[ Добавить материал ]

10-сынып Функцияны зерттеу және графигін салу ҚМЖ
03.01.2016, 23:17

Сабақтың тақырыбы

§4. Функцияны зерттеу және график салу.

Мақсаты

Оқушылар функцияның қасиеттерін қолдана отырып, оны зерттеуді және зерттеу негізінде графигін салуды үйренеді.

Жұмыс нәтижесі

Тақырыпты меңгеруде қасиеттердің маңыздылығын түсінеді, функцияны зерттеу арқылы графигін салуды меңгереді.

Сілтеме

10-сынып.А.Е.Әбілқасымова, К.Д.Шойынбеков, М.И.Есенова, З.А.Жұмағұлова  Алматы «Мектеп»

Негізгі идеясы

Тақырыптың мазмұнын ұғынуда, қасиеттерді дұрыс қолдануды білу.

Ресурстар

Проектор, плакаттар, электронды оқулықтар, таратпа материалдар, стикерлер, фишкалар, тест тапсырмалары, бағалау парағы.

Қолданылған модульдер

Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ қолдану , Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау.

Қолданылған

әдіс-тәсілдер

Тәсілі: Жеке, жұппен, топпен.

Әдістер:«Миға шабуыл», «Сұрақ-жауап», «Суреттер сөйлейді», «Ойлан-бөліс», «Бағытталған сұрақ», «Кестемен жұмыс», «Ой қозғау» .   

Үйге  тапсырма

№46(ә,в), 47 (б), 48(б) -жаттығулар.

 

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды түгелдеймін, топтардың аты жасырылған парақшаларды тарату арқылы топтарға бөлемін.

І-топ «Анықталу облысы», ІІ-топ «Мәндер жиыны», ІІІ-топ «Тақ функция», ІV-топ «Жұп функция» белгіленген орындарға жайласады.

Білу.

Өтілген тақырыптарды қайталау,  мағлұмат пен деректерді еске түсіреді, жаңа сабаққа бастама жасайды.

«Миға шабуыл» әдісі. Сұрақ-жауап әдісі.

Өтілген тақырыптарды қайталау үшін,  топтық жұмыс арқылы өз топтарының аттары бойынша мәлімет береді және диалог арқылы  сұрақ- жауап сәтін өткіземін. Проекторды қолдану арқылы сұрақтың деңгейлігіне қарап оқушылар өз фишкаларын алып отырады.

Әр топ өздерінің  топ аттары бойынша анықтама береді. Төмендегі сұрақтарға оқушылар жеке жауап береді. 1)Функция дегеніміз не?  2)Функцияың неше берілу тәсілі бар оларды ата?  3)у=в және х=а функцияларының графигін қалай түсіндірер едің?  4)y=f(x) функциясын y=f(x)+b және y=f(x+b) функцияларына түрлендіруін қалай сипаттар едің? 5) 10.jpg функцияның анықталу аймағын атаңдар?

Түсіну.

Өтілген тақырыптарды қайталау,  мағлұмат пен деректерді еске түсіреді,  жаңа сабаққа бастама жасайды.

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

1 мен 3-ші топқа және 2 мен 4-ші топқа сәйкесінше функция графигінің қасиеттерін табу арқылы жаңа тақырыптың мағынасын ашуға бағыт бағдар беремін. Функцияның анықталу облысы, мәндер жиыны, өсу, кему аралықтары, жұп, тақ, периодтылығы бойынша  салыстырмалы түрде қосымша сұрақ-жауап жүргіземін. Жақсы қатысқан оқушыларды ынталандыру үшін қосымша фишкалар беріледі.

Оқушылар топ болып талқылайды, талдайды, негізгі қасиеттерді ерекшелейді, тақтаға жазып қорғайды.

Оқушылар кітаппен жұмыс істейді. Танымпаздық іс-әрекеттері, ойлау белсенділігі артады.

Қолдану.

Өтілген тақырыптардың ережелерін қолдана отырып тапсырманы орындау, қателерді табу, себебін анықтайды.

 «Ойлан-бөліс» әдісі.

Оқушылар тапсырмаларды орындағанда  ережелермен қасиеттерді қолдануына жағдай жасау, пікірталас кезеңін өткізуге сәйкес тапсырмалар беремін.  Оқушылардың топпен, жеке, жұп болып жұмыс істегендеріне қарап фишкалар беріледі.

  Кітаппен жұмыс (топтық жұмыс). №46 Берілген функцияны зерттеп, графигін салыңдар.

  ә)у=4х²-2,5                                 б) у= -5/х+1

Тапсырмаға сыни тұрғыдан ойлана отырып жауап береді. Тапсырмаларды салыстырады, өз ойларын жазады. Қандай қасиеттермен ережелерді қолданғанын түсіндіреді.  Берілген функцияның анықталу облысын табыңдар, тапсырмалардың мағынасын ашыңдар.

                                             

                                      

Талдау.

Проблемалық тапсырмаларды  талдайды, ізденеді, дәлелдейді, өзгелерді тыңдау арқылы білімін толықтырады.

«Бағыттал ған сұрақ» әдісі

Жаңа сабақты график бойынша, топтар бір-біріне сұрақ қою арқылы, графикті зерттейді, қалай түсінгендерін баяндап шығады. Бұл әдіс оқушылардың сұрақ қоя білуге, қойылған сұрақтарға нақты жауап бере білуге үйретеді. Тапсырма:

Оқушылар жаңа тақырыпты қалай меңгергендерін байқатады, өзгені тыңдай отырып, өз білімін толықтырады, тапсырмаларды орындайды.  Тапсырманың жауабы проектормен көрсетіледі, оқушылар салыстырады.

1. Анықталу облысы:              [-5;4]

2. Мәндерінің облысы:           [0;6]

3. Ох осімен  қиылысу нүктесі   О(0;0)

4. Таңба тұрақтылығы:  

f(x)>0                [-5;0); (0;4]

f(x)<0                    ____

5.  Өсу аралығы                   [-5;-2];  [0; 4]

6.  Кему аралығы                    [-2;0]

7.  Максимум нүктесі:              -2

    Функция максимумы:        f(-2)=2

8.  Минимум нүктесі                0

    Функцияның минимумы     f(0)=0

9.  Қосымша нүктелер:               f(-5)=0.5

                                           f(4)=6

Жинақтау.

Жеке жұмыс.

Ойын жинақтайды, түйіндейді.

 

«Кестемен жұмыс» әдісі

Күрделі тапсырма береді. Оқушылардың жеке жұмысын бақылайды. Мәтін бойынша графигін салады. №47 (а)

 

Тапсырманың жауабын тәртіп бойынша жинақтап дәптерге түсіреді. Оқушылар еңбегіне қарап фишкаларды жинақтайды.

 

Бағалау.

Сабақта алған білімін бағалайды.

«Ой қозғау» әдісі.

 Оқушылардың өз ойын жеткізулеріне, қорытуларына қарап мұғалім өз бағасын береді. Қосымша толықтыру жасаған оқушыларға фишкамен мадақтау жасайды. Фишкалардың саны арқылы топты, жеке оқушыларды бағалайды.

 

Оқушылар өз фишкаларының құндылығын анықтау арқылы сабақты қорытындылайды, негізгі қасиеттерді пысықтайды. Фишкаларын санайды, топ басшылар топтың фишкалар санын хабарлайды. 

 

Рефлексия

Стикерлер ді толтыру

Оқушылармен кері байланыс жүргізу арқылы күнделіктеріне тиісті бағасын қояды.

Ұсынылған стикерді толтырады, сабақ бойынша өз ойларын жазады.

 

Категория: Математика | работа работа
4145Просмотров: 4145 | Загрузок: 2565 | <Рейтинг: 0.0/1001
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх