Главная » Статьи » Химия » 8-сынып

Химия пәнінен 8-сыныпқа арналған №1. Бақылау жұмысы.

Сабақ №
Күні:
Сыныбы: 8-сынып.
Пәні: Химия.
Сабақтың тақырыбы: №1. Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік – Оқушыларды өзерінің саналарына жиған білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру және химиялық есептерді, тапсырмаларды шығару қабілеттері туралы білім қалыптастыру;
2. Дамытушылық – Оқушылардың есте сақтау, еске түсіру және өз беттерінше шешім қабылдау сияқты қасиеттерін дамыту;
3. Тәрбиелік – Оқушылардың ибалы, инабатты, иманды болуына және қандай жағдай болмасын, әрдайым сабырлы болуына жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі: оқушылардың өз беттерінше білімдерін  тексеру сабағы.
Сабақтың өтілу әдісі: Өз беттерінше іздену.
Сабақта қолданылған технология: Сырттай бақылау жасау.
Пәнаралық байланыс:   
Математикамен    Есептеуіш машиналарды қолдану (калькулятор)
Күтілетін нәтиже: Оқушылар І-тарау тақырыптары бойынша тапсырмалрды  және сан алуан химиялық есептерді шығара білу білігін игереді.
Сабақтың барысы:
І) Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып оқушыларын түгелдеу;
                                             ә) оқушыларды сабақ мәзіріне дайындау;
                                             б) сынып тазалығына назар аудару;
ІІ) Үй жұмысын тексеру кезеңі: Бақылау жұмысын жазғандықтан, оқушылардан жұмыс дәптерлерін жинап алып, үйге берілген жаттығуларды тексеремін (оқушылар бақылау жұмысын орындап отырған кезде).
ІІІ) Бақылау жұмысын беру кезеңі: Бақылау жұмысының тапсырмаларын тақтаға жазып, оның мазмұны туралы түсінік беремін. Бақылау жұмысы        2 нұсқалы болып жасалған, әр нұсқада 5 есептен бар.
ІV) Бақылау жұмысын орындау кезеңі:
І-нұсқа
1. Мына қосылыстардағы (1. NО, 2. N2О5, 3. Сu2О) азоттың және мыстың валенттілігін көрсетіңдер.
2. Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер:
а) Zn + НCl → ZnCl2 + H2↑
ә) Сu + О2 → СuО
б) Аl + О2 → Аl2О3
3. Мынадай реакция теңдеулеріндегі сұрау белгісінің орнына тиісті  заттың формуласын жазып, теңестіріңдер әрі реакция типтерін анықтаңдар:
а) С + ? → СН4
ә) НgО → ? + О2
б) ? + Н2 → Fе + Н2О
в) КОН + Н2SО4 → К2SО4 + ?  
4. 2 моль күкірт (ІV) оксидінің массасы нешеге тең?
5. Темір мен оттек әрекеттескенде  160 г Fe2O3 түзіледі. Реакцияға қатысқан оттек массасы мен зат мөлшері қанша?
ІІ-нұсқа
1. Мына қосылыстардағы (1. SО2, 2. SО3, 3. СuО) күкірттің және мыстың валенттілігін көрсетіңдер.
2. Төмендегі реакция теңдеулерін теңестіріңдер:
а) Р + О2 → Р2О5
ә) Fe + НСl → FeСl2 + Н2↑
б) Мg + НСl → МgСl2 + Н2↑
3.  Мынадай реакция теңдеулеріндегі сұрау белгісінің орнына тиісті  заттың формуласын жазып, теңестіріңдер әрі реакция типтерін анықтаңдар:
а) Мg + ? → МgО
ә) Fe(ОН)3 → Fe2O3 + ?
б) Zn + НСl → ? + Н2↑
в) ? + Н2SО4 → Na2SО4 + Н2О     
4. 2 моль азот (І) оксидінің массасы нешеге тең?
5. Темір мен оттек әрекеттескенде 72 г FeO түзіледі. Реакцияға қатысқан оттек массасы мен зат мөлшері қанша?
V) Үй тапсырмасын беру кезеңі: І-тарау бойынша қайталап келу.
VІ) Бағалау саясаты: Бақылау жұмысының нәтижесі бойынша бағалаймын.
1-тапсырма б/ша: 3 балл: 1 балл – 1-ші бойынша валенттілігін табу;
                                            1 балл – 2-ші бойынша валенттілігін табу;
                                            1 балл – 3-ші бойынша валенттілігін табу.  
2-тапсырма б/ша: 3 балл: 1 балл – а) реакциясын теңестіру;
                                            1 балл – ә) реакциясын теңестіру;
                                            1 балл – б) реакциясын теңестіру.
3-тапсырма б/ша: 12 балл (4*3б.): а) б/ша 1 балл – белгісізді табу;
                                                                       1 балл – теңестіру;
                                                                       1 балл – реакцияның типін анықтау.
4-т-ма б/ша: 4 балл: 1 балл – берілгенін жазу;
                                  1 балл – формуланы табу ж/е оны түрлендіру;
                                  1 балл – молярлық массаны табу;
                                  1 балл – дұрыс жауабын шығару.
5-т-ма б/ша: 8 балл: 1 балл – берілгенін жазу;
                                  2 балл – реакция теңдеуін жазу (1) ж\е оны теңестіру (1);
            2 балл – теңдеу б/ша берілгенін (1), молярлық масссын (1) дұрыс жазу;
            1 балл – белгісізді пропорция арқылы табу;
            1 балл – формуланы дұрыс пайдалану;
            1 балл – дұрыс жауабын шығару.     
Бақылау жұмысын бағалау рейтингі:
0-6 балл – 2 (қанағаттанарлықсыз); 7-15 балл – 3 (қанағат);
16-24 балл – 4 (жақсы); 25-30 балл – 5 (өте жақсы).


 

Категория: 8-сынып | Добавил: Bekamaster (12.10.2020)
83Просмотров: 83 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх