қасиетін сақтайтын ең кіші бөлшек....... деп аталады.

2. Екі немесе бірнеше заттың бірігіп  бір күрделі затқа айналуын ......деп атаймыз.

3. Құрам тұрақтылық заңын ........ашты.

4.  Химиялық элементтердің периодтық жүйесінде:

а) қанша топ;

ә) қанша период бар?

5.  Периодтық жүйенің:

1) бірінші тобында қандай элементтер орналасқанын;

2)  екінші периодында қай элементтер орналасқанын айтындар.

6.  II жөне IV топтың негізгі, қосымша топшалары қандай

элементтерден құралған?

2-деңгей

1. Валенттілік арқылы формула құрастыр.

         V II    III II   V I    IV II   II  II

P O ,  Al O , P Cl , N O , Ba O

2. Реакция типтерін анықта:

2Al + 3Cl2 → 2AlCl3

Fe + 2HCl → FeCl2 + H2

3.М.В.Ломоносовтың мойнақпен тәжірибе жасап, ұсынған заңы?

4. Мына элементтер:

а) сутек;   ә) оттек;   б) күміс;   в) күкірт;   г) темір

периодтық жүйеде қай топта, қандай топшада және

периодта орналасқанын айтыңдар.

 5. Берілген элементтердің:

а) калий, көміртек, кальций, сутек;

ә) күміс, хром, хлор, мыс;

б) оттек, мырыш, қалайы, күкірт;

в) фтор, фосфор, азот

химиялык таңбаларын жазындар. Негізгі топшада

орналасқандарының астын бір сызықпен,

ал қосымша топша элементтерінің астын

қос сызықпен сызыңдар.

3- деңгей

1.  KMnO4 , K2MnO4 қайсысында калийдің массалық үлесі көп?

2. Магний жанғанда 28 грамм магний оксиді түзілді. Реакцияға қатысқан магнийдің массасы және мөлшері канша?

3. Мына химиялық элементтерді тауып атаңдар:

1) сыртқы деңгейінде 6 электроны бар 2-периодта орналасқан;

2) сыртқы деңгейінде 3 электроны бар 3-периодта орналасқан;

3)  сыртқы деңгейінде 2 электроны бар 4-қатарда орналасқан.

4. Атомның сыртқы деңгейінің астындағы энергетикалық деңгейінде:

а) 2 электрон;

ә) 8 электрон;

б)  18 электрон

болатын периодтық жүйенің жетінші тобының негізгі

топшасы элементтерін тауып, аттарын атаңдар.

6. Атомының сыртқы деңгейінің астыңдагы энергетикалық деңгейінде:

а) 2 электроны бар; ә) 8 электроны бар;

б) 18 электроны бар

үшінші топтың элементтерін атаңдар.

6.Мына элементтердің:

а) №20 кальций;

ә) №33 мышьяк;

б)№17хлор

сыртқы деңгейлерінде неше электрон бар екенін табыңдар.

Кейінгі  тапсырмалар

Есептер шығару

1. Берілгендеріне сәйкес химиялық қосылыстардың формуласын жазыңдар.

Табу керек:

?

 

1. 15 г тұз 135 г суда ерітілді.Алынған ерітіндідегі тұздың массалық үлесі (%)

Шешуі: m(ерітінді) = m(тұз) + m(су) = 15 г + 135 г = 150 г

 жауабы: 10%

2. Егер шығымы 100 % болса,10 г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы (г)

Шешуі: 4АІ + 3О2→ 2АІ2О3

М(АІ)= 27 г/моль

m(АІ) = ν · М(АІ) =  4 моль  · 27 г/моль  = 108 г

М(АІ2О3)= 102 г/моль

m(АІ2О3) = ν · М(АІ2О3) =  2 моль  · 102 г/моль  = 204 г

m(АІ) =10г · 1 = 10 г

10 г АІ  ----- х гАІ2О3

108 г АІ ---- 204 г АІ2О3

жауабы: 18,9 г

3. 325 г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің зат мөлшері (моль)

Шешуі: Zn + 2НСІ →ZnСІ2 + Н2

М(Zn)= 65 г/моль

m(Zn) = ν · М(Zn) =  1 моль  · 65 г/моль  = 65г

325 г Zn  ----- х моль  Н2

65 г Zn ---- 1 моль Н2

жауабы:   5 моль

Бағалау

Формативті бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.

Топтағы  оқушылар бағалау парақшаларына   критерий арқылы  бағалайды

Кері байланыс

Бүгінгі сабақта  не  үйрендім?  Оқушы рефлексиясы

Үйге тапсырма

   Оқулық 8-сынып.  § 55, 56, 59, 61, 62, 65, 66, 67.

 

 

Категория: Химия | Исабековна Исабековна
2177Просмотров: 2177 | Загрузок: 70 | <Рейтинг: 1.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх