[ Добавить материал ]

"Ғажайып математика" математикалық сайысы
28.01.2017, 22:12

«Ғажайып математика» танымдық сайыс

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың математикалық ой- өрісін дамыту, алған білімдерін   пысықтау.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, жауапкершілікке баулу, өз бетімен жұмыс істей білетін жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Безендірілген бөлме, нақыл сөздер, кеспе қағаздары, логикалық есептер.

Түрі:  танымдық сайыс

Барысы:

Автор. «Ғасыр біліммен ғана алға жылжиды.  Адам біліммен ғана өмір сүреді.                                                                                                                                                                                Адам үрпағымен мың жасайды» - дейді халық.                                                                                – Иә, ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, миллион жылдар жасап келеді. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан – ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттері Аристотель, Әбу Насыр Әл Фараби, Пифагор, Евклид, Архимед, Эрастосфен, Әл-Хорезми, Фибаначчи, Галилей т.б. Ғылым тарихына көз салғанда адамзаттың асыл перзенттері ашқан ұлы жаңалықтарға тоқталмай өте алмаймыз, өйткені басқалармен салыстырғанда бұлардың ойлары орасан зор.Осыдан мыңдаған жылдар бұрын ұлы математиктер бас қосқан екен. Ұлылардың дауы кім мықты, кім ұлы жаңалық ашқан?                                                 

Евклид (330-275)                                                                                                                

- Геометрияда  патшаларға арналған жол жоқ. Геометрия негізін салушы мен. Бірлік дегеніміз – дүниеде бар нәрселердің әрқайсысын бір тұтас деп есептеуге мүмкіндік беретін ұғым.                                                                              

 Ян Видман (1489 жылы чех математигі)                                                                      

 - плюс және минус таңбаларын енгізген мен едім. Бұл таңбаларсыз өмір қалай сүрмексіздер?                                                                                                      

Роберт Рекорд (1510-1558) 1557 жылы ағылшын дәрігері, әрі математигі                   

- Теңдік белгісін ойлап тауып теңестіруді үйреткен мен емес пе?                                  Готфрид Лейбниц (1698-1684 жылдардағы швейцар математигі)                                        - Көбейту таңбасын және бөлу таңбасын сәйкес түрде ұсынып математика амалдарына жол ашқан мен едім.                                                                              

 Томас Гаррит (1560-1621)(1631 жылы ағылшын математигі)                                                 - Үлкен, кіші белгілерсіз қалай салыстырып, тұрмыс жұмысы алдыға жүрер еді? Менің ерекшелігім сонда менің ойлап тапқаным тек математикада ғана емес күнделікті тұрмыс тіршілігіне өте қажет.                                                          

Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезми (787-850)                                                                 

- О, халайық бұл не дау? Мен болсам барлығыңның ойларыңды бір ортаға жинап математикадан «алгебра» атауын дүниеге әкелдім.                                                    Галилео Галилей (1564-1642) (Итальян ғалымы физик, механик, математигі)     

 - Табиғат кітабі математика тілімен жазылған, оның әріптері математикалық белгілер мен геометриялық неше алуан пішіндер, бұларсыз олардың сөзін ұғыну мүмкін емес.

(Осы кезде орта жарып әл-Фараби шығады)                                                                                                      Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)                                                                                   

 - Уа, туыстар бұларың не? Сандар туралы ғылым дегенде қолданбалы сандар және теориялық сандар деген екі ғылымды ұсынамыз. Қолданбалы сандар ғылымы мүмкін болғанша сандардың мөлшерін анықтауға қажет санамалық сандарды зерттейді. Теориялық сандар бұл ғылым заттардың сезім бойынша қабылданып саналуға тиістілерінің барлығының дерексіздендірілуімен қатар сан бұл арада сезім арқылы қабылданатын және қабылданбайтын заттардың барлығы үшін ортақ болып қалады. Осы ғылым барша ғылымдарға етене енеді. Сондықтан барлығыңыздың да, болашаққа ұсынған үлестеріңіз шексіз міне куә болыңыздар, дауласты қойыңыздар.                                                             Айналаның барлығы тұнған математика!   - деп қолымен жан-жағына нұсқайды.

Ән: Аяулым 

1-жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Ғажайып математика!» атты математикалық кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:       Математика ермек емес балалық,
                              Математика – көрегендік даналық.
                              Математика құрметтеуге лайық
                              Кел достарым, мұны жақсы ұғайық!
                             Үлгілі тәртіп жақсы оқу,
                             Алға қойған мақсаты
                             Әрқашанда мектепте,
                             Шығып жүрген жақсы аты,
                             «Үшбұрыш» тобын ортаға шақырайық   

1-жүргізуші:   Жиналған ылғи дарындар,
                              Жүрегі от боп жалындар.
                             «Төртбұрыш»  тобын халайық
                             Қол соғып қарсы алайық.

2-жүргізуші:      Біреуінің  жүрегінің  түгі  бар.

  Біреуінің  күмбірлеген  күйі  бар.

  Біреуінің  қатты  істейтін  миы  бар

  Біреуінің  дөңгелеген   биі  бар,  -  дей  отырып,  «Көпбұрыштар»тобын  ортаға  шақырайық,  халайық! 

1-жүргізуші:           Математика сырлары,

                                       Қызықтырды біздерді.

                                       Ойынға бірге қатысуға,

                                       Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазылар алқасымен таныса кетейік.

  1.  
  2.  

3.

2-жүргізуші:

Бүгінгі біздін сайыс түрлерімен таныстырып өтейін.

Жоспар:         1. Топтың өзін таныстыруы.

                        2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

                        3. Біліктілік сайысы (есептер шығару)

                        4. Математикалық сұрақтар    

                        5.Ребустар сайысы (карточка арқылы топқа беріледі)

                    6.  Әр елдің есептері

 

1-жүргізуші: Кезекте таныстыру рәсімін І топ «Үшбұрыш» тобына табыстайық.

Ұраны:           Білікті бірді жығар.

                                   Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі:   Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

                                   Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

                                   Алға қойған мақсатымыз бір екен.

                                   Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Үшбұрыш» тобынан қарсылас топтарға сәлем.

Таныстыруы: Мен  үшбұрышпын

Ылғи үштен тұратын.

Үш қабырға  үш  төбе

Үш  бұрыш  болар құрамым

Қай элементімді  санасаң

Үштен асып  көрген   жоқ.

Өз  алдыма  бір  елмін

Ешкімге  есе бергем  жоқ

Үшбұрыш  деген  атадан

Үш  ұл  туып тарапты.

Әр  қабырғалы- тұңғышы

Тен бүйірлі-ортаншы

Тен   қабырғалы-кенжесі

Ата  салтын дәстүрін

Сақтауға  олар   жарапты.

Шамасына  қ арап  бұрыштың

Ұшке  тағы  бөлінем.

Сүйір болып  сүйкімді

Доғал болып  долбарлау

Тіп-тік   болып  әдемі

Оқушыма  көрінем

Бұрыштарым  қосындысы

180-қа тен   болады.

2-жүргізуші:   ІІ топ. «Төртбұрыш» тобы.

Ұраны:                     Қандай сынақ болса дағы беріспе,

                                   Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:   Армандарға қол созумен келеміз,

                                   Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

                                   Білімменен қаруланған тобымыз,

                                   Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

Таныстыруы: Мен  төртбұрышпын

Көпбұрыштың  бірімін

Үшбұрыштан    болсам  да жас

Бірақ  одан   ірімін.

Қабырғаларымның  тұрысына  қарай

Бір-бірімен  жасайтын   бұрышына  қарай

Тік  төртбұрыш  параллелограмм   трапеция

Ромбы   шаршы  болып   бөлінем

Математиканы  білместерге 

Құбыжық  боп  көрінем

Бар  бұрышым  тік  болса

Тік  төртбұрыш  деп  атаған

Қарама-қарсы  қабырғам

Параллель  әрі  тең  болса

Іргелес  жатқан   бұрыштар

Бірінен-бірі   кем  болса

Қосындысы   бірақ   та

180-қа   тен   болса

Параллелограмм     деп  аталам

Бұрыштарымды    қоссаңыз

360-қа   тен  болады

Бұл  қасиетімді  білмейтіндер

Басқаларға  жем  болады.

1-жүргізуші: ІІІ топ. «Трапеция» тобы.

Ұраны:           Жарыс десе жанамыз,

                                   Бүгінгі күн       жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі:   Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

                                   Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

                                   Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

                                   Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

«Трапеция» тобынан қарсыластарға сәлем!

Таныстыруы: Трапеция  туыстың,

                           Ашуы  мүлде  тым  қатты.

Параллелограмм  атасын, 
      Жартылай  ғана  тыңдапты.

     Сондықтан  да  қос  табан,

    Параллель  боп  қалыпты.

    Қалған  екі  қабырға,

    Өздерінше  орын  алыпты.

                        Сөйтсе  де  бұл  бауырды,

                         Тастамай  адам  далаға.

                         Гүл  егетін  ыдыс  қып,

                     Сыйлаған  екен  балаға

2-жүргізуші:

  1. Тапқырлық сайысы

Бұл  бөлімде  әр  топқа логикалық сұрақтар беріледі,  берілген  сұрақтарға  алғыр  тапқырлықпен  жауап  беру  керек.  Әр  сұрақ  1  ұпайдан  есептеледі.

«Үшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

«Төртбұрыш» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

«Трапеция»тобына.

1. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

2. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

3. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяның қанша баласы бар? (6 бала)

1-жүргізуші:

3. «Біліктілік» сайысы.  Әр топқа есептер беріледі. Қай топ есепті бірінші және дұрыс орындаса  5 ұпай беріледі.

«Үшбұрыш» тобына.

АВС үшбұрышының периметрі 84см, ал АС = 30см. АВ және СВ қабырғаларын  табыңдар.

«Төртбұрыш» тобына.

Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см, ал бүйір қабырғасы табанынан 2 см ұзын. Бүйір қабырғасын табыңдар.

«Трапеция» тобына.

Егер тікбұрышты үшбұрыштың бір бұрышы <А = 420 болса, онда қалған ішкі бұрыштарын және сыртқы бұрыштарын табыңдар. 

2-жүргізуші:   

4. Математикалық сұрақтар. (әр топқа 5 сұрақтан)  Бұл  бөлімде  әр  топтан  бір оқушы  шығып,  берілген  сұрақтарға  алғыр  тапқырлықпен  жауап  беру  керек.  Әр  сұрақ  1  ұпайдан  есептеледі.

«Үшбұрыш» тобына.

1. Шеңбермен бір ғана ортақ нүктесі бар түзу. (жанама)

2. Бұрышты тең екі бөлікке бөлінетін сәуле. (биссектриса)

3. Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды? (параллель)

4. 1800-қа тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

5. Мына формула бойынша нені табуға болады? (төртбұрыштың ауданын)

«Квадрат»  тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жататын қабырғасының аты. (гипо-тенуза).

2. 700-қа тең бұрыш қалай аталады? (сүйір)

3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді. (диогональ)

4. Шеңбердің центрінен оның бойында жатқан нүктеге дейінгі қашықтық. (радиус)

5. Екі қатынастың теңдігі. (пропроция)

 «Трапеция» тобына.

1. Үшбұрыштың тік бұрыш жасап тұрған қабырғаларының аты. (катеттері)

2. 1200-қа тең бұрыш қалай аталады? (доғал)

3. Параллелограмның 600-қа тең бұрышымен іргелес бұрышы неше градусқа тең. (1200)

4. Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (бұрыш)

5. Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады? (900)

 

1-жүргізуші:

5. «Ребус шешу» сайысы. Бұл бөлімде әр топқа ребустар таратылады. Әділқазылар уақыт жағынан да ескеруін сұраймыз.

 

Жауабы: Арифметикалық орта

 

Жауабы: Санды дөңгелектеу

 

Жауабы: Өзгеріс ауқымы, мода

 

2-жүргізуші:

6. Әр елдің есептері. Топтарға әр елдің есептері жасырылады. Әр топ  фигураларды таңдау арқылы әр елдің сұрақтары беріледі.

1.Болгар халықтарының есебі:
Балықшы балық аулады. «Қанша балық ұстадың?»- деген сұраққа «Сегіздің жартысы, алтауы бассыз және тоғызы құйрықсы»,- деп жауап береді? Балықшы қанша балық аулаған?
Шешуі:Сегіздің жартысын алып тастасаң нөл, алтының басын алып тастасаң нөл, тоғыздың аяғын алып тастасаң нөл. Балықшы балық аулаған жоқ.
2.Греция халықтарының есебі:
Атақты Пифагордан « сенің әңгімеңді тыңдауға мектебіңе қанша адам келеді?» – деп сұрағанда Пифагор былай деп жауап береді. «Менің жарты оқушыларым математиканы, ¼ бөлігі музыканы,1/7 бөлігі уақытын үнсіз ойлануға жібереді, қалған бөлігі 3 оқушы»-деп жауап берген. Неше оқушы?

Шешуі: х/2+х/4+х/7 х
14х+7х+4х+84 28х
3х84
Х 28
Жауабы: 28 оқушы
3.Египет есебі
Әрбір 7 адамның әрқайсысында 7 мысық, әр мысық 7 тышқаннан, ал әр тышқан 7 бидай собығын жояды. Бір бидай собығында 7 уыс дән бар. Тышқандардан қанша уыс бидай дәнін сақтап қалады?
Шешуі:    7*7*7*7*7=16807

1-жүргізуші: «Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», - деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген. 

Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену - сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызды екенін жоққа шығара алмаспыз. 

Келесі кезекті әділ қазылар алқасына берейік.

2-жүргізуші:

Мен жалғайын әрмен қарай сөзіңді

Уа, халайық сыр сандыққа салың енді көзіңді

Алтындайын, жарқыраған беттерде

Қалсын мәңгі даналықтың ойлары-деп кешімізді аяқтаймыз....

 

Категория: Математика | bagjan40465 bagjan40465
757Просмотров: 757 | Загрузок: 11 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх