[ Добавить материал ]

8-сынып. Алгебра. Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 8-сынып мұғалімдеріне арналған
18.10.2023, 23:00
АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті әріптестер! Әдістемелік нұсқау негізгі орта білім деңгейінің 7–9-сыныптарына арналған «Алгебра» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалды. Ұсынылып отырған құралда 8-сынып алгебра курсының ерекшелігі көрсетілген, оны оқытуды жетілдіру жолдары берілген. Ол оқушыларды «Ке-лешек-2030» баспасынан шыққан «Алгебра. 8-сынып» (авторла-ры: Г. Н. Солтан, А. Е. Солтан, А. Ж. Жумадилова) оқулығы бой-ынша оқытуға арналған.
Оқулықтың логикасы мазмұнының жүйелілігі, оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес анықталады. Алгебра оқу бағдарламасында барлық оқушы меңгеруге тиіс тақырыптар тізімі бар. Әрбір сұрақ теориялық, практикалық қырынан ашы-лады. Оқу материалының мазмұны  интеграциялау ұстанымын негізге алғандықтан, онда пәнішілік, пәнаралық байланыс нәтижесінде біртұтас әрі жан-жақты білім беру көзделеді. Оқулық материалының тұтастығы оқу бағдарламасында көрсетілген бөлімдерден тұратын материалды жүйелі баяндау арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар мұғалім оқу материалын тоқсан бойынша құрып,  оқу жоспарын нақты шарттарға сәйкес өзгерте алады.
Әдістемелік нұсқау бірнеше бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде 8-сыныпқа арналған алгебра курсының ерекшеліктері, оқыту жолдары баяндалады. Екінші бөлімде оқу материалын жо-спарлау, оны оқыту оқулыққа арналған электронды қосымшаны (ЭҚ) пайдалануға қатысты әдістемелік нұсқаулар, оқулықтағы күрделі есептерді шешу жолдары берілген. Үшінші бөлімде оқу бағдарламасының бөлімдері бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар ұсынылады.
Сәттілік тілейміз!
Авторлар
Категория: Математика | Bekamaster Bekamaster
85Просмотров: 85 | Загрузок: 23 | <Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх