Главная » Статьи » Информатика » 11-сынып

11-сынып Информатика. Диаграма
Сабақтың тақырыбы: «Excel-де деректерді өңдеудің формулалары».
Сабақтың мақсаты :
Білімділік:Оқушыларды MS Excel кестелік редакторында қолданылатын формулалармен таныстыру. Формулаларды енгізу және көшіру әдістерін қарастыру.
Дамытушылық:MS Excel бағдарламасында формулалармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Өмірде қолдана білуге үйрету. Тамақ ішу ережесін сақтауда өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Санитарлық-гигиеналық дағды қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.
Тәрбиелік:Жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуын, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.Тамақтану гигиенасы мен ережелерін физиологиялық тұрғыдан негіздеу, оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ типі: Компьютендірілген сабақ.
Сабақтың әдісі: Әңгіме-сұхбат, өздік жұмыс түрлері, кесте түрлерімен жұмыс, интербелсенді тақтамен жұмыс, компьютерде Excel бағдарламасындағы есептеулер;
Сабақтың көрнектілері: MS Excel бағдарламасы, интерактивті тақта, үлестірмелі тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Санитария және гигиена.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасып оларды түгендеу.
Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1.
2. Сұрақтар
1. Excel бағдарламасын қалай іске қосамыз?
2. Ұяшық дегеніміз не?
3. Баған мен жол қалай белгіленеді?

3. Адасқан объектілер ойыны

Баған Enter
Жол Электрондық кесте
Ұяшық В21
Excel 256
Деректерді енгізу батырмасы 16384

4

ІІ. Жаңа сабақ.
1. Формуланы енгізу.
2. Автоқосынды құралы.
3. Функция шеберін пайдалану.

Негізгі ұғымдар.
Электрондық кестедегі формула -кестелік процессор аумағында орындалатын ереже бойынша жазылатын математикалық мәні.
Формуланы көшіру кезінде өзгеріске ұшырайтын сілтемелер салыстырмалы деп аталады.
Excel-де барлық формулалар әрқашан теңдік (= ) белгісінен басталады.
Мыс: =A1+B2
Excel-де дайын формулалар қолдану үшін қосылатын ұяшықтарды ерекшелеп алып батырмасын басамыз

Практикалық бөлім
1-тапсырма
Берілген тағамның жалпы салмағындағы ақуыз құрамын есепатеу.
Берілген тағамдар:
Бұқтырылған сиыр еті.
Майонез
Майбалық
Йогурт
Айран
Сүт

2 тапсырма: Тамақтану бетін ашып, 5 уақыт мәзірінен 1 күндік тамақтануды көшіру командасын пайдалану арқылы орында.
Қажет болса қосымша тағамдар бетінен тағамдарды таңда.
Таңғы ас барлығы жолын, екінші ас барлығы жолын, түскі ас барлығы жолын, бесін ас барлығы жолын, кешкі ас барлығы жолын есепте.
Ақуыз, май, көмірсу, Ккал бағандарын есепте.
Ас Ақуыз Май Көмірсу Ккал
Таңғы ас 1
2
3
4
Барлығы
Түскі ас 1
2
3
4

Барлығы
Кешкі ас 1
2
3
4
Барлығы

ІҮ Қорытындылау:

Талдау:
Өзің жүргізген есептеулерді тақтадан салыстыр:
— Таңғы ас- 30% – 752 ккал
— Түскі ас- 38%-973 ккал
— Кешкі ас – 12%-266 ккал
Бір күндік тамақтану нормасын кестеден қарайық.
Сонымен кімде нормадан асып кетті, ол оқушылар калориясы аз тағамдармен тамақтану қажет, қане ол қандай тағамдар…
Кімде нормадан кем ,ол оқушылар калориясы көп тағамдармен тамақтану қажет ,ол тағамдар…
Жасы Ақуыз г Май г Көмірсу г Энергия (Ккал)
11-13 ұлдар 90 390 1200 2750
11-13 қыздар 82 355 1200 2500
14-17 ұлдар 98 425 1200 3000
14-17 қыздар 90 360 1200 2600

Ү. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма
1«Excel-де деректерді өңдеудің формулалары» тақырыбын оқып келу.
2.Тамақтанудың тәуліктік мөлшерін орындамасақ не болады? Осы сқраққа ақпарат көздерінен қосымша мәлімет қарап жауап келу.
Категория: 11-сынып | Добавил: Болат (28.01.2015) | БолатАвтор: Сүлейменова Гүлсезім Абайқызы
1027Просмотров: 1027 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх