[ Добавить материал ]

11 сынып оқушыларын химия пәнінен ҰБТ-ға дайындау әдістемесі
15.12.2015, 22:26

11 сынып оқушыларын химия пәнінен

 ҰБТ-ға дайындау әдістемесі

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жұмысы бірнеше кезеңнен тұрады:

І кезең: Даярлық

ІІ кезең: Теориялық

ІІІ кезең: Жеке-практикалық

ІҮ кезең: Зерттеушілік

ДАЯРЛЫҚ кезеңі – бұл кезең алғашқы тоқсанда жүзеге асырылып, жаңа жинақ кітапшаларымен жұмыс жасауды көздейді. Оқушылар бұл кезеңде жаңа жинақ кітапшаларынан өз бетімен төмендегі тақырыптар бойынша сұрақтарды жинақтайды:

  • Бастапқы химиялық түсініктер;
  • Химиялық элементтердің периодтық жүйесі және Д.И.Менделеевтің периодтық заңы. Атом құрылысы;
  • Химиялық байланыс. Зат құрылысы;
  • Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары;
  • Электролиттік диссоциация;
  • Сутек, қышқылдар, тұздар;
  • Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі;
  • Ион алмасу реакциялары, гидролиз;
  • Тотығу, тотықсыздану процестері;
  • Су, ерітінділер, негіздер;
  • Халькогендер;
  • Галогендер;
  • Көміртек топшасы;
  • Металдар;
  • Электролиз.

Барлық сұрақтар бейорганикалық химияны қамтиды. Кейіннен оқушылар өздері осы тақырыптар бойынша тақырыптық тестер жинағын құрастырады.

Яғни, ҰБТға дайындық басталмай тұрып, оқушыларда тақырыптық тестілер жинақталған папкалары дайын болып, алғашқы сабақтар тақырыптық тестілермен жете жұмыстан басталады. Бұл кезеңнің соңында оқушыларға барлық тақырыптарды қамтитын аралас тестілер ұсынылады. Тест нәтижелері сынып жетекші мен оқушы ата-аналарына жеткізіліп отырылуы тиіс.

Екінші кезең – ТЕОРИЯЛЫҚ, бұл кезеңде оқушылар жеделдетілген түрде органикалық химия курсын меңгереді, себебі тестілердің 40-45% осы тақырыптарда болады.

І жартыжылдық соңында әр оқушыда оттекті органикалық қосылыстар тақырыбына дейін конспект дәптерлері болады. Сонымен қатар органикалық заттардың алынуы мен химиялық қасиеттерін көріністейтін қысқаша тірек схемалары боуға тиіс. Бұл кезеңнің соңында оқушылар органикалық химия курсын меңгергендігі жайлы бақылау тестін орындайды.

Екінші жартыжылдықтан бастап ҰБТ-ға дайындық ЖЕКЕ-ПРАКТИКАЛЫҚ түрлі болып келеді: әр оқушы арнайы дәптерлеріне сабақ сайын екі тестің толық шешуін, есептердің шығару жолдарымен орындап келіп отырады. Мұғалім бұл жұмыстарды тексере отырып, дұрыс емес жауаптарды анықтап, және де әр оқушы өз қатесін өзі түзетуге тырысуы қажет. Сонымен қатар, әр облыстық тестілеуден кейін проблемалық алаң анықталып, әр оқушымен қиындық туғызған сұрақтар жөнінде жеке жұмыстар атқарылады.

Төртінші кезең – ЗЕРТТЕУШІЛК. Оқушылар, сабақ үстінде анықтамалық әдебиеттерді пайдалана отырып, мұғалімнің көмегінсіз тест сұрақтарына уақытты үнемдей тырып жауаптар табуға тырысады. Бұл жұмыстың қажеттілігі жыл соңында органикалық және бейорганикалық курс бойынша барлық материал толық меңгеріліп болып, қайталау жұмыстарын өз бетімен орындау үшін туындайды. Себебі, оқушының анықтамалықтардан өз бетімен тапқан ақпараты жадыларында жақсырақ, әрі ұзақ мерзімге сақталып қалатыны құпия емес. Мұғалім мен оқушынының жоғарыда аталған бірлескен жұмысынан өзге, оқушыларда химиялық глоссарий терминдері, химиялық қосылыстардың техникалық атаулары, органикалық химиядағы атаулы реакциялар атты жеке папкалары болуға тиіс.

Кезекті папкада сандық есептерге арналған тақырыптық жоспар және ол жоспарда қамтылған тақырыптарға арналған тестілер жинағы болуға тиіс:

  • Химиялық формулалар арқылы есептеулер;
  • Ерітінділерге арналған есептеулер;
  • Химиялық теңдеулер арқылы есептерді шығару;
  • Заттардың формуласын табуға арналған есептеулер;
  • Кинетикалық заңдылықтарға арналған есептерді шығару;
  • Тәжірибелік есептер;          
  • Электролиз.

Мұғалім папкасында:

  • Үнемі қиындық туғызатын тапсырмалар жинағы;
  • Білім сапасы мен үлгерімін көріністейтін салыстырмалы монитоинг;
  • ҰБТға дайындық сабақтарына қатысуды тіркеу журналы болуға тиіс.

Сонымен қатар, химия кабинетінде жеке тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар, жауап парағын толтыру, психолог кеңестері, консультациялар кестесі, бағалау критерийлерін қамтитын түлектерге арналған ҰБТ бұрышы болуға тиіс.

Категория: Химия | Минайдарова Минайдарова
3136Просмотров: 3136 | Загрузок: 123 | <Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0

Добавить комментарий


Наверх