[ Добавить материал ]

11 сынып п-ші дәрежелі. ҚМЖ
11.12.2015, 04:53

Сыныбы: 11 «А»

Пән атауы: Алгебра және анализ бастамалары

Сабақтың тақырыбы: п-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты: п-ші дәрежелі түбір ұғымымен және оның қасиеттерімен таныстыру

Табыс критериі:

  • Өрнекті түрлендіруде формуланы пайдалана алады
  • Өз бетінше есептер шығара алады.
  • Өз ойын еркін, ашық айта алады.
  • Топпен жұмыс жасау дағдылары артады.

Қолданылатын модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

Стратегиялық іс-әрекет: «Сұрақ-жауап» әдісі, «ББҮ» әдісі

Көрнекіліктер: Ноутбук, интербелсенді тақта, слайдтар, плакат, маркерлер, түрлі-түсті стикерлер, бағалау парағы

Күтілетін нәтиже: Жаңа білімді қалыптастыру, математикалық тілді қалыптастыру, тіл байлығын дамытып, ойын еркін жеткізу, көшбасшылыққа  ұмтылу қаблеттерін дамытады

Кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру (3 мин)

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Не ортақ?» деген сұраққа сыныптан жауап алу

Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ою суреттері арқылы оқушыларды 4 топқа бөліп, рөлдерге бөлу, топ басшыларына «бағалау парақтары» таратылады

Топ болып жауап айтады, ою суреттері арқылы топтарға бөлінеді

Ою суреттері

Үй тапсырмасын тексеру (2 мин)

Жұптық әдіс

№68

Оқушылар ою бөліктері арқылы жұпқа бөлініп, бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді, бір-бірін бағалайды

Үй тапсырмасының жауаптары берілген слайд

Миға шабуыл

(5 мин)

Сұрақ-жауап

  1. Арифметикалық түбір дегеніміз не?
  2. Квадрат түбірдің анықталу аймағы қандай?
  3. Квадрат түбірдің қандай қасиеттерін білесің?
  4. Санның дәрежесі деген не?
  5. Дәрежеге қатысты қандай қасиеттерді білесің?
  6. Рационал сандар дегеніміз не?
  7. Иррационал сандар деген қандай сандар?
  8. Дәреженің негізі дегенді қалай түсінесің?

Өткен сабақтарға шолу ретінде, оқушылар сұрақтарға жауап береді

Сұрақтар жазылған слайдтар

Мағынаны тану (17 мин)

Тақырыпты ашу мақсатында мысал беру

Мысал:.

  • Осы есепті шығару үшін не істеуіміз керек?
  • Қандай түбір бар?

п-ші дәрежелі түбір және оның қасиеттерітақырыбы бойынша топтарға тапсырма беріледі

Сұрақтарға жауап береді.

Оқулықпен жұмыс жасайды, постер қорғайды

Мысал жазылған слайд,

оқулық, плакат, маркерлер

Сергіту сәті        (5 мин)

Әншілердің аты жазылған стикерлерді топтарға тарату

Іс-қимыл арқылы сол әншіні бейнелейді, қалған топтар табады

Стикерлер

Сабақты бекіту

(5 мин)

Тапсырмалар беріледі

№74, №76, №79, 81

Тақтада есептерді шығарады, теңдеулерді шешеді, өрнектерді ықшамдайды

Есептер жазылған слайдтар

Бағалау

(5 мин)

Топтық бағалау

Топ басшысы критерий бойынша топ мүшелерін бағалап отырады

Бағалау парағы

Үйге тапсырма беру(1 мин)

№78

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады

Слайд

Рефлексия

(2 мин)

Тақырып бойынша түйін шығару

ББҮ әдісі

Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазады

Түрлі-түсті стикерлер

 

Категория: Математика | baginur baginur
1808Просмотров: 1808 | Загрузок: 137 | <Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх