1-қазан "Қарттар күні"

  

     Өмір оты ерте өшірілмесе, адам баласының қартаюы табиғи заңдылық. Қарттардың тілегі – ел амандығы, жұрт тыныштығы. Уайымы сырлас,сыйлас қатарының сирегі. Олар бүгінгісін ғана ойламайды, өткен өмір жолын зерделеп, алдын болжауға тырысады.Қарттар – кісіліктің төресі.

     «Бала өсіргің келсе, дана жүректі қатты ұста, үйрет білім, ізетті»,- деп Әбу Насыр әл-Фараби айтпақшы, аталардан қалған ұлағатты ғибрат аларлық сөздерді баларларға халықтың асыл қазынасы саналатын қарттарымыз жас ұрпақтарға үйретіп, айтып отырайық.

Мейірімі мол ананың

 

Жүрегі жылы қолы кең.

 

Кең пейілді атаның

 

Жүзі жылы жолы кең.

 

Аталар – асқар таудай қорғанымыз,

 

Аналар – саясы мол орманымыз.

 

Қызығын ұрпағыңның көре берші

 

Жортқанда бола берсін жолдарыңыз.

Қарттарым жүректерің неткен дархан,

 

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

 

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен

 

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

 

Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,

 

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

 

Тербедің көктем бағын самал болып.

0
Добавлено: 28.09.2014, 23:03
0
1445
Bekamaster

Похожие публикации


Комментарии (0)

Добавить комментарий


Наверх