[ Добавить материал ]

Физика пәнінен 11-сыныпқа арналған электронды оқулық 2 (ҚАЗ), (KAZ)
17.04.2020, 20:09

Физика пәнінен 11-сыныпқа арналған электронды оқулық 2

    Бұл электрондық оқулық (ЭО) орта мектептің және физиканы тереңдетіп оқытатын арнайы мектептердің 11-сыныбының оқушыларына арналып, ақпараттық технологияның соңғы жетістіктерін кеңінен пайдалана отырып, өзіміздің төл тілімізде алғаш рет дайындалған.

   Оқулықты дайындаудағы алдымызға қойған негізгі мақсатымыз - бізді қоршаған дүние жөніндегі ең іргелі ғылымдардың бірі болып табылатын физика ғылымының негіздерін жас жеткіншектер орта мектеп бағдарламасының ауқымында терең түсініп, игеруге мүмкіндік жасау. Бұл мақсатқа жету жолында мынадай мәселелерді шешуге тура келді:

   Баяндалатын тақырып немесе құбылыс, иә заңның негізгі физикалық түйінін қамтитын, дәстүрлі оқулықтардың баяндау стилінен өзгеше, тек ЭО-ға тән қысқа мәтін даярлау;

   Баяндалатын тақырыптың ішкі мазмұнын айқын ашып көрсететін интерактивті суреттер мен анимациялық материалдар даярлау;

   Тақырыптың материалдарын қаншалықты сәтті игергенін оқушылардың өздерін тексеруге мүмкіндік беретін интерактивті тесттік бағдарламалар даярлау;

    Физика ғылымының қалыптасу жолынан, физик-ғалымдардың өмірінен мағлұматтар беретін тарихи материалдар, анықтама материалдар және қазақша-орысша физикалық сөздік даярлау. Осы аталған мәселелер бұл оқулықта белгілі деңгейде шешімін тапты.

    Оқулықтың мазмұны орта метептерге арналған типтік оқу бағдарламасымен толық сәйкес келеді. Бүкіл материалдар жеті модульге бөлінген. Ол модульдердің мазмұны физиканың "Электромагниттік индукция", "Электромагниттік тербелістер” "Электромагниттік толқындар, "Жарық толқындары" "Салыстырмалы теорияның элементтері", "Жарық кванттары" және "Атом және атом ядросы" деген тарауларына сәйкес келеді.

   Әрбір модуль қысқаша теориялық кіріспеден, суреттер мен анимациялық материалдардан, есеп шығару үлгілері мен өз бетінше шығаруға арналған есептерден және бақылау жұмысынан тұрады. Анимациялық материалдар сәйкес құбылыстың мәнін түсіндіретін қосымша мәтінмен толықтырылған. Бағдарлама шығарған есептердің дұрыстығын тексеруге, ал ол тіпті қиыншылық туғызған жағдайда жауабын қарап көруге мүмкіндік береді. Бақылау жұмысы тест түрінде алынады. Тесттің соңында жауап беруге жұмсаған уақытыңыз жөнінде, дұрыс жауабын тапқан және жауап беруде қиындық туғызған сұрақтар жөнінде толық есеп аласыз.

    Қандай модульдің материалдарын оқып үйреніп жатқаныңызға қарамастан, кез-келген қажетті анықтамалық материалдарды, тарихи мағұлматтарды қарап көруге және басқа модульдің есептері мен бақылау жұмысын орындауға, тіпті қажет болған жағдайда басқа модульге өтуге мүмкіндігіңіз бар.

    Оқулықтың тілі жатық, ал құрылымы оқып үйренуге ыңғайлы. Оның негізіне бүгінде көпшілікке кеңінен таныс интернет-технологияның элементтері алынған. Бұл оны мектеп бағдарламасымен қатар, компьютері бар кез-келген адамға физиканы өз бетімен оқып үйренуге, жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық кезінде де табыспен қолдануға мүмкіндік береді.

 

Файл форматы: .exe
Жылы: 2002
Дәрі: керек емес, (кілтсөз, пароль сұрамайды)

Категория: Физика | Bekamaster Bekamaster
91Просмотров: 91 | Загрузок: 28 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх