[ Добавить материал ]

2-сынып Ағылшын тілі. Colours- Түстер. ҚМЖ
18.02.2015, 16:14

Қаражал қаласы, Жәйрем кенті, №30 ЖББОМ

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Елеуова Гульжанат Сагынбаевна

Тақырыбы

Colours- Түстер

Сыныбы

2

Күні

 

Мақсаты

Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыра отырып, оқушылардың есте сақтау, айтылым әрекеттерін қалыптастыру.

Міндеттері

  1. Жаңа сөздерді меңгерту;
  2. Алған білімін заттарды, жануарларды сипаттау кезінде қолдануға үйрету
  3. Әділ бағалауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

  •  Оқушылар ағылшын тілінде түстерді ажырата алады
  • Шығармашылық қабілеттері іс-әрекетте көрінеді.
  •  Топтық бағалау мен топішілік бағалауды үйренеді.

Ресурстар

Интерактивті тақта, плакаттар, аудио видео материалдар, маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар, «домино» ойыны.

Кіріспе

Сәлемдесу

Сабақтың мақсат-міндеттерімен танысу

Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу.  (4 топ)

Үй тапырмасы

Үй тапсырмасын доп лақтыру әдісі арқылы шеңберде талдайды.

Диалог түрде сөйлесу-Is it a ball? –Yes, it is/no, it is not. It is a doll.

Тұсаукесер

Ұйымдастыру кезеңі. ABC әні

Негізгі бөлім

  1. Интербелсенді тақтадан түстермен таныстырып, түстерге байланысты бейне жазба көрсетіледі
  2. Таратпа қағаздар таратылып, суреттегі заттардың қандай түсте болу керектігін ажыратып бояйды (топтық жұмыс)
  3. - What  is it? – Бұл не?   (Интербелсенді тақтада берілген жануарларды түстерімен атайды)

-It is….

 (Балаларөздеріжауапберуікерек, егербалалар қиналса, мұғалім көмектесіп, бірнеше рет қайталайды).

  1. – Балаларданқандайтүсұнайтынысұралады:

• Who likes red/yellow/green/blue/orange color?

Балалар «I like» құрылымынқолданыпжауапбереді.

–I like red, yellow, blue, green, orange депсұрақтарғажауапберетінін айтады.

  1. Аудио жазба арқылы түстер туралы ән жаттау.
  2. Екі бала тақтаға шығып ән айтып береді.

Әр тапсырманың соңынан кәмпитпен немесе смайликпен бағалап отыру.

Сергіту сәті

Бейне жазбада көрсетілген әрекеттерді әнмен қайталайды

Қорытынды бөлім

  •  «Домино» ойыны. Сөздердің аудармасын табу.

 

Бағалау

 

Әр топ басшылары топтағы оқушыларды бағалайды. Не үшін «3,4,5» баға алғандарын дәлелдейді. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.

 

Рефлексия

 

Мен өзімді былай сезінемін

Өз жұмысымды өзім бағалағанда                       J            K                                                                        L

Оқушылар стикерға пікірлерін жазып тақтаға іледі

Жинаған кәмпит немесе смайликтерінің санына байланысты бағалау

 

Үй жұмысы

Сөздік, ән жаттау

Категория: Шетел тілі | Гульжанат Гульжанат
2714Просмотров: 2714 | Загрузок: 49 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх